Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


-кесте Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері



бет89/304
Дата22.04.2022
өлшемі9,78 Mb.
#140282
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   304
Байланысты:
Uchebnik Gigiena-kaz yaz

5.3.-кесте


Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері





Қауіптілік дәрежесі



Ластану дәрежесі

Эпидемиялық қауіпсіздік көрсеткіштері

Экзогенді химиялық заттармен ластану көрсеткіші- ШРЕК мөлшері-нен есе артық

Радиоак-тивті заттармен ластану көрсеткіші

Топырақтың өзді-гінен тазару
көрсет-кіші – термо-филдер титрі

Санитарлық-
микробиологиялық

Санитар-лық-гель-минтоло-гиялық

Санитар-лық-энто-мология-
лық

Санитар-лық-
химиялық

Коли-
титр

Анаэробтар титрі

1 кг топы-рақтағы гельминт жұмыртқа-ларының саны

25м2 шыбын личинкаларының және қуыршақтарыңың саны

Хлебников-тың санитар-лық саны

Қауіпсіз

Таза

≥1,0

≥0,1



0

0

0,98-1,0

≤1

Табиғи деңгей

0,01-0,001

Салыстырмалы қауіпсіз

Аз
ластанған

1,0-0,01

0,1-0,001

10-ға дейін

1-10

0,85-0,98

1-10

Табиғи деңгейінен 1,5 есе артық

0,01-0,00002

Қауіпті

Ластанған

0,01-0,001

0,001-0,0001

11-100

10-100

0,7-0,85

10-100

Табиғи деңгейінен
2 есе артық

0,00002-
0,00001

Өте қауіпті

Қатты ластанған

≤0,001

≤0,0001

≥100

≥100

≤0,7

≥100

Табиғи деңгейінен
3 есе артық

≤0,00001



5.4.-кесте
Елді мекендер топырақтарының эпидемиялық қауіпсіздік көрсеткіштері



Көрсеткіш

Аймақтардың топырағы

қауіп-қатері жоғары*

су көздерінің санитарлық күзет

санитарлық-қорғаныш

таза

ластанған

таза

ластанған

таза

ластанған

Ішек таяқшасы, кл/г

1-9

10 және жоғ.

1-9

10 және жоғ.

1-99

100 және жоғ.

Энтеробактериялар, кл/г

1-9

10 және жоғ.

1-9

10 және жоғ.

1-99

100 және жоғ.

Патогенді энтеро- бактериялар, кл/г

-

+

-

+

1-9

10 және жоғ.

Энтеровирустар, кл/г

-

+

-

+

-

+

Гельминт жұмыртқалары**, дана/кг

-

+

-

+

5-ке дейін

5-тен жоғ.

Патогенді қарапайымдылардың ішек цисталары***, дана/100г.

-

+

-

+

5-ке дейін

5-тен жоғ.

20х20см ауданындағы шыбын личинкалары

-

10-ға дейін

-

10-ға дейін

-

10-ға дейін

20х20см ауданындағы шыбын қуыршақтары

-

жоқ

-

жоқ

-

Жоқ

*- мектепке дейінгі балалар мекемелері және мектептің, саябақтардың, скверлердің, үй жануарларын қыдыртатын, бақшалардың аумақтары;


**- аскаридалар, қылбастар, токсокарлар, онкосфералар, тениидтер;
***- лямблиялар, амебалар, балантидиялар, криптоспоридиялар.

әсерді болдырмайтын, олардың ең жоғары концентрациясы. Жоғарыда көрсетілгендей, топырақтағы химиялық заттар суға, атмосфералық ауаға өсімдіктерге миграцияланып, топырақтың өздігінен тазару қабілетіне әсер етуі мүмкін.


Осыған байланысты, топырақтағы заттарды гигиеналық нормалау кезінде оның ең аз әсер ететін (табалдырықтық) және ең жоғары әсер етпейтін (табалдырықтықтан төмен) концентрацияларын зияндылықтың транслокациялық (фитоаккумуляциялық), суға–миграциялануы, ауаға-миграциялануы, органолептикалық, жалпы санитарлық және токсикологиялық сияқты негізгі көрсеткіштері бойынша анықтайды (Е.И. Гончарук, т.б. 1999). Зияндылықтың транслокациялық көрсеткіші заттың топырақтан өсімдікке ауысып, оларда жинақталу қабілетін сипаттайды. Зиындылықтың суға–миграциялануы көрсеткіші - заттардың жер беті және жер асты суларына өту қабілетін көрсетеді; ауаға-миграциялануы – топырақтан атмосфералық ауаға булану, су буларымен және басқа заттармен бірге булану арқылы жүреді. Зияндылықтың жалпы санитарлық көрсеткіші химиялық заттардың топырақтың өздігінен тазару қабілеті мен оның биологиялық белсенділігіне тигізетін әсерін сипаттайды; органолептикалық – эксперименттің экстремальды жағдайларында, тағамдық азықтардың көректік құндылығы, атмосфералық ауаның иісі, тағамдық өнімдер мен судың иісі, дәмі және түсі өзгеруінің дәрежесін сипаттайды. Токсикологиялық көрсеткіш бойынша, адам ағзасына миграцияның белгілі бір жолы арқылы немесе тікелей контакт арқылы, сол сияқты топырақ шаңымен бірге немесе барлық жолдар арқылы түскен заттардың бірлескен әсерінің улылық деңгейі анықталады. Зияндылық көрсеткіштерінің ішіндегі заттың әсер етпейтін концентрациясы ең төмен болған көрсеткіш, зияндылықтың лимиттеуші көрсеткіші болып табылады (II тарау), ал осы көрсеткіш бойынша әсер етпейтін ең жоғары концентрациясы ШРЕК ретінде бекітіледі.
5.3.-кестеде көрсетілгендей, химиялық тұрғыдан қауіпсіз топырақтарға ЭХЗ мөлшері ШРЕК аспайтын топырақтар жатады, салыстырмалы қауіпсіз топырақтарға – ЭХЗ мөлшері ШРЕК деңгейінен 10 есеге дейін жоғары топырақтар жатады. ЭХЗ мөлшері ШРЕК деңгейінен 100 есе және одан да жоғары болатын топырақтар аса қауіпті болып табылады. Топырақтағы мөлшері міндетті түрде анықталуы тиіс химиялық заттар 5.5.-кестеде көрсетілген.


5.5- кесте
Топырақтағы бақылауға жататын ингредиенттер
(Ц.И. Бобовникова, С.Г. Малахов, Э.П. Махонько бойынша)



Бақылау кезегі

Өнеркәсіп кәсіпорындары

Ауыл шаруашылығы

Көлік

1-кезең

Бенз(а)пирен, сынап, қорғасын, кадмий, никель, кобальт, молибден, ванадий, мыс, мышьяк, мырыш, хром, сурьма, селен, фтор (жалпы саны)

Хлорорганикалық пестицид-тер: ДДТ және оның метабо-литтері, ГХЦГ, гексахлорбен-зол, полихлорпирен, поли-хлоркамфен, полихлорби-фенилдер




2-кезең

Күкірттің қосылыстары, өңделмеген топырақтың қышқылдығы, топырақтағы металдардың түрлері, мұнай өнімдері, топырақ микрофло-расының жағдайы

Фосфорорганикалық пести-цидтер: фозалон, метафос, карбофос, хлорофос, фосфа-мид.Гербицидтер:2,4Д,атразин симазин, пропазин. Топырақ микрофлорасының жағдайы

Автомагист-ральдар маңындағы қорғасын, бенз(а)пирен

3-кезең

Қатты қалдықтармен ластанған топырақтың элементтік құрамы, металдардың органикалық уыт-ты қосылыстары. Топырақтың физикалық-химиялық құрамы-ның өзгерістерін бақылау

Тыңайтқыштарды қолдану нәтижесінде топыраққа түсетін уытты заттар




Топырақтың белсенді ластану деңгейін табиғи радициялық фонның көрсеткіштерінен асу дәрежесі бойынша бағалайды. Радиациялық фоны табиғи көрсеткішінен аспайтын топырақ таза, қауіпсіз болып есептеледі. Салыстырмалы қауіпсіз топырақтың ластану деңгейі табиғи фоннан 1,5 еседен аспайды, ал аса қауіптісі – 3 есе және одан жоғары болады.
Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштерінің бірі термофилдердің титрі – органикалық ластаушылардың ыдырау және өзгеру үрдістеріне белсенді қатысатын микроорганизмдер болып табылады.
Термофилдердің ең жоғары белсенділігі, олардың тіршілік үрдістері кезінде қалыптасатын, жоғары - 50-60ºС температура кезінде байқалады. Бұл жағдайларда органикалық заттардың ыдырауы мен патогенді микрофлораның жойылуы жылдамдайды. Термофилдерді өсіруге топырақтың ең аз мөлшері – титр неғұрлым төмен болса, топырақ соғұрлым қауіпті болып саналады.
Термофилдер-титрі – термофильдерді өсіріп шығаруға болатын, топырақтың ең аз мөлшері - неғұрлым төмен болса, топырақ соғұрлым қауіпті болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   304




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет