71
объектінің өмір циклының сатылары бойынша стратегиялық
маркетинг, ғылыми зерттеу – тәжірибелік конструкторлық жұмыстар
(ҒЗТКЖ), өндіріс, айналым, тұтыну; рыноктік құрылымы бойынша
– монополия, олигополия,
монополиялық бәсекелестік, таза
(жетілдірілген) бәсеке; факторлардың уақыт әрекеттері бойынша –
стратегиялық , техникалық, оперативтік.
Баға құрудың факторлар жіктемесі жолдауға және сараптауға
пайдалы. Баға құрудың стратегиялық мәселелері маркетингтік
зерттеулер жүргізілген кезде шешімді. Тауардың сапасы мен бағасына
байланысты бағаны белгілеу барысында тоғыз стратегияларды
пайдалану ұсынылады. Бұл стратегияның үлгісі төмендегідей.
2-кесте. Бағаны белгілеу стратегиясы (Р. А. Фатхудинов
бойынша)
Сапа
Баға
Жоғары
Орташа
Төмен
Жоғары
1.
Сыйлықтық
үстеме
стратегиясы
2. Терең ену
стратегиясы
3. Көтеріңкі
құндылық мәні
бар стратегия
Орта
4. Көтеріңкі
бағаның
стратегиясы
5.
Орта деңгей
стратегиясы
6. Сапасы
жақсы
стратегия
Төмен
7. Тонау
стратегиясы
8. Жасанды
жылтырауық
стратегиясы
9. Төменгі
құндылық
стратегиясы
Баға стратегиясына
тікелей қатысы бар мәселе, ол - ресурс
үнемдеу стратегиясын таңдау. Осыған байланысты тауардың
ресурсын (қор) қажет ететін көрсеткіштері бар. Олар: абсолюттік,
құрылымдық, салыстырмалық, үлестілік. Тауардың ресурсты қажет
ететін абсолюттік көрсеткіштеріне жататындар:
•
маркетингке шығын (бір тауарға).
•
ҒЗТКЖ шығындары (бір тауарға).
•
жаңа тауарларды өндіру үшін ұйымды-технологиялық
шығындар;
•
тауарды өндіру шығындары;
•
тауардың жұмыс істеуіне байланысты шығындар және т.б.
72
Құрылымдық көрсеткіштер:
•
тауардың өмірлік циклдарына
байланысты шығындардың
құрылымы:
•
шикізат пен материалдар;
•
қосалқы бөлшектер;
•
отын-энергетикалық ресурстар;
•
фирма персоналының жалақысы (бір тауарға шаққанда);
•
негізгі өндіріс қорларының амортизациясы (осы сатыда бір
тауарға есептегенде).
Достарыңызбен бөлісу: