Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет57/177
Дата07.02.2022
өлшемі4,22 Mb.
#86201
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   177
Ресурс сақтау 
стратегияларын таңдау 
Ресурс сақтау стратегиясы – ол қағидаттар, факторлар, әдістер, 
шаралар кешені. Ол ішкі ұлттық өнімнің бір бірлігі жиынтық 
ресурстарының шығынын төмендетуді қамтамасыз етеді. Елдің, 
экожүйенің, аймақтардың, адамдардың қауіпсіздігі қамтамасыз 
етілсе, онда мұны іске асыруға болады. 
Осы ұғымды элементтер және деңгейлер иеархиясы тұрғысынан 
қарастыруға болады.
Ел шеңберіндегі ресурс сақтаудың қағидалары:

тұтынылатын ресурстардың құрылымын жетілдіру. Ол үшін 
экспортқа шығаратын ресурстардың үлесін азайту, экологоиялық 
таза және ресурстардың тиімді түрлерінің үлесін өсіру;

қазып алынатын минералдардан пайдалы элементтерді алу 
коэффициенттерін өсіру;

ресурс сақтау технологияларының үлесін өсіру;

объектінің өмірлік барлық сатысында ресурстарды 
пайдалануды талдау;

ресурстарды пайдалануды жақсарту үшін талдау, болжау, 
оңтайландыру және ынталандыру әдістерін дамыту;

ресурс сақтау проблемаларын әзірлеуде менеджменттің 
ғылыми тәсілдерін пайдалану.
Фирмалар деңгейі үшін бұл келтірілген қағидалар нақтылы 
объектілерге, технологияларға, мүмкіндіктерге, стандарттарға 
бейімделуі керек.
Жалпы бағаны басқару стратегиясы туралы айтқанда есте мұқият 
ұстайтын проблема – бағаның қалыптасуы, оның деңгейін белгілеу, 
сапа саясатын бұлжытпай іске асыру, экономикалық-әлеуметтік 


73
дамудың ең күрделі және күнделікті өмірге байланысты. Сондықтан 
басқарудың бақылау функциясы бұл үдерісте өзекті мәселе.
Бағаның деңгейін қалай болса солай белгілеуге үзілді-кесілді 
тыйым салынуы үкіметтің әлеуметтік саясатының негізі болып 
табылады. Бағаның ауытқулығы әрдайым билік органдарының 
назарында болуы қажет. Бұлай болатын себеб – халықтың күнделікті 
тірлігі, жай – күйі нақтылы айтқанда баға мен табыс деңгейлеріне 
байланысты.
Бағаны стратегиялық басқару – бұл ұзақ мерзімді және күнделікті 
бақылауды қажет ететін құбылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет