Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


-кесте РҚН-99 сәйкес иондағыш сәулеулену көздерін қалыпты пайдалану жағдайларындағы қызметкер мен халыққа арналған дозалардың негізгі шектері



бет293/304
Дата22.04.2022
өлшемі9,78 Mb.
#140282
түріОқулық
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   304
Байланысты:
Uchebnik Gigiena-kaz yaz

12.6 -кесте
РҚН-99 сәйкес иондағыш сәулеулену көздерін қалыпты пайдалану жағдайларындағы қызметкер мен халыққа арналған дозалардың негізгі шектері



Нормаланатын мөлшерлер*

Дозалар шегі

Қызметкер (А тобы)**

Халық

Эффективті доза

Iзбелес жатқан 5 жылдың кез-келген жылында орта есеппен 20 мЗв, бірақ 1 жылда 50 мЗв артық емес

Iзбелес жатқан 5 жылдың кез-келген жылында орта есеппен 1 мЗв, бірақ 1 жылда 5 мЗв артық емес.

Бір жылдағы эквивалентті доза
көз бұршағында,
теріде
қол ұшында, аяқ ұшында

150 мЗв
500 мЗв
500 мЗв

15 мЗв
50 мЗв
50 мЗв



Ескерту:
* Барлық нормаланатын мөлшерлер бойынша көрсетілген шектеулерге дейін бір мезгілде сәулеленуге ұшырауына рұқсат етіледі.
** Б-тобындағы персоналға арналған дозалардың негізгі шектері, сәулеленуге ұшыраудың басқа да рұқсат етілген деңгейлері сияқты, А-тобындағы қызметкергеа арналған мәнінің 1/4 тең. Әрі қарай мәтіндегі қызметкер санатына арналған барлық нормативтік мәндер тек А тобындағы қызметкер үшін келтірілген.

2. «Уақыт арқылы қорғау» сәулелену көздерімен жұмыс істеу уақытының қысқаруына, яғни «мөлшері арқылы қорғаудағы» заңдылықтармен бір заңдылықтарға негізделген. Сәулелену көзімен жұмыс істейтін уақытты қысқарту арқылы қызметкердің сәулеленуге ұшыраудан алдын алатын дозасын едәуір азайтуға болады. Қорғанудың бұл қағидасы, әсіресе, белсенділігі салыстырмалы түрде аз көздермен жұмыс істеу кезінде, қызметкер онымен тікелей манипуляция жүргізуі кезінде, жиі қолданылады. Мысалы, қызметкер цилиндр және моншақ тәрізді көздермен жұмыс істейтін кезде алдымен құрамында гамма-сәулелендіргіші жоқ осындай цилиндрлермен және моншақтармен жұмыс істеп үйренеді. Бұл орындалатын жұмысты жоғары дәрежелі автоматизмге жеткізуге, сөйтіп қызметкердің “белсенді уақытын” (белсенді көздермен жұмыс істеу уақытын) едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Медицина практикасында рентген аппараттарын пайдалану кезінде де, әсіресе диагностикалық процедуралар кезінде, уақыт факторының маңызы үлкен. Дәрігерлердің мамандығын жоғарылату рентген түтігінің жұмыс уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, демек, қызметкер мен тексерілетін ауруларға түсетін доза жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.


3. Қорғанудың қарапайым және сенімді әдісінің бірі – бұл сәулелену көзінен жұмыс істейтін адамаға дейінгі арақашықтықты ұлғайту («арақашықтық арқылы қорғау»). Бұл жұмысшыларды сәулелену көзінен жеткілікті арақашықтыққа алыстату арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл қорғану қағидасының қаншалықты тиімді екенін келесі мысалдан көруге болады. Белсенділігі 110 МБк (3мКи) 60Co-ның нүктелік көзімен бір минут бойына ұзындығы 8 см пинцетпен жұмыс істегенде, жұмыс істейтін адамның қолының саусақтары 100мкГр (100 мкЗв), шамасында доза алады, ал осы жұмыс түрін орындау кезінде ұзындығы 25 см пинцетті пайдаланса, сәулелену әсерінің дозасы небәрі 10мГр (10 мкЗв) құрайды. Сонымен, ұзындығы үлкен ыңғайсыздау сайманды қолдану, жұмыс операциясын орындауға қажетті уақытты біршама ұлғайтқанмен де, дозаны төмендету жолдарын іздестіруде белгілі бір артықшылығы бар.
Айта кеткен жөн, уақыт және ара қашықтық арқылы қорғау қағидалары «мөлшері арқылы қорғау» қағидасына қарағанда, іс жүзінде көбірек қолданылғынымен де, сәулелену көздерін қолдану технологиясының талаптары олардың кеңінен іске асуын шектеп отыр. Мысалы, бір жағдайларда кейбір нысандарды ұзақ уақыт (бірнеше сағат және одан да артық) сәулеленуге ұшыратуды қажет етеді, басқа жағдайларда сәулелену көздерімен істелетін жұмыс уақытын қысқарту, оларды пайдаланудан алатын экономикалық тиімділігін азайтады (мысалы, болат кесектердің дефектоскопиясы кезінде рентген түтікшелерімен жұмыс істеу мерзімінің қысқаруы дефектоскопистердің еңбек өнімділігін азайтады), ал қуатты иондағыш сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде қызметкерді соншалықты қашыққа алыстатуды қажет етеді, бұл кезде ара қашықтық арқылы қорғану қағидасы бір ғана өз алдына қорғайтын әдіс ретінде өзінің мәнін жоғалтады.
Мұндай жағдайларда жабық көздерімен істелетін жұмыстардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайлар жасау кезінде “экран арқылы қорғау” принципі үлкен роль атқарады.
4.«Экрандар арқылы қорғау» - иондаушы сәулеленулерді сіңіретін материалдармен сәулелену көздерін экрандауды қолдану. Бұл әдіс «ара қашықтық арқылы қорғау» қағидасымен бірге қолданылады. Иондағыш сәулеленудің түрлеріне байланысты, экрандар жасау үшін әр түрлі материалдарды пайдаланады, ал олардың қалыңдығы сәулелену қуатына байланысты анықталады. Мысалы, рентген және гамма – сәулеленулерден қорғау үшін экран ретінде қолданылатын материалдардың ең жақсысы болып, меншікті салмағы үлкен материалдар (мысалы, қорғасын) саналады, себебі олар сәулеленудің дозасын әлсіздендіру есесі бойынша, ең аз қалыңдығында қажетті тиімділік алуға мүмкіндік береді.
Бірақ қорғасынның қымбаттығын ескеріп, жеңілдеу материалдардан - қорғасындалған әйнектен, темірден, бетоннан, барибетоннан, темір бетоннан және тіпті, судан да жасалған экрандар қолданылуы мүмкін.
Бұл жағдайда әрине, экрандардың эквивалентті қалыңдығы, қорғасын арқылы қажетті әлсіздендіру есесін қамтамасыз ететін қалыңдығынан асып кетеді.
Кірпіш, бетон, барибетон, темір бетон және басқа да құрылыс материалдары, экрандар бір уақытта ғимараттардың құрылыс конструкциялары болып табылатын жағдайларда, экрандар жасау үшін бастапқы шикізат ретінде жиі қолданылады
Су – өте арзан, қорғайтын материал, сондықтан одан қорғайтын экрандар жасау жиі кездесетін құбылыс. Айта кеткен жөн, рентген және γ-сәулеленуден қорғау үшін тиімді, қорғайтын экрандарды жасау кезінде бірінші кезекте өндіріс технологиясын және экономикалық шығынын (әр түрлі материалдардан жасалған экрандардың құнын) ескереді.
Экран арқылы нейтрондық сәулеленуден қорғау нейтрондардың затпен әсерлесу заңдылықтарына негізделеді. Жылулық, резонанстық және баяу нейтрондар ең тиімді сіңіріледі, сондықтан, жылдам нейтрондарды сіңіру үшін, оларды алдымен баяуландыру қажет. Атомдық нөмірлері кіші элементтердің баяуландыратын эффектілері максималды. Сондықтан, қорғайтын экрандар ретінде, әдетте, суды, парафинді, бетонды т.б., құрамында сутегі атомдары көп материалдарды қолданады. Жылулық нейтрондарды кадмий және бор жақсы сіңіреді, бұл жағдайда оларды толық сіңіруге арналған кадмий қабатының қалыңдығы миллиметрдің бірнеше ондаған бөлігіне тең болуы мүмкін.
Нейтрондарды өзіне сіңіру үрдісі γ-сәулеленуін шығарумен жүретінін ескеріп, қорғасыннан немесе басқа эквивалентті материалдардан жасалған қосымша қорғану қарастыру қажет.
Нейтрондарды күшті сәулелендіретін реакторларда, мысалы, бірнеше сіңіретін қабаттар қолданылуы мүмкін: бірінші қабаты – нейтрондарды баяуландыру үшін құрамында сутегі атомдары көп (бетон, су және т.б.), екінші қабаты – баяу және жылулық нейтронды сіңіруге арналған (бор, кадмий), үшінші қабаты – гамма-сәулеленуін сіңіру үшін қолданылуы мүмкін.
β-ағындарынан қорғану үшін атомдық нөмірі кіші материалдардан жасалған экрандарды қолданған жөн. Бұл жағдайда тежелулік сәулеленудің шығуы үлкен емес. Әдетте, β-сәулеленуін сіңіру үшін органикалық шыныны, пластмассаны, алюминийді қолданады. Өте қуатты β-сәулеленуі жағдайында тежелулік сәулеленуден қорғану үшін қосымша экрандарды қолданған жөн.
Қолданылуына байланысты қорғанатын экрандар шартты түрде 5 топқа бөлінуі мүмкін:
1. Қорғайтын экрандар-контейнерлер, олардың ішіне белсенді препараттар салынады. Мұндай экрандардың негізгі қолданылуы - белсенді препараттарды жұмысқа қолданбайтын жағдайында сақтау. Жаңадан әзірленген тасымалданатын, жылжымалы және стационарлық дефектоскопиялық, емдік және басқа да аппараттардан шығатын сәулелену дозасының қуаты, ішінде сәулелену көзі бар аппарат блогының бетінен 1 м арақашықтықта 30 мкЗв/сағаттан (3м бэр/сағ) аспауы қажет.
Жаңадан әзірленген радиоизотоптық құралдардан шығатын сәулеленудің эквиваленті доза қуаты ішінде сәулелену көзі бар прибордың блогының бетінен 1 м қашықтықта 3 мкЗв/сағ (0,3мбэр/сағ)-тан аспауы қажет және сәулелену көзі бар аппараттың блогының бетіне тиіп тұрғанда 100 мкЗв/ сағ (10мбэр/сағ)-тан аспауы керек.
2. Жабдықтарға арналған қорғайтын экрандар - белсенді препарат жұмыс жағдайында болған кезде немесе иондаушы сәулелену көздеріне жоғары (немесе үдеткіш) кернеуді қосқан кезде, жұмыста қолданылатын барлық жабдықтарды экрандармен толығымен қоршайды.
3. Жылжымалы қорғайтын экрандар - жұмыс зонасының әр түрлі учаскелеріндегі жұмыс орнын қорғау үшін қолданылады .
4. Құрылыс конструкцияларының бөлігі (қабырға, еден, шаңырақ, арнайы есіктер, т.б.). ретінде орнатылатын қорғайтын экрандар – ішінде қызметкер тұрақты түрде болатын бөлмелерді және іргелес жатқан аумақты қорғауға арналады.
5. Жеке басты қорғайтын заттардың экрандары - органикалық шыныдан жасалған қалқанша, пневмокостюмдердің қорғайтын шынылары, қорғасындалған қолғаптар, т.б.)
Бұл тарауда, сыртқы сәулеленуге ұшырау кезінде қорғау шаралары туралы мәселелерді баяндай отырып, сәулелік диагностика кабинеттеріне және медициналық рентгенологиялық процедураларды жүргізуге қойылатын негізгі гигиеналық талаптарға толығырақ тоқталу керек.
Бұл қажеттілік халықтың көпшілігі алдын алу мақсатында жүргізілетін және басқа да тексерулер кезінде, сондай-ақ, тек дәрігер-рентгенологтар ғана емес, көптеген мамандықтардағы дәрігерлер де өзінің жұмысында ең көп таралған радиациялық фактормен – рентген сәулеленуімен кездесіп отыратындығымен байланысты.
Берілген сәулеленуді пайдаланып, медицинада қолданылатын, негізгі әдістер келесілер:
- рентгенография – қағазда немесе үлдірде (пленка) бір немесе бірнеше статикалық бейнелер (рентгендік суреттерін) алу;
- сандық рентгенография – рентгенологиялық ақпаратты сандық түріне айналдырып, рентгендік бейнелерін (суреттерін) алу
- рентгеноскопия – монитор экранында немесе флуоресценттік экранда көп проекциялы динамикалық рентгендік бейнелерін алу;
- сандық рентгеноскопия – рентгенологиялық ақпаратты сандық түріне айналдырып, пациент мүшелерінің рентгендік бейнесін динамикасында алу.
- рентгендік компьютерлік томография – компьютер мен арнайы аппаратураны пайдаланып, адам мүшесін көмпьютер көмегімен бірнеше қабатка кесіп, әрбір қабаттың сандық түріндегі рентгендік бейнесін алу;
- флюорография – рентгендік бейнесінің фотосуретін флюоресцентті экраннан түсіріп алу.
Рентгендиагностикалық және рентген сәулесімен емдеу бөлмелерінің барлығы потенциалды қауіптілік дәрежесі бойынша IV санатқа жатады.
Сондықтан, рентген кабинетінде жұмыс істеу қауіпсіздігі келесі талаптарды іске асыру арқылы қамтамасыз етілуі қажет:

  • рентген аппаратурасы мен жабдықтарын радиациялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес қолдану арқылы;

  • негізделіп алынған бөлмелер жиынтығы мен олардың орналасуы және өңделуі арқылы;

  • рентгенологиялық зерттеулерді жүргізгенде, рентген аппараттарының қолайлы физико-химиялық жұмыс параметрлерін пайдалану арқылы;

  • қызметкер мен пациенттерді радиациядан қорғауға арналған стационарлық, жылжымалы және жеке басты қорғайтын құралдарды пайдалану;

  • қызметкерге рентгенологиялық зерттеулер жүргізудің қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін үйрету;

  • коммуникацияларды және құрал-жабдықтарды пайдалану ережелерін сақтау;

  • қызметкер мен пациенттердің сәулеленуге ұшыраудан алатын дозаларын бақылау;

  • рентгенологиялық зерттеулер кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ережелер мен нормалардың орындалуына өндірістік бақылау жүргізу.

Пациенттердің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дәрігер-клиницистер өздерінің практикалық жұмысында диагностикалық әдістерді таңдау кезінде, біріншіден, альтернативті (радиациялық емес) зерттеу әдістеріне басым роль беру керек, екіншіден, рентген- диагностикалық зерттеулерді тек негізделген клиникалық көрсетілімі бойынша ғана жүргізуі тиіс; үшіншіден, рентгенологиялық зерттеулерді пайдалану кезінде, олардың ең қауіпсізін таңдауы қажет. Медициналық рентгенологиялық зерттеулерді қолданылатын дәрігерлер пациенттердің сәулеленуге ұшыраудан күтілетін доза деңгейлерін, ағзада болатын реакцияларын және әсерінен біраз уақыт өткен кейін пайда болатын салдарының қауіп-қатерін білуі тиіс. Бұл зерттеулер кезінде пациенттердің сәулеленуге шалдығудан алатын жеке адамдық эффективті дозаларын бақылауды ҚР ДМ бекіткен әдістемелік нұсқауларға сәйкес, дозаның сәулеленуге ұшыраған ауданға көбейтіндісін өлшегіштерді пайдаланып жүргізеді. Пациенттің жеке эффективті дозасының мәні дозалық жүктемелер тіркелетін қағазда (аурудың амбулаторлық картасына немесе баланың даму тарихына медициналық картасына осы қағаз жапсырылады) және күнделікті рентгенологиялық тексерулер журналына тіркеліп отырылуы қажет. Ауру адамды стационардан шығарған кезде немесе мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерінде рентгенологиялық зерттеу жүргізгеннен кейінгі доза жүктемесінің мәні ауруға берілетін сырқатнамадан алынған көшірмеге (выписка) енгізіледі.
Пациентке, оның сәулеленуге шалдығуынан күтілетін дозасы немесе алған дозасы туралы және болатын салдары жөнінде толық ақпарат берілуі қажет. Пациент, эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті ауруды анықтау мақсатында жүргізілетін алдын алу жөніндегі тексерулерден басқа, медициналық рентгенологиялық зерттеулерден бас тарта алады.
Рентгенологиялық зерттеулер жүргізу кезінде дәрігер-рентгенологқа үлкен жауапкершілік жүктеледі. Мысалы, бұл зерттеулерге жолдамалар негізсіз берілген кезде (мысалы, ауруының диагнозы болмағанда), дәрігер-рентгенолог, алдымен оны жүргізбейтіні түралы емдеуші дәрігерді хабардар етіп және зерттеуді орындамайтынын сырқатнамаға (амбулаториялық картаға) жазып, пациентке оны жүргізуден бас тарта алады. Сонымен бірге, дәрігер-рентгенолог зерттеудің түрі және көлемі жөнінде қорытынды шешімін қабылдауы мүмкін.
Аурудың алдын-алу жөніндегі тексерулер, халыққа тек флюорография әдісімен жүргізіледі, қажет болған кезде рентгенографияны қолданады. Бұл тексерулер кезінде рентгеноскопияны қолдануға рұқсат етілмейді. Дені сау адамдарға аурудың алдын алу мақсатында медициналық рентгенологиялық зерттеулер және ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде сәулеленуге ұшыраудан алатын жылдық дозаның деңгейі 1 мЗв дейін болуы қажет. Аурудың алдын алу мақсатында жүргізілетін рентгенологиялық тексеру 14 жасқа дейінгі балаларға және жүкті әйелдерге жүргізілмейді, сондай-ақ, ауру, егер, өткен жыл ішінде алдын алу жөніндегі тексерулерден өткен болса, стационарлық емдеуге түсуі кезінде және амбулаториялық немесе емханалық көмек алуға келгенде де жүргізілмейді. Алдын алу мақсатындағы рентгенологиялық зерттеулерге жататын балалардың жасы тек қолайсыз эпидемиологиялық жағдайларда ғана 12 жасқа дейін төмендетілуі мүмкін.
Сонымен қатар, қандай да бір аурулардың диагнозын анықтау мақсатында пациенттердің сәулеленуге ұшыраудан алатын дозалардың шектері жоқ. Бірақ, медициналық диагностикалық зерттеулер жүргізу кезінде және бұл кезде пациенттің сәулеленуге ұшырауынан жиналған дозасы 500 мЗв болса, онда, егер сәулелік процедураларды жүргізуге өмірлік көрсетілімі бойынша қажеттілік болмаса, пациенттің одан әрі сәулеленуге шалдығуын шектеу жөнінде шаралар қолдану қажет.
Халық ішіндегі адамдар сәулеленуге ұшыраудан жылына 200 мЗв-тен артық эффективті доза алса немесе сәулеленуге шалдықтыратын негізгі көздерінің біреуінен 500 мЗв-тен артық жиналған доза, не сәулеленуге ұшырататын барлық көздерінен 1000 мЗв артық доза алған кезде, денсаулық сақтау органдарының ұйымдастыруымен арнайы медициналық тексеру жүргізілуі тиіс.
Репродуктивті жастағы және жүкті әйелдерге рентгенологиялық зерттеу жүргізуге шектеулер бар. Емдеуші дәрігер және рентгенолог рентгенологиялық зерттеу жүргізетін уақытын таңдау мақсатында әйелдің соңғы етеккірінің келген уақытын анықтауы тиіс. Мысалы, жыныс бездеріне сәулелік жүктеме түсуімен байланысты асқазан-ішек жолдарына жүргізілетін рентгенологиялық зерттеулер, урография, ұршық буынына рентгенография жасау және басқа да зерттеулер, етеккір циклінің бірінші декадасында жүргізілуі тиіс. Ал жүкті әйелдерге зерттеулер, клиникалық көрсетілімдері бойынша, жүктіліктің тек екінші жартысында ғана жүргізіледі. Жүктілерді рентгенологиялық зерттеулер ұрықтың анықталмаған жүктілік кезіндегі екі айда алған дозасы 1 мЗв аспайтын барлық мүмкін болатын қорғану құралдарын және әдістерін қолдану арқылы да жүргізіледі. Жүкті әйелдерге рентгенологиялық зерттеулерді, іштегі нәрестенің алатын дозасы, жүктілігі анықталмаған екі айында 1 мЗв аспайтындай етіп, мүмкіндігінше, барлық қорғану құралдары мен тәсілдерін қолданып жургізеді. Ұрықтың 100 мЗв-тен асатын дозасын қабылдау жағдайында дәрігер жүкті әйелді мүмкін болатын салдары туралы ескертуі және жүктілікті үзу туралы ұсыныс беруі қажет. Іштегі нәрестенің алатын дозасы 100 мЗв-тен асатын жағдайда, дәрігер жүкті әйелге болатын салдары туралы ескертуге және жүктілікті үзуге ұсыныс беруге міндетті. Жүктіліктің бірінші жартысындағы рентгенологиялық зерттеулер, жедел немесе щұғыл көмек көрсету қажет болған кезде және жүктілікті үзу туралы мәселе шешілген жағдайда жүргізіледі.
Сәулелік диагностика кабинеттері қызметкерінің және халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, кабинеттерді ұйымдастыру үшін бөлмелерін таңдауға және олардың құрамына ерекше талаптар қойылады.
Мысалы, стационарлық рентген аппараттарын орнату үшін арнайы салынған немесе мемлекеттік санитарлық бақылау органдарымен келісілген жоба бойынша бейімделген бөлмелерді пайдалануы мүмкін.
Тасымалданатын (палаталық) рентген аппараттарын тек операциялық блоктарда және тасымалдауға жарамайтын науқастарға процедураларды жүргізуге арналған палаталарда пайдалануға рұқсат етіледі. Тасымалданатын рентген аппараттарын, оларды пайдалану жағдайына байланыссыз, ауруларды жаппай тексеру үшін қолдануға рұқсат етілмейді.
Сәулелік диагностика кабинеттерін едені нольдік деңгейден төмен бөлмелерде, сондай-ақ, тұрғын және қоғамдық ғимараттарда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, оқу орындарында орналастыруға тыйым салынған. Дегенмен де, сәулелік диагностика кабинеттерін тұрғын үй ғимараттарына жалғап салған құрылыстарда орналастыруға рұқсат етіледі, егер жалғап салған құрылысқа көршілес тұрғын үй бөлмелерінің рентген сәулесінен қорғалу жағдайы бұл бөлмелердегі сәулелену деңгейін табиғи радиациялық фонның деңгейінен асырмайтын болса.
ЕАМ стационарларында сәулелік диагностика кабинеттерін ауруларға арналған палаталармен көлденеңінен және тігінен алғандағы көршілес бөлмелерде орналастыруға болмайды.
Сәулелік диагностика кабинеттеріндегі бөлмелер жиынтығы (жалпы тексерулерге арналған рентгендиагностикалық кабинеттер, флюорография кабинеті, стоматологиялық рентген кабинеті, урологиялық рентген кабинеті, компьютерлік рентген томография кабинеті және басқалар) және олардың ауданы, кабинеттердің қолданылуына байланысты іс жүзіндегі санитарлық нормативтерге сәйкес болуы тиіс. Бұл сәулелік диагностика кабинеттерінің құрамында процедура бөлмесі, басқару бөлмесі (пульт тұрған бөлме), фотозертхана, дәрігер кабинеті, екі немесе одан да артық рентген-диагностикалық кабинеттері болса - меңгерушісінің кабинеті, барийді дайындауға арналған бөлме, пациенттердің шешінуіне арналған бөлме, қызметкер бөлмесі және т.б. бөлмелер бар.
Әрбір процедуралық бөлмеде бір рентген аппараты орналастырылуы тиіс. Бір бөлмеде бір-бірімен функционалдық байланысы жоқ екі рентген аппаратын орнатуға тыйым салынады. Бұған дентальдық рентген аппараттары жатпайды, оларды диагностикалық аппаратпен бірге орналастыруға рұқсат етіледі.
Фотозертхана, әдетте, сәулелік диагностика кабинетіне көршілес бөлмеде орналасуы керек және оған процедуралық немесе пульт орнатылған бөлмеден кіретін есігі болуы тиіс.
Басқару (пульт тұрған) бөлмесі процедуралық бөлмемен сөйлесетін құрылғымен, сондай-ақ, есікпен және пациентті бақылау үшін қорғайтын шынымен жабдықталған қарайтын терезе арқылы байланысқан болу керек.
Терезенің орналасуы мен өлшемі, пациентті бақылау ыңғайлы болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Сәулелік диагностика кабинетін арнайы комиссияның пайдалануға қабылдау актісінің негізінде, мемлекеттік санитарлық бақылау органдары оны пайдалануға құқықты екеніне 2 жылға дейінгі мерзімге санитарлық төлқұжат береді. Актіге дозиметрлік бақылаудың хаттамасы, желдету тиімділігін және жерге қосу кедергілерін өлшеудің хаттамалары, рентген аппаратын орналастыру схемасы тіркеледі Аталған құжаттар сәулелік диагностика кабинетінде сақталады.
Сәулелік диагностика кабинетін пайдалануға құқық беретін санитарлық төлқұжатты алғанға дейін және оның іс жүзіндегі мерзімі өткеннен кейін медициналық процедураларды жүргізуге тыйым салынады.
Сәулелік диагностика кабинеті бөлмелерінің биіктігі 3 м-ден, есіктерінің ені – 0,9 м кем болмауы тиіс. Бұл бөлмелер орталықтан жылытумен (пештен жылытуға тыйым салынады), орталықтандырылған ауыз сумен және канализациямен жабдықталуы қажет. Бөлмелердегі ауаның температурасы 20 градустан төмен болмауы қерек.
Барлық бөлмелері ауа енуі бойынша, сағатына 3 есе және ауаны сорып әкетуі бойынша сағатына 4 есе ауа алмасуын қамтамасыз ету үшін, механикалық қозғаушы көмегімен істейтін енбелі-сормалы желдетумен жабдықталуы керек. Ауаны соратын желдету- калоферлермен және ауаны тазартатын сүзгілермен іске асыру керек. Енбелі желдету жүйесі ауаны жылытқыштармен және тазартатын сүзгілермен қамтамасыз етілуі тиіс. Ауаны сорып әкетуі бөлменің жоғарғы және төменгі зоналарынан, ал ауа енуі - жоғарғы зонасынан жүргізілу керек.
Процедуралық және пульт орнатылған бөлмелерде табиғи және жасанды жарық болуы тиіс, ал фотозертханада табиғи жарықтың болуы міндетті емес. Процедуралық бөлмедегі жасанды жарық тұрақты жұмыс істейтін және бейімделуге арналған болуы тиіс.
Рентген сәулесіне түсіріп қарайтын (рентгеноскопия) режимінен басқа, барлық рентгенологиялық процедуралар күндізгі уақытта табиғи жарық жағдайында жүргізілуі қажет. Терезелер ауданының еден ауданына қатынасы 1:10 кем болмауы тиісті
Сәулелік диагностика кабинеттерінің бөлмелеріндегі едені оқшаулағыш қасиеті бар материалдардан: бетон табанының үстіне салынған ағаш паркеттен, боялған ағаштан, төселген ағаштың үстіне жабылған линолеумнан немесе поливинилхлоридтік материалдардан болуы тиіс. Едені оқшаулаушы қасиеті жоқ материалдан жасалған бөлмелерде тасымалданатын аппаратты пайдалану кезінде жұмыс орындарында еденге резенкеден жасалған оқшаулайтын кілемше төселу керек. Фотозертхана бөлмелерінің және әжетханалардың едені керамика тақтадан жасалған болу керек
Сәулелік диагностика кабинеттерінің қабырғалары мен төбесі ашық түске боялған болуы тиіс (әкпен ақтауға немесе су-эмульсиялық сырмен сырлауға рұқсат етіледі). Қабырғалардың панелі майлы сырмен боялған болу керек. Фотозертхана және санитарлық жүйесінің бөлмелерінің панельдері қаптайтын плиткалармен жабылуы қажет.
Рентген процедураларын жүргізу кезінде медицина қызметкері, пациенттер және басқа да адамдар тікелей және шашыранды рентген сәулесінің, сонымен бірге радиациялық емес факторлардың (қорғасын, ацетон, толуол, озон, азот тотықтарының, жоғары кернеудің, шудың) әсеріне ұшырауы мүмкін. Осыған байланысты, аталған факторлардың зиянды әсерлерінің алдын алу жөніндегі талаптарды сақтау қажет
Мекеменің әкімшілігі радиациялық қауіпсіздік жөнінде нұсқау дайындауға және оған мемлекеттік санитарлық бақылау органдарының келісімін алуға міндетті. Бұл нұсқау әрбір сәулелік диагностика кабинетінің көрінетін жерінде болуы тиіс.
Рентген аппараттарымен жұмыс істеуге жасы 18-ден кем емес, иондағыш сәулеленулермен жұмыс істеуге медициналық тұрғыдан қарсы көрсетілімі жоқ, қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқау алған адамға рұқсат етіледі.
Сәулелік диагностика кабинеттерінде кабинеттегі қызметкерге және кабинетке көршілес бөлмелердегі адамдарға түсетін сәулелік жүктемелерге бақылау жүргізілуі тиіс.
Қызметкерге түсетін сәулелік жүктемені бақылау жұмыс орнындағы экспозициялық доза қуатын өлшеуді және жеке адам алған дозасын өлшеуді қамтиды. Жұмыс орындарындағы доза қуатын өлшеу кезінде стационарлық қорғаныс құралдарына да дозиметрлік бақылау жүргізіледі. Сәулелік диагностика кабинетіне көршілес бөлмелерде жұмыс істейтін адамдарға түсетін сәулелік жүктемені бақылауға рентген аппаратының жұмыс істеуі кезіндегі көршілес бөлмелердегі экспозициялық доза қуатын өлшеу кіреді.
Қызметкердің жұмыс орнындағы және көршілес бөлмелердегі экспозициялық доза қуатын өлшеу мерзімі екі жылда бір рет.
А тобындағы қызметкердің жеке басы алған дозаларын өлшеуді тұрақты түрде жүргізеді, нәтижелерін әрбір тоқсан сайын (мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің органдарымен келіскен кезде - жарты жылда бір рет) тіркеп отырады.
Арнайы жүргізілетін рентгенологиялық зерттеулерге әлсін-әлсін қатысатын адамдарға (хирургтар, анестезиологтар) жеке адамдық дозиметрлік бақылау, А тобындағы қызметкерге жүргізілетін бақылауға ұқсас жүргізіледі.
Рентгендік сәулеленудің экспозициялық дозасының қуатын өлшеу кезінде рентгендік сәулелену энергиясын пациенттің денесі тәрізді жұтып алатын, оны шашыратқыш дене – су немесе парафинді фантом міндетті түрде болуы керек. Фантом – мөлшері 250 х 250 х 150 мм болатын тегіс параллельді қабырғалары бар түтік.
Рентген сәулесінің экспозициялық доза қуатын өлшеуді міндетті түрде шашыртатын дене – рентген сәулесінің энергиясын сіңіруі пациенттің денесінің сіңіруіне эквивалентті судан немесе парафиннен жасалған фантом болуы кезінде жүргізілуі керек. Фантом - өлшемі 250•250•150 мм, қабырғалары жайпақ бір-біріне паралелді ыдыс.
Қызметкердің жұмыс орнындағы доза қуатын өлшеуді бас, жамбас, аяқ деңгейінде (1,5 м; 0,7 м; 0,3 м), ал көршілес бөлмелерде рентген сәулесі шоғырының ең қолайсыз болатын бағытында, 0,7 м биіктікте жүргізеді. Экспозициялық доза қуатын өлшеу нәтижелері жөнінде 2 дана хаттама жазылады. Бір данасы рентген кабинетінде, екіншісі – дозиметрияны жүргізген мекемеде сақталады.
Қызметкердің жұмыс орнындағы және көршілес бөлмелердегі рұқсат етілген доза қуаты 12.7- кестеде келтірілген. Көрсетілген мәндер тасымалданатын рентген қондырғыларына да таралады (5-баған – тасымалданатын қондырғының сыртқы бетінде).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   304




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет