Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет25/166
Дата07.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#87114
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   166
Байланысты:
жобаааааа
сын пікір, 4, 4, жобаааааа, пед анимация, пед анимация, пед анимация, 5a1e433d34a64465a18d07b4ddf86af1, ЕСалиева, герпес, 8 дарис
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


61 
ІІ. 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ЖОБАЛАУДЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ 
 
1. Педагогикалық жобалаудың мәні
Педагогикалық 
жобалаудың 
пайда 
болуы

Зерттеушілікке 
бағытталған 
жобалау 
әрекеттері 
педагогикалық белсенділіктің қайнар кӛзі ретінде мәдениет 
тарихында 
ұзақ 
жылдар 
бойы 
қалыптасып 
келді. 
Педагогикалық теорияның негізін қалаушы Я.А.Коменский 
мұғалім әрекетінде зерттеушілік бағыттар болуы оқытудың 
табысты болуына ықпал ететіні туралы былай дейді: 
адамдарды оқытқанда олардың кітаби білімді алуына емес, 
олардың ӛздеріне аспан мен жерді, түрлі ағаштарды бақылап, 
заттарды зерттеу мен тануға үйреткен жӛн, сонда олар 
біреулердің бақылағаны мен түсіндіргенін ғана есте сақтап 
отырмайды. 
Осы идея кейін кӛптеген белгілі философтар мен 
педагогтардың еңбектерінде одан әрі жалғастырылды. 
Мысалы, француз философы Ж.Ж.Руссо баламен қарым –
қатынаста оның шамасы жететін мәселелерді қойып, оны ӛз 
бетімен шеше білуге үйретудің маңызын айтады, ол туралы 
«бала үлкендердің айтуымен емес, ӛзі түсінуіне, білімді 
жаттап алу емес, ӛзі ойлап шығаруға» мүмкіндік жасалуын 
қолдайды. 
Оқушының зерттеушілік ойлау әрекеттері арқылы 
айналадағы құбылыстарды танып білуінің маңыздылығын 
швейцар ғалымы И.Г.Песталлоци да атап ӛткен. Оның 
айтуынша, адамның ақыл-ойы әрекет барысында дамиды, 
ӛйткені, тәжірибеде қателіктер мен олқылықтар оңай 
байқалады деп, оқытудағы кӛрнекілік пен тәжірибенің рӛлін 
негізгі талаптар ретінде қарастырған. 
Педагогикалық идеялар мен тәжірибенің даму 
барысында Сократтың әңгімелесу әдісі мен Ф.Динтердің 
дамытушы катехизация әдісіне, одан А.Дистервегтің 
эвристикалық әдісіне қарай жүретін бағдарлар да болғаны 
белгілі.
Ӛткен ғасырдың екінші жартысында жобалау әрекетін
 
әлеуметтік және білім саларында ғылыми-әдістемелік 
тұрғыдан қамтамасыз етуге ғылымның әртүрлі салалары


62 
ӛкілдері үлес қосты. Олардың ішінде Дж. Дьюи, К. Поппер, 
Г. Саймон, В. Х. Килпатрик және т.б. бар. Атап айтқанда, Д. 
Дьюи еңбектерінде педагогикада «жобалау» әдіс түсінігінде 
қолданылса, В. Килпатрик «жоба» түсінігін әрекет нәтижесі 
ретінде қарастырған.
В. Килпатриктің айтуынша, кез келген әрекет, егер ол 
белгілі бір мүддені кӛздей отырып бірлескен және жоғары 
деңгейдегі ӛз бетіндік жұмыс ретінде орындалған білім 
алушылар тобының әрекеті болса, онда ол жоба болып 
есептеледі. Килпатрик жобаның үш негізгі компоненттерін 
бӛліп кӛрсетті. Олар:

оқушылардың табиғаты мен қызығушылығына 
құрылған оқу материалдары; 

мақсатқа бағытталған әрекет; 

оқытуды-ӛмірді үздіксіз жаңғырту және одан 
жоғары сатыларға кӛтеру құралы ретінде 
қарастыру. 
Жобалау әрекеті оқушының нақты ситуацияларда 
жол таба білуіне бағытталған мақсатты іс–әрекеттерді
ұйымдастырудан кӛрініс табады. Осыдан шығатын оқыту 
мақсаты-оқушыларды 
проблеманы 
шешудің, 
ізденіс-
зерттеулердің әдіс-тәсілдерімен қаруландыру. В. Х. 
Килпатрик еңбектерінде жобаның тӛрт түрі кӛрсетілген: 
1)
ӛндірістік, немесе жасампаздық; 
2)
тұтынушылық; 
3)
интеллектуалдық 
немесе 
басқа 
да 
проблемаларды шешуге бағытталған; 
4)
жоба–жаттығулар.
Ӛткен 
ғасырдағы педагогикада гуманитарлық 
идеялардың дамуы жобалауды кәсіби әрекеттің ерекше түрі 
ретінде қабылдап, білім беруде жобалау мәдениетінің 
қалыптасып дамуына ықпал етті. Батыстық педагогикада (К. 
Роджерс, Э. Фромм) оқытудың жобалау мәдениеті 
тұрғысынан қарастырылуы білім алушының жобалау 
әрекеттеріне қатысуы арқылы тұлғалық ӛсуіне, жеке 
әлеуметтік 
тәжірибесінің 
дамуына, 
шығармашылық 
еркіндігін 
кӛтермелеуге 
бағытталған 
педагогикалық 
жағдайлар туғызылады деп қарастырылды. 


63 
Оқытудағы жобалау әдістерімен қатар, жобалаудың ӛзі 
педагогтар үшін жаңа міндеттер пайда болуына негіз болды. 
Мысалы, мектеп ӛмірінің демократиялануына байланысты 
жобалау оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен ӛнімді 
әрекеті түріне айналды, ӛзара тең дәрежедегі жаңа қарым–
қатынастар құруға мүмкіндіктер туғызды. С. И. Гессеннің 
айтуынша, педагогикалық ортада қоғамдық ӛмірдің сан 
алуан 
түрлеріндегі 
ӛзара 
әрекеттердің 
ӛркендеуіне, 
Килпатрик бойынша айтқанда, жобаға қатысушылардың 
белсенділіктері ағаш бұтақтарындай таралып ӛсуіне қатты 
ықпал етті. Сӛйтіп, жобалау әрекетін алдыңғы қатарлы 
педагогтар жобалау үрдісіне тартылған әлеуметтік-білімдік 
кеңістіктегі 
демократиялық қарым–қатынас құралы
ретінде 
пайдалана бастады.
Джон Дьюидің «Демократия және тәжірибе» атты 
еңбегінде оқытудың қоғамдық сипаты қарастырылуына 
байланысты, жобалау әрекеті қоршаған ортада, шынайы 
ӛмірде туған проблемаларды шешуге негізделген білім 
мазмұнын әлеуметтендіру амалы ретінде мақсатты түрде 
дамытыла бастады. Үнемі ӛзгеріп отыратын ӛмір шындығы 
әлеуметтік 
тәжірибені 
тұтас 
меңгеруге 
негізделген
дағдыларды талап ететін болды, ол мектептердің де ӛзгеруіне 
ықпал ете бастады. 
Посткеңестік елдерде, соның ішінде Ресейде және 
Қазақстанда жобалау әдістері негізінде оқыту шетел 
тәжірибесімен қатар жүрді деуге болады. Ӛткен ғасырдың 
басында-ақ С. Т. Шацкийдің жетекшілігімен оқыту 
барысында жобалаудың бірнеше түрлерін пайдалану 
жұмыстары ұйымдастырылды. Одан соң, В. А. Герд 
практикалық жұмыстағы жобалау әдістерін, А. П. Пинкевич 
жаратылыстану 
ғылымындағы 
сынақ-тәжірибелік 
жұмысында, Б. Е. Райков зерттеу жұмыстарында, К. П. 
Ягодовский зертханалық жұмыстарда жобалау әдістерін 
дамыта бастады. Оған осы кезде орыс тіліне аударылған 
Килпатрик еңбегінің ықпалы мол болды, соның негізінде оқу 
және әлеуметтік-педагогикалық жобалау педагогикалық 
әрекеттің ерекше түрі ретінде терең таратылды. 
1931 
жылы БКП (б) Орталық Комитетінің 
Қаулысымен жобалау әдістері үлкен сынға ұшырады, 


64 
ӛйткені, оқушыларға нақты пәндер аясында білім жүйесін 
игеруге мүмкіндік бермейді – деп кӛрсетілді. Соған орай, 
кеңестік елдерде жарты ғасырға жуық уақытта жеке әдіс 
ретінде қолданылмады. Шетелдер тәжірибесінде, атап 
айтқанда, 
АҚШ, 
Ұлыбритания, 
Бельгия, 
Израиль, 
Финляндия, Германия, т.б. кӛптеген елдер жобалау әдістері 
ең тиімді гуманитарлық әдіс ретінде кеңінен тарады. 
Жобалау әрекеттерінің одан әрі дамуы мәдени
құбылыстардың қалыптасу логикасы бойынша-жай 
репродукциядан-зерттеуге, 
зерттеуден-мақсатты 
қайта 
құруға әкелді. Дамытып және дамып отыратын жобалық 
түзілім: 
танымға қызығушылық-таным әдістері-білім 
құрылымы
негізінде ӛзіне тән ерекшеліктері бар ойлаудың 
жобалық амалы, жолдары қалыптасты. 
Кеңестік мектептерде жобалауды педагогикалық 
ойлау логикасы тұрғысынан А. С. Макаренко қолданды, ол 
нақты бір тәрбиеленушінің қабілеті мен қызығушылықтары 
негізінде тәрбиелеу мақсатындағы тұлғаның оқу-тәрбие 
әрекеттерін жобалау әрекеттерін қарастырды. 
1970 жылдары Н. В. Кузьмина еңбектерінде жобалау 
компоненті педагог әрекеттерінің құрылымына енгізілді, 
қазіргі кезде терминологиялық аппараттан педагогикалық 
жобалау, мұғалімнің жобалау әрекеті, педагогикалық 
жобалау ұғымдары орын алды. Олардағы жобалау 
объектілері ретінде педагогикалық әрекеттің әдістері мен 
түрлері алынады. 
Жобалауды одан әрі зерттеген В. В. Давыдов, 
Генисаретский, Н. Г. Алексеев, А. В. Петровский, И. В. 
Якиманская, И. А. Колесникова, В. И. Безруков, т.б. 
жобалауды білім беру жүйесін жаңартуға бағытталған 
әрекеттер негізінде қарастырады.
Осылайша, кәсіби-педагогикалық ой-пікірдің даму 
барысында жобалау идеясы педагогикалық практикадан 
педагогикалық теорияға қарай ауыса бастады.
Жобалау әрекетінің негізі болып табылатын «жоба»
түсінігінің ӛзі де ғылымда түрліше қарастырылғанын кӛруге 
болады. Философиялық тұрғыдан қарастырушылар (М. С. 
Каган) оны рухани қайта жаңғыру әрекеттері нәтижесі десе, 
әрекеттік тұрғыдан қарастыру (И. А. Колесникова) жоба–


65 
жобалаудың мақсаты мен нәтижесі деп түсіндіреді. 
Жалпылай келгенде, жоба – белгілі бір уақыт ішінде 
жүргізілетін, нәтиженің сапасына нақты талап қойылған, 
ұйымдастыруға қажетті құралдары мен қолжетімдік 
ресурстары айқындалған белгілі бір жүйені мақсатты түрде 
ӛзгерту – деген (В. Н. Бурков, Д. А. Новиков) пікірге сай дей 
аламыз, ӛйткені, бұл жобаның мақсаты мен нәтижесін 
кӛрсетеді. 
Жобаны құрастыру материалдары ретінде теориялар, 
модельдер, 
түсініктер, 
таңбалар 
мен 
формулалар, 
алгоритмдер мен парадигмаларды айта аламыз. Жобалаудың 
түрлі салалардағы инструменталдық жүйесі 
ретінде әрекет 
теориясы
алынады.
Жобалау әрекетінің педагогикалық мәнін
ашу үшін 
жобалауға негіз болатын танымның және қалыптасқан 
ортаны жаңартудың ерекше тәсілі туралы идеяларды 
қарастыруымыз қажет болады, олардың бастылары: 
алдын–алу идеясы
– алдағы әрекеттерді жобалауға 
бағытталған жобаға тән перспективалар;
 
 әлеуеттердің 
айырмашылық 
идеясы
– 
жоба 
нысанының қалыптасқан жағдайы мен алдағы уақытта болуы 
тиіс сипаттарының айырмашылығы;
 
бір 
қадамнан

келесі 
қадамға
–болашақтағы 
қажеттіктердің бірте–бірте, ӛз кезеңімен жақындай беруі (Н. 
А. Бернштейн);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет