Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


– кесте Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ететін жүйедегі ауыз су сапасының микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері



бет73/304
Дата22.04.2022
өлшемі9,78 Mb.
#140282
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   304
Байланысты:
Uchebnik Gigiena-kaz yaz
Әдемі әріптер, 26 «Перифериялық ж-WPS Office, 49 Балалардың мект-WPS Office, үш вектордың аралас көбейтіндісі және оның қасиеттері туралы жаз, 42 Витаминдер – ті-WPS Office, 46 Сүт — барлық жа-WPS Office, Тест , 11 Вектор ұғымы Документ(2)-WPS Office
4.3 – кесте
Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ететін жүйедегі ауыз су сапасының микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері (28.06.2004 ж. ҚР ДМ санитарлық-эпидемиологиялық нормалары мен ережелерінен)



Көрсеткіштері

Өлшем бірліктері

Норматив-тері

Жалпы микроб саны

1 мл-дегі колония түзетін бактериялар саны

50-ден артық емес

Жалпы колиформды бактериялар

100 мл- дегі бактериялар саны



Жоқ

Термотолерантты колиформды бактериялар

100 мл-дегі бактериялар саны



Жоқ

Колифагтар

100 мл-дегі түймешек түзетін (бляшкообразующие) бірліктерінің саны(ТТБ)

Жоқ

Сульфитредуцирлеуші клостридийлердің споралары

20 мл-дегі споралар саны

Жоқ

Лямблиялардың цисталары

50 л-дегі цисталар саны

Жоқ

Термотолерантты (ыстыққа төзімді) колиформды бактерияларды, 100 мл суға үш рет зерттеу жүргізіп, анықтайды. Анықталған нәтижесі теріс болуы керек. Колифагтар мен лямблия цисталарын анықтау тек жер бетілік су көздерінен сумен жабдықтау жүйелерінде, суды тарататын жүйеге беру алдында, ал сульфитредуцирлеуші клостридийлердің спораларын - суды өңдеу технологиясының тиімділігін бағалау кезінде жүргізіледі. Бұларды анықтау нәтижелері де теріс болуы тиіс.


Ауыз судың химиялық құрамы бойынша зиянсыздығы, оның құрамындағы химиялық заттардың мөлшері - табиғи суларда ең жиі кездесетін зиянды химиялық заттардың, сондай-ақ, антропогенді текті зиянды заттардың нормативтеріне сәйкес келуімен анықталады. Химиялық кұрамы бойынша ауыз судың сапасын бағалайтын көрсеткіштерге жалпылама көрсеткіштер, табиғи суларда ең жиі кездесетін және жаһандық таралу алған антропогенді зиянды органикалық және бейорганикалық химиялық заттар, суды өңдеу үрдісінде суға қосылатын және соның нәтижесінде суда түзілетін зиянды химиялық заттар, адамның іс-әрекет нәтижесінде сумен қамтамасыз ететін су көздеріне түсетін зиянды химиялық заттар жатады (4.4., 4.5., 4.6., 4.7. – кестелер).
Ауыз су құрамында 1- және 2- қауіптілік класына жататын және зияндылықтың санитарлық-токсикологиялық белгісі (с.-т.) бойынша нормаланған бірнеше химиялық заттар анықталған кезде, суда анықталған әрбір заттың концентрациясының әр қайсысына тиісті ШРЕК-не қатынасының қосындысы 1-ден аспауы тиіс (суат суларының сапасына қойылатын талаптар сияқты). Есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:
С1факт/ С 1рұқсат + С2факт. / С 2рұқсат... + Сn факт / С n рұқсат ≤ 1
мұндағы - С1, С 2, Сn – 1- және 2- қауіптілік класына жататын жеке химиялық заттардың концентрациялары: факт. – фактіге негізделген; рұқсат– рұқсат етілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   304




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет