5. Жеделдетiлген нормалау . Әдеттегi гигиеналық нормативтердi орнату әдiстерi ұзақ, қыйын, көп материалдың шығынды қажет етедi. Оның үстiне санитарлық регламент бекітуді қажет ететiн химиялық заттардың саны қазiргi кездегi бар зертханалардың мүмкiншiлiктерiнен әлде-кайда көп. Көрсетiлген проблеманы шешудiн бiр жолы - жылдамдатылған нормалау әдiсiн дайындау. Бұл үшiн екi талап сақталуы қажет . 1. Зерттеу бағдарламасын ғылыми негiзде қысқарту.
2. Нормалау мөлшерiн анықтау сенiмдiлiгiн сақтау. Негiзiнен мұндай экспресс-әдiстер есептеу әдiсi болып табылады және есептеудi келесi көрсеткiштер бойынша жүргiзедi:
токсикометрия параметрлерi (LD50, LС50) бойынша;
басқа ортадағы нормативтер(ПДК) бойынша;
заттың физикалық-химиялық қасиеттерi бойынша, (молекулярлық массасы, қайнау температурасы т. б.);
Экспресс-экспериментке негiзделген және басқа орта объектiлеiрi үшiн бекітілген ШРЕК негiзiнде есептеу ең сенiмдi болып табылады. Басқа елдердiң ШРЕК - терiн пайдалануға, тек нормативтердi негiздеу әдiстерi мен қағидалары біздің елдегіге толық сәйкес келгенде ғана рұқсат етiледi.