Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)


Конструкторлық құжаттардың метрологиялық сараптамасы



бет108/216
Дата18.05.2022
өлшемі6,42 Mb.
#143677
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   216
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Конструкторлық құжаттардың метрологиялық сараптамасы
Сараптама сұраным бойынша жүргізіледі. Конструкторлық құжаттардың метрологиялық сараптамасын өткізу үшін нақты метрологиялық талаптарды тұжырыммен қамтамасыз ету үшін сұраным да сараптамадан өтеді.
Метрологиялық сараптамаға келесі құжаттар түседі:
1. Техникалық тапсырыс – бұйым шығарудағы бастапқы құжат. Оған бұйымның негізгі қызметі, салмағы мен өлшемдеріне қойылатын талаптар, қызметтік параметрлерінің дәлдіктері, сенімділігі мен төзімділігі, механиқалық, ауа-райының және басқалай жағдайлар әсерлеріне жарамдылығы, тасымалдау шарттары, сақтау және жөндеу сияқты әрекеттер кіреді.
2. Техникалық ұсыныс (ГОСТ 2.103-68) – конструкторлық құжаттар. Оған бұйымның техникалық және техника-экономикалық негіздемелері кіреді. Бұлар бұйымның техникалық тапсырыстарын сараптау және түрлі конструктивті және пайдалану ерекшеліктерін ескеру, жобаланатын және қолданыста жүрген бұйымдарды салыстыру, патенттік және басқалай материалдарды зерттеу негізінде құрылады.
Сөйтіп техникалық ұсыныстың негізгі мақсаты ретінде – бұйымға қажетті қосымша және нақтылау талаптарды анықтау, бұйымның сапалық көрсеткіштерін зерделей түсу сияқты конструкторлық әрекеттер жатады.
3. Эскизді жоба (ГОСТ 2.103-68) – конструкторлық құжат. Бұған бұйымның құрылымдық жұмыс істеу принциптері, негізгі қызметтік параметрлері енген техникалық шешімдер жатады.
Эскиздік жоба метрологиялық сараптамаға түсіріп, оның техникалық ұсынысқа сәйкестігін, дәлдік нормаларын, бақылау мүмкіндіктерін анықтайды.
4. Техникалық жоба – бұйым туралы толық мағлұмат беретін ақырғы техникалық шешімді құрайтын конструкторлық құжат.
Техникалық жоба бұйымның техникалық тапсырмасы мен конструкциясына сәйкестігін, жоғарғы технологиялық деңгейін, жөндеуге жарамдылығы, жинау және бөлшектеу жеңілдігі, өлшеу және бақылау жеңілдігі мен қарапайымдылығын қамтамасыз ету керек.
Техникалық жоба метрологиялық сараптамадан өткеннен кейін, өндіріске түсетін жұмыс жобасына негіз болып табылады.
Технологиялық құжаттардың метрологиялық сараптамасы
Технологиялық құжаттардың сараптамасы дәлдік нормалары, әдістері, құралдары, шарттар мен өлшеуді орындау тәртібі, өлшеудің дәлдік көрсеткіштері және т.б. сәйкестігін құру мақсатында жүргізіледі.
Бұл сараптаманың мақсаты:
– Өлшенетін параметрлердің оңтайлы номенклатурасын анықтау;
– Өлшеу дәлдігінің көрсеткіштерін технологиялық процестің оптималды режімдеріне сәйкестеп құру;
– Құралдарды таңдау дұрыстығы мен өлшеу әдістемесін бағалау;
– Өлшеудің берілген дәлдігі мен қажет жоғары нәтижелікті алуды қамтамасыз ететін автоматтандырылған, жүйеленген ӨҚ қолдану мүмкіндігін қарастыру;
– Өлшеу құралдарының - минималды еңбек сыйымдылық пен өзіндік құн қамтамасыз ететінін бағалау;
– Стандартталған және бірыңғайландырылған өлшеу әдістерін қолдану мүмкіндігін пайдалану;
– Технологиялық құрылғылардың нәтижелігінің ӨҚ нәтижелігімен сәйкестігін бағалау;
– Өлшеуден алынған мәліметтерді автоматтандырылған өңдеулерге түсіріп анықтау;
– Аттары мен физикалық өлшем атауларының, олардың бірліктерінің дұрыстығын, мекеме бойынша нұсқаулар мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өлшеу жүргізуді пайдалану.
Технологиялық құжаттар құрамына: эскиздер картасы, маршруттық, технологиялық, операциялық үрдістер, типті операциялық, техникалық нұсқау, техникалық құжаттардың өзгешеліктері кіреді.
Жобалау және жұмыс технологиялық құжаттарының сараптамасы оның ішіндегі дәлдік нормалары мен бақылау әдістерін тексерумен қорытындыланады.
Метрологиялық сараптама жүргізудегі дәлдік нормалары:
– Өлшем шақтамасының өзара үйлесімі, пішін ауытқуы, беттердің өзара орналасуы мен беттердің кедір-бұдырлығы;
– Станоктан бөлшекті алып немесе алмай бақылау жарамдылығы.
Метрологиялық сараптама кезінде бақылау әдістерін олардың дұрыстығы мен жеткіліктігіне технологиялық құрылғының нәтижелігі мен әдістері, сонымен қоса таңдалынған әдістің үнемділігі мен бақылау операциясының сипаттау толықтығы мен таңдаулы бақылау әдісінің үнемділігі, мекеме бойынша нұсқаулар болуы және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өлшеу өткізу, терминологияның, физикалық өлшемдер атауларының белгіленуінің дұрыстығы сәйкестендіріледі.
Сараптама кезінде бақылау әдістерін сипаттау анықтығын тексерудің маңызды мәні бар, ол терминдерді әр мағынада түсіндіруді болдырмауға тиіс. Технологиялық құжаттардың кейбір түрлерін сараптауда:
– бағдарлау картасы – дәлдік нормаларының тексерілуге жарамдылығы, дұрыстығы және жеткіліктігі, сипатталу толықтығы және таңдалған бақылау әдісінің үнемділігі, өлшеуді жүргізу мен ұйымдастыру бойынша еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нұсқаулардың болуы, терминологияның, атаулардың және физикалық шамалардың белгілену дұрыстығы;
– эскиздер картасы – өлшемдер, шектік ауытқулар, кедір-бұдырлық белгіленуі, өнімге қойылатын техникалық талаптар, шақтаманың өзара үйлесуі, дәлдік нормаларының бақылауға жарамдылығы;
– технологиялық нұсқаулар – сипаттаманың дұрыстығы мен жеткіліктігі, толықтығы мен анықтығы, еңбек өнімділігінің сәйкестігі, таңдалған бақылау әдісінің үнемділігі, өлшеуді жүргізу мен ұйымдастыру бойынша еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нұсқаулардың болуы, терминологияның, атаулардың және физикалық шамалардың белгілену дұрыстығы;
– жабдық ведомосі – сипаттамамен қарастырылған ӨҚ белгіленуінің дұрыстығы;
– технологиялық құжаттардың сипаттізімі – бақылау әдістерінің сипаттама толықтығына сәйкес келмейтін эксперименттік үрдістерге технологиялық нұсқаулардың болуы;
– технологиялық үрдіс пен типтік технологиялық үрдістер картасы – дәлдік нормаларды бақылау жарамдылығы мен шақтаманың өзара үйлесімдігі, сипаттаманың дұрыстығы, жеткіліктігі, толықтығы мен анықтығы, таңдалған бақылау әдісінің үнемділігі, өлшеуді жүргізу мен ұйымдастыру бойынша еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нұсқаулардың болуы, терминологияның, атаулардың және физикалық шамалардың белгілену дұрыстығы;
– сипаты бойынша технологиялық карталарға ұқсас операциялық және типтік операциялық карталар тексеріледі.
Мысал. Метрологиялық сараптамаға гидробаспақтың төлкесін механикалық өңдеу технологиялық үрдісінің операциялық картасын сараптаудан өткізу. №4 операция – жону операциясы (6.1.-кесте).
Картада шақтамамен шектелген өлшемдер қарастырылған: сыртқы өлшем 22-0,3, ішкі өлшем 4+0,1, паралельді беттер арасындағы өлшем 11,2+ 0,1, ішкі диаметрлер 33,57+0,1, 33,87+0,1, 35+0,5 (беттің диаметрі). Кедір-бұдырлыққа қойылатын талап: Rz =80 мкм.
Дәлдік нормаларын талдап отырып, А өткізгіші бойынша бөлшек құрылысына дәлдігіне талаптар ескерілмеген, оны тексеру үшін сағат типті индикатор қолданылуы қарастырылған, ол штативте магнитті негіздемемен орнатылған. Сонымен қатар, индикатордың үлгісі немесе типі көрсетілмеген, ал магнитті негіздемемен штатив индикаторлы тұрақ деп қате аталған.
Дәлдік нормаларының бақылау жарамдылығы күмән келтірмейді.
Бақылаудың ұсынылған әдістерін талдаймыз. Шақтамамен шектелген өлшемдер бақылауы үшін штангенциркуль ШЦ-П 0-200 қолдану қарастырылған (нониус бойынша санау өлшемін көрсетусіз).
Ұсынылған әдіс ешбір өлшемге қанағаттандырарлық емес: 22-0,3, 33,57+0,1, 33,87+0,1 өлшемдері үшін – дәлдіктің жеткіліксіздігінен, 11,2+0,1, 4+0,1, 35+0,5 өлшемдері үшін – бақыланатын беттерге рұқсаттың болмауынан.
Ескертулер мен ұсыныстар тізімін құрастырамыз:
А өткізгіші бойынша:
– патрондағы бөлшек орнату дәлдігіне талаптар бекіту;
– индикатор белгілеуін көрсету (мысалы, ИЧ-10), индикатор тұрағының магнитті негіздемесінің орнына магнитті негіздемемен штатив пен оны белгілеу (мысалы, ШМ-11 Н);
– индикатор мен штатив таңдауын байланыстыру талабымен бөлшекті орнату дәлдігіне.
1-4 өткізгіштері бойынша:
– МСТ 6507 бойынша МК 0-25 микрометрінің 22 -0,3 өлшемін бақылау үшін қолдану (штангенциркульді 0,4 мм және одан жуан рұқсат етілген өлшемдері үшін ғана қолдануға болады);
– диаметрлері Ø33,57+0,1, Ø33,87+0,1 тесіктерін тексеру үшін нутромер құралым (МСТ – 868) қолдану қажет. Оны өлшемге МК-25-50 микрометрімен келтіру керек.
– диаметрі Ø35+0,5 тесікті өлшейтін стандартты құрал жөң. Оның шақтамасын 0,75мм-ге дейін үлкейтіп стандартты штангенциркуль ШЦ-П,О ÷200 қолдану керек.
– 11,2 0,1, 4±0,1 өлшемедерін калибрлер немесе арнайы индикаторлық құрылғылар пайдалану керек.
– осы операцияларды өңдейтін беттерге кедір-бұдырлық талаптарын қою керек.

6.1.-кесте. Төлкені механикалық өңдеу технологиялық үрдісінің операциялық картасы






Әрекеттер мазмұны

Аспаптар

Өлшеу аспаптар

Өлшем

диаметр

ұзындығы

А

Детальды орнату, бекіту және түсіру




Индикатор МСТ577, индикат. С маг. негіз МСТ10197







1

Түп бетті 22 өлшеміне шырпу – тазалай

Кескіш
Т15К6
2103 - 0007

Штангенциркуль ШЦ-П 0-200

50,5

28,5

2

Кеулеу – тесікті 33,57+0,1өлшеміне дейін түбіне дейін

Кескіш
Т15К6
2141-0010




33,57

11,2-3

3

Тесікті кеулеу 33,57+0,1мм 33,87+0,1терекдігі 11,2±0,1

Кескіш Т15К6
2141-0010




33,87

11,2-3




Техникалық шарттар технологиямен қамтылады













4

Ойықты жону 35 +0,5, өлшемдері 11,2+0,1, өлшем 4 +0,1

кескіш Т15К6
2128-0004

Штангенциркуль ШЦ-П 0-200

35

0,5-3

5

Өткір, ернеулерді мұқалт

кескішТ15К6
2103-0003













Тексеру ОТК – өлшемдерді тексер
22-0,3,11,2+0,1, 4+0,1, 33,57+0,1, 33,87+0,1, 35 +0,5




Штангенциркуль
ШЦ-П
0-200
ГОСТ 166







6.8. Өнімді сынаудың метрологиялық қамтамасыздандырылуы


Сынау (ГОСТ 16504-81) – сынау объектісінің сандық және сапалық сипаттама қасиеттерін тәжірибе жүргізу арқылы анықтау. Бұл тәжірибелік мағлұмат сынау объектісін пайдалануда, моделдеуде оған іштей және сырттай әсер ететін жағдайларды зерделеу, зерттеу арқылы жасалады.
Сынауды – өлшеу талдау, диагностикадан өткізу, органометрлік әдістер қою, көптеген құбылыстарды (сынып қалу, кенет істен шығу) тіркеу арқылы өткізеді.
Сынау мақсаты сандық және сапалық бағалау болса объект қасиеттерінің сипаттамалары бағаланады. Сынау мақсаты объект сипаттамаларын бекітілген талаптарға сәйкестігін белгілеу болса бақылау жүргізіледі. Мысалы, қабылдау-өткізу, кезеңдік және сертификаттау сынақтары.
Сынақ нәтижесі бойынша нақты шешімдер қабылданады. Сынау және зерттеу кезінде эксперимент мазмұны сәйкес келуі мүмкін, бірақ сынау мақсаты қандайда болмасын шешім қабылдау болса, онда эксперимент сынау болып табылады. Сынау жағдайы деп объектіге табиғи және жасанды әсер ету мен оның функционалды режимдерінің қосындысы ретінде түсіндіріледі (климаттық, механикалық, электрлік, жылулық, радиациялық, химиялық және т.б.). сынақтан өткізудің бірқатары объектінің беріктілігінде орнықтығын анықтау үшін қарастырылады. Ішкі факторлар да әсер етуі мүмкін, олар объектінің функционалдығымен байланысты – мойынтіректің қызып кетуі немесе объектіні қосқанда ток өту.
Объектінің функционалды режиміне оны орнату, монтаждау, орнықтыру, орын ауыстыру жылдамдығы, жүктелу тәсілдері де кіреді.
Сынау нәтижелерін орындау шарттары мен дәлдік нормаларын бекітетін негізгі құжат – оны өткізу әдістемесі болып табылады.
Сынау объектісі – сынақтан өтетін өнім. Сынау үлгісі – өнім бірлігі немесе сынау кезінде эксперимент объектісі болып табылатын бөлігі, үлгісі.
Сынау объектісінің негізгі белгісі – осы объект бойынша сынау нәтижелері бойынша шешім қабылданады (оның жарамдылығы немесе жарамсыздығы, келесі сынауларға ұсыну мүмкіндігі, сериялық шығарылуы және т.б.).
Өнімнің түрі мен сынау объектісі сынау бағдарламы бірліктік өнім немесе үлгі алынатын партиядан немесе өнім үлгісі, тікелей немесе таңдау бақылауының өнім партиясы.
Сынау объектісі макет немесе өнім моделі ретінде болуы мүмкін, сынау нәтижелерінің шешімі тікелей макетке немесе үлгіге қатысты болуы мүмкін.
Сынаудың техникалық базасына ӨҚ жатады – олар сынауға қажетті техникалық құрылғылар, материалдар, заттар.
Өлшеу құралдарымен қатар сынау құралдарының маңызды түріне сынау жабдықтары жатады. Сынау жабдығы дегеніміз – сынау шарттарын объект пен оның жұмыс жасау режиміне әсер ету жағдайын қайталайтын жабдық. Бұлар сынақ шарттарын қайталайтын- температура, ылғалдылық, қысым, электр магниттік және радиациялық әсерлер, механикалық жүктемелер, діріл және т.б. - арнайы стендтер, ауа райы камералары және т.б
Сынау сапасының көрсеткіштері болып сынақ нәтижелерінің дәлдігі және қайталануы саналады. Сынақ нәтижесінің дәлдігі – сынау кезінде нақты параметрлер мәндері мен олардың шын мәндерінің анықталған жағдайда жақындығының сипаттамасы.
Сынау объектісінің анықталатын сипаттамасы партиядан алынған үлгі – жеке-дара объект сипаттамасы да, үлгі партиясының статистикалық сипаттамасы да бола алады. Сынақ нәтижесі сынау объектісіне, ал өлшеу нәтижесі осы объектіден алынған сынақ үлгілеріне жататындықтан сынақ нәтижесінің дәлдігі үлгі сипаттамасын өлшеу дәлдігімен дәл келмеуі мүмкін.
ГОСТ 16263-70 стандарты бойынша өлшеу сапасының критерийі қайталану және бірігу.
Қайталану – объектінің қайталанған сынақтарының нәтижелерінің жақындығы.
Бірігу – бірдей жағдайда қайталанған өлшеу нәтижелерінің жақындығы. ИСО 5725 халықаралық стандарты қайталануды біздің бірігу терминіне сәйкес, дәл көшіру жағдайында жасалған сынақ сипаттамасы ретінде анықтайды.
Қайталану – біздің мемлекетаралық стандартпен салыстырғанда бірдей сынау әдістерін қолданумен, шарттың шексіз қайталануымен, орынымен, талаптарымен, құралдарымен, сынауды жүргізу мерзімімен байланысты анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет