Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет32/216
Дата18.05.2022
өлшемі6,42 Mb.
#143677
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   216
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

6. Тәуір көру принципі
Өзара ауыстырымдылық деңгейін көтеру, бұйым атауларын азайту және зауыттарды тиімді арнайыландыру мен бірлестіру үшін, өнімді арзандату, стандарттарды жасау мен бірдейлендіру үшін материалдар, дайындамалар, құралдар, айлабұйымдар және калибрлердің өлшем санын азайтуда қолданады. Бұл принцип бірдейлендіру мен агрегаттауда кеңінен қолданылады.
Осы принципке сәйкес стандартталатын параметрлер мәндерінің бірнеше қатары тағайындалады, оларды таңдауда бірінші қатарды екінші қатарға қарағанда, екінші қатарды үшінші қатарға қарағанда тәуір көреді. Осы принциппен диаметрлер, метрикалық бұрандама адымы, жылдамдық қорабының айналу жиілігі, т.б. қатары құрылған.
Машиналардың, олардың бөлшектері мен тетіктерін бірдейлендіру және стандарттау кезінде жүйелеуге принциптің маңызы зор, тәуір көрінетін сандар қатарын қолдануға негізделген. Геометриялық прогрессия бойынша құрылған тәуір көрінетін сандар қатарын кеңінен қолданады. Ол екі көрші сандар арасындағы тұрақты қатынасты сандар қатарын білдіреді. Бұл қатынас прогрессиясының  бөлгіші болады.
Мысалы,  = 2 - 1 – 2 – 4 – 8 – 16 – 32 – 64- 128- 256 – 512 …
 = 1,6 - 1 – 1,6 - 2,5 – 4 – 6,3 - 10,1 – 16,1 – 25,8 - 41,2……
қатары.R5
қатары.R10
қатары.R20
қатары.R40
Прогрессияның кез келген екі мүшесінің көбейтіндісі немесе бөліндісі әрқашан оның мүшесі болады. Геометриялық қатар кез келген екі көрші мүшенің қатынасы тұрақтылығы мен φ теңдігімен ыңғайлы, бұл дегеніміз қатардың әрбір келесі мүшесі алдыңғысынан φ рет үлкен бола алмайды. Егер тұтынушыға тәуір көрінетін сандар қатарымен құрылған параметрлер қатарында жоқ бұйым параметрі қажет болса, онда ол бұйымда бар жақын параметрді қолданады, сонда қателік (φ-1)/2 рет аспайтын болады. Мысалы, жонушыға есептеу бойынша шпиндельдің 690 мин-1 тең айналу жиілігі қажет, білдекте 630 мин-1 және 794 мин-1 жиіліктері бар. Ол жақын орналасқан 630 мин-1 тең жиілігін таңдайды. Таңдау қателігі 630/690= 0,91 тең. Қажетті жиілікке (1-0,91)х100%= 9%. φ = 794/630 = 1,26 жетіспейді, максималды қателік (1,26-1)/2 = 0,13 тең, 13пайыздан аспайды.
1 және  = – бар геометриялық прогрессия бәрінен ыңғайлы деп саналады. ИСО ұсынысы бойынша  бөлгіші бар 4 негізгі тәуір көрінетін сандардың ондық қатары тағайындалған:
қатары.E3
қатары.E6
қатары.E12
қатары.E14
Жеке жағдайларда R80  = = 1,03 қатарын қолданады.
Тәуір көрінетін сандар қатарын таңдауда бұйым тұрпаты өлшемдері үшін үлкен мәнді  қатарын қолдану мақсатқа сай келеді, бірақ қатарды таңдауды техникалық және экономикалық тұрғыдан негіздеу қажет.
Стандарттау кезінде кейде арифметикалық прогрессия принципімен құрылған 1 – 2 – 3 – 4 … немесе 25 – 50 – 75 – 100 – 125 ….. түрдегі тәуір көрінетін сандар қатарын қолданады. Бұл қатар кез келген екі көрші сандардың айырмасы тұрақты болуымен сипатталады. Прогрессияның жеке кесінділерінде екі көрші сандардың айырмасы әртүрлі болатын сатылы-арифметикалық қатарлар да кездеседі, мысалы, бұрандама диаметрлері қатары 1 1,1 – 1,2 1,4 1,6 1,8 2 2,2 …. – 3,5 – 4 4,5 ….
Радиотехникада ХЭК тағайындаған Е қатарымен құрылған тәуір көретін сандар жиі қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет