Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет29/304
Дата22.04.2022
өлшемі9,78 Mb.
#140282
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   304
Байланысты:
Uchebnik Gigiena-kaz yaz

3. Нормалау қағидалары.
Орта факторларын нормалау теориясы, нормалау саласында жаңа білімдерді алған сайын, үнемі жетiлдiрiлiп және толықтырылып отырады. Дегенмен нормалау келесi қағидалар негiзiнде жүргiзiледi:
1. Медициналық көрсетуi жағынан бірінші орында болу қағидасы. Бұл қағиданың негiзiнде, адамның денсаулығы мен оның өмiрiндегi санитарлық жағдайына, фактор әсерiнiң бiрiншi дәрежелiк маңыздылығы туралы жағдайлар жатыр. Бұл кез келген фактор үшiн гигиеналық норматив орнатудың негiзгi қағидасы және ешқандай мүлтiксiз орындалуы қажет. Бұл қағида бойынша:
1. Іс жүзiндегi концентрацияны төмендету жөнiнде тиiмдi шаралардың жоқтығы және қоршаған ортаға түсетiн су немесе ауаға ұшатын шаңдарды, газдарды тазартатын әдiстiң жоқтығы жөнiндегi ешқандай себептер бекітілетін норматив деңгейiне әсерiн тигiзбеуi қажет.
2. Гигиеналық регламент орнатқанға дейiн заттар өндiрiске енгзiлмейдi, осыған байланысты ғылыми зерттеулер алдымен жургізiлуі қажет.
3. Бекітілген норматив, қазiргi ғылымның ең соңғы жетiстiктерiн ескерген кезде, адам үшiн абсолюттiк қауiпсiздік кепiлдiгiн беруi қажет.
2. Ағзаның биологиялық жауаптарын дифференциялау қағидасы. Ағзаның химиялық заттардың әсерiне реакциясы үш көрсеткiштерге байланысты:

  • заттың биологиялық белсенділігіне;

  • заттың дозасына:

  • ағзаның қарсылық күшiне

Неғурлым заттың биологиялық белсенділігі және оның концентрациясы (дозасы) жоғары болса, сондай-ақ, ағзаның қарсылық күшi төмен болса, солғұрлым ағзаның биологиялық жауабы күштiрек болады. Ағзаның биологиялық жауабын келесi түрлерге бөледi: өлiм-жітім, аурушандық, аурудың физиологиялық белгiлерi, ағзадағы табиғаты белгісіз өзгерістер, заттардың ағзада жиналуы.
Бұл кезде келесі заңдылықтарды айырып көрсетуге болады:

  1. Биологиялық жауаптың ең үлкен күшiне (өлiм -жітім) ең аз жауап жиiлiгi сәйкес келедi, яғни ағзаның жауабы қолайсыз әсерге ұшыраған халыктың ең аз бөлiгiн қамтиды.

  2. Биологиялық жауаптың ең аз күшiне (заттың ағзада жиналуы) жауаптың ең үлкен жиiлiгi сәйкес келедi, яғни жауап реакциясы қолайсыз әсерге ұшыраған халықтың бәрін де қамтиды.

  3. Ағзаның қарсылық күші ауыспалы мөлшер болып табылады, себебi ол қолайсыз фактор әсер еткен кездегi генетикалық кодқа және функционалдық, жағдайына байланысты. Бiрдей жағдайларда бiр адамның ауырып калуы мүмкiн, екiншiсi ауырмайды. Ең сезiмтал контингенттерге балалар мен қарт адамдар жатады.

Осы айтылғаннан гигиеналық нормалаудың маңызды екi шарты шығады:

  1. Нормативтер биологиялық жауаптың бiрiншi төрт деңгейiн (өлiм-жітімді, аурушандықты, аурудың физиологиялық белгiлерiн, ағзадағы, табигаты белгiсiз, өзгерiстердi) болдырмауы қажет. Биологиялық. жауаптың бесiншi деңгейiн болдырмауға (заттың ағзада жиналуын) бүгiнгi күнi мүмкiншiлiк жоқ.

  2. Нормативтер халықтың ең сезiмтал топтарын ескеруi қажет.

3. Қоршаған ортаның нысандарын бөлу қағидасы. Химиялық заттардың бiр түрiнің ортаның әр түрлi нысандарында (жұмыс зонасының ауасында, атмосферада. суда, топырақта, азықтарда) адам денсаулығына тигiзетiн қауiптiлiгi бiрдей емес. Оған келесi 3 себептер ықпал етедi:

  1. Әр түрлi ортада заттың физикалық-химиялық қасиеттерiнiң өзгеруiне байланысты биологиялық белсенділігінің бiрдей еместігі. Мысалы, қорғасын атмосферада 1- қауiптiлiк класына, суда – 2- класына жатады т.т.;

  2. Адаммен байланыста болу дәрежесi әр түрлi. Зат ауада. суда, тағамда болуы кезiнде адамға тiкелей, ал топырақта болған кезде, көбiнде, ортаның басқа нысандары арқылы әсер етедi.

  3. Әсер ету уакытының әр түрлілігі. Атмосферадағы заттар адам ағзасына үнемі әсер етедi, ал жұмыс зонасының ауасындағы - жұмыс ауысымы бойында ғана әсер етедi.

Сондықтан, бiр заттың гигиеналық нормативтерi қоршаған ортаның әрбiр нысаны үшiн: атмосфералық ауада, суда, топырақта. жұмыс зонасының ауасында, тағамдық азықтарда – жеке-жеке орнатылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   304




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет