Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және оның халықтың денсаулығын сақтау мен нығайтудағы рөлі



бет21/304
Дата22.04.2022
өлшемі9,78 Mb.
#140282
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   304
Байланысты:
Uchebnik Gigiena-kaz yaz

3. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және оның халықтың денсаулығын сақтау мен нығайтудағы рөлі.
Гигиена санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды ғылыми тұрғыдан негіздеумен айналысады. Гигиеналық іс-әрекеттердің практикалық жағы - санитария деп аталады (латын сөзінен «sanitas» -«денсаулық»). Жалпы алғанда, санитария – бұл, гигиеналық нормативтердің, талаптардың, ережелердің сақталуын бақылайтын жүйе, оны санитарлық –эпидемиологиялық қызмет іске асырады. Қазақстан Республикасындағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің органдары мен мекемелер жүйесіне кіретіндері: ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Комитетінің қарамағына кіретін Қазақ Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы, қалалық департаменттер мен басқармалар, аудандық сан-эпид бақылау басқармасы. Әрбір басқарма өздеріне тиісті сан-эпид сараптау Орталықтарымен қатар жұмыс істейді.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің негізгі міндеті санитарлық заңнамалардың сақталуын және

    • қоршаған табиғи ортаның – атмосфералық ауаның, су көздерінің және топырақтың ластануының алдын алуға және оны жоюға;

    • елді мекендердің, өнеркәсіп кәсіпорындарының, тұрғын үйлердің, мәдени-тұрмыстық және емдеу-алдын алу мекемелерінің құрылысын салу және абаттандыру кезінде санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз етуге;

    • жалпы және кәсіби аурушаңдықтың алдын алу және оны азайту мақсатында халық шаруашылығының әр түрлі салаларында жұмыс істейтіндердің жұмыс жағдайын сауықтыруға;

    • балалар мен жасөспірімдердің дамуы, оларды оқыту және тәрбиелеу үшін қолайлы жағдай жасауға;

    • халықтың тұрмысын санитарлық қорғауға және халықты санитарлық ағартуға;

    • халықтың әр түрлі топтары үшін ұтымды тамақтануды ұйымдастыруға, тамақтану жағдайын сауықтыруға, алиментарлық аурулардың, оның ішінде, тамақтан уланулардың да алдын алуға;

    • санитарлық-эпидемиологиялық аман-саулықты, яғни жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алу мен жоюды, карантиндік инфекциялардың елге кіруінің алдын алуды қамтамасыз етуге;

    • мемлекеттің шекараларын санитарлық қорғауға бағытталған санитарлық-гигиеналық және санитарлық-эпидемияға қарсы шаралардың жүргізілуі мемлекеттік санитарлық қадағалау болып табылады.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының жұмысы мемлекеттік сипатта болады. Елдің аумағында іске асырылатын шаралардың бәрі де, тек санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары міндетті түрде гигиеналық тұрғыдан бағалағаннан кейін ғана жүргізіледі. Санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер тек гигиеналық нормалар мен ережелердің сақталуына ғана бақылау жүргізіп қоймайды, сонымен қатар аймақтың санитарлық жағдайын және қызмет көрсететін халықтың денсаулығын зерттеп, тиісті шаралар дайындайды, оларды жүргізеді, сондай-ақ олардың тиімділігін бағалайды.
Санитарлық бақылауды алдын алу (сақтық) мақсатындағы және ағымдағы (күнделікті) бақылау деп екі түрге бөледі. Алдын алу мақсатындағы санитарлық бақылау, жоғарыда айтылғандай, нысандарды пайдаланудың алдындағы немесе өнімді тұтынушылар қолдануының алдындағы кезеңдерінде іске асырылады. Ағымдағы санитарлық бақылау пайдаланып отырған нысандарға жүргізіледі және олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктеріне сәйкес кезеңмен жүргізіледі. Ағымдағы санитарлық бақылауды жүргізуге емдеу-алдын алу мекемелерінің дәрігерлері мен ортаңғы медицина қызметкерлері кеңінен қатыстырылады. Мысалы, дәрігерлер халықтың жеке топтарына диспансерлік бақылау жүргізеді, аурудың себептерін анықтау және олардың дамуының алдын алатын шаралар қолдану мақсатында, денсаулық жағдайына тереңдетілген медициналық зерттеулер жүргізеді.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет іске асыратын барлық шаралар, адамның денсаулық жағдайы бұзылуының алдын алуға бағытталған. Мазмұны мен міндеттері бойынша, аурулардың алдын алуды біріншілік, екіншілік, үшіншілік деп бөледі. Біріншілік алдын алу - аурудың себебі немесе қауіп-қатер факторы болып саналатын факторларды жоюға немесе қауіпсіз деңгейге дейін төмендетуге бағытталған. Бұл қоршаған ортаны сауықтыруды, халықтың салауатты өмір салтын ұтымды жұмыс режимі мен демалу режимін ұйымдастыру жөнінде шаралар жүргізуді және т.б. қарастырады. Екіншілік алдын алу - сырт көрінісі бойынша, дені сау адамдарда патологияның алдындағы жағдайды ерте анықтаудан және бұл жағдайлардың ауруға өтуінің алдын алу жөнінде шаралар жүргізуден тұрады. Мұндай шараларға жататындар, мысалы, жеке басты қорғайтын заттарды қолдану, жұмыс істеушілер мен халыққа қауіпсіз жұмыс тәсілдерін үйрету, антидоттық тамақтану және басқалар. Үшіншілік алдын алу (қалпына келтіру)- ауырған адамдарға жүргізіледі. Оның мақсаты - ауруды ерте анықтау және емдеу, аурудың әрі қарай үдеуінің және оның салдарының – асқынуының, қайталануының, созылмалы түріне өтуінің және басқалардың алдын алу. Ең тиімдісі, дені сау адамда ауру пайда болуының алдын алатын біріншілік аурудың алдын алу, ал ең тиімділігі азы – үшіншілік алдын алу, себебі, ол ауру дамыған кезде жүргізіледі. Сонымен, қоршаған ортаны және өмір сүру салтын сауықтыру, ауршаңдық пен өлім-жітімді 20-50% төмендететіні белгілі, ал емдеу үрдісі болса – тек 10 % азайтады.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өзінің күнделікті жұмысында, адамдардың тіршілігінің барлық тұстарын қамтитын мемлекеттің заңдарының, үкімдерінің, жарлықтарының, нормативтік және нұсқаулық құжаттардың және басқалардың жинағы түріндегі санитарлық заңнамаларға сүйенеді. Атап айтқанда, санитарлық заңнамаларға кіретіндер:

    • «ҚР азаматтардың денсаулығын қорғау туралы», «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық аман-саулығы туралы», «ҚР Экологиялық кодексі» және басқа да ҚР заңдары;

    • ҚР Президентінің Жарлықтары және ҚР үкіметінің Қаулылары;

    • Гигиеналық нормативтер: ШРЕК. ШРЕД, ӘШАҚД, ДШ (доза шектері – иондағыш сәулеленулер үшін) және басқалар;

    • Әр түрлі нысандарды орналастыруға, жоспарлауға, салуға, керек-жарақпен жабдықтауға және пайдалануға қойылатын гигиеналық талаптар жазылған санитарлық ережелер мен нормалар (СанЕменН), құрылыс нормалары мен ережелері (ҚНменЕ) әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар, ереже жиынтықтары, нұсқаулар;

    • Тағамдық азықтардың, су құбырлары суларының және басқалардың сапасына арналған мемлекеттік стандарттар (ГОСТ-тар), салалық стандарттар (ССТ-тар), шикізаттарға, өнімдерге, жабдықтарға арналған техникалық шарттар.

Заңнамалық құжаттарға кіретін құжаттарды гигиеналық ғылыми зерттеу мекемелері немесе гигиена мамандарының қатысуымен, басқа ведомстволар дайындайды және бұл құжаттардың барлық кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар үшін заңдық күші бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   304




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет