Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет17/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

X ғасырдың басында Қимақ қағанатының шегарасында тыныштық орнады. Әскери шабуылдар көбінесе көршілердің тату қарым-қатынасымен алмасты. Бұған Еділ бойынан, Орта Азиядан қимақтарға барған көптеген сауда жолдары дәлел бола алады. Ұлы Жібек жолы да Ертістегі қимақ қағанының ордасына жеткен.



Мемлекеттің құлауы. Қимақ елі қуатты мемлекет еді. Алайда X ғасырдың екінші жартысынан оның құлдырау белгілері байқала бастады.
Орталық биліктің әлсіреп, Қимақ мемлекеті ыдырады. Оның себептері: біріншіден, жеке жер иеліктері билеушілері дербестікке ұмтылды. Екіншіден, қыпшақ көсемдері дербес мемлекет үшін күресті. Мұның бәрі мемлекеттің құлауына жеткізді.
XI ғасырдың басында Қимақ қағанаты өмір сүруін тоқтатты. Оның жер аумағы қыпшақтарға өтті. Осылайша, қимақ кезеңі аяқталып, қыпшақтар тарихы басталады.


Екінші тарау


КӨНЕ ТҮРКІ ДӘУІРІ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТАРИХЫ
(VІ-ІХ ғасырлар)

Бұл тарауда біз көне түркі дәуірінің материалдық және рухани мәдениетін оқимыз. VІ-ІХ ғасырлар түркілер рухани және материалдық дамуда үлкен жетістіктерге жетті. Түркілердің руналық жазуы пайда болды. Темірді өнеркәсіптік негізде өндіру қолға алынды, қалалар салынды. Тәңіршілдік, будда, манихей, христиан, ислам діндері таралды.




§ 7. VI-IX ғасырлардағы түркілердің шаруашылығы


Металл өндіру. Түркілер әлемдік тарих сахнасына металл өндіру арқылы шықты. Түркілер металды кеңінен қолданысқа енгізді және сол арқылы өздерінің экономикалық қуатын арттырды.
Археологтер Алтайдан V-ІХ ғасырларда балқытылған металл қалдықтарын тапты. Түркілер өндірген темір жоғары сапалы, төзімді әрі мықты болған.



Түркі кезеңінің қорымдарынан металдан жасалған заттар табылды. Олар көлемі мен түрі жағынан біркелкілігімен ерекше көзге түседі. Мұның өзі түркілерде жоғары дамыған қолөнер өндірісінің болғандығын дәлелдейді.

Металл өндіру түркілердің қуатты атты әскер жасақтауына мүмкіндік берді. Бұл олардың әскери жеңістеріне үлкен ықпал етті. Сауыт ұзын етекті жеңсіз шекпен түрінде болды. Шекпенге шетіндегі тесіктері арқылы тікбұрышты жалпақ темір қалақшалар бекітілді. Жауынгердің аты да металл сауытпен көмкерілді.


Түркілер үшін металл өндіру:

  • жақсы қаруланған әскер құруға;

  • қолөнер мен сауданы дамытуға ықпал етті.

Мал шаруашылығы. Түркілердің негізгі кәсібі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Бұл шаруашылық оларды азық-түлік өнімдері, киім-кешек және баспанамен қамтамасыз етті.



Көшпелілер негізінен қой мен жылқы, түйе өсірді. Ірі қара мал шаруашылығында маңызды орын алған жоқ. Мал отбасының жекеменшігі саналды. Ал жайылым көшпелі қоғамның тең құқықты барлық мүшелеріне тиесілі болды. Түркі деректерінің бірінде: «Тұрақты мекені жоқ, бірақ әрқайсысының (яғни әр рудың) өзіне тиесілі жері бар» деп айтылған.

Табиғатпен тығыз байланысты көшпелілер үшін киіз үй тасымалдауға жеңіл, ең қолайлы баспана еді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет