Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынғанЕділ мен Жайық өзендерінің аралығы
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А
Оғыздардың мемлекеттік құрылымы және саяси тарихы. Махмұд Қашғари оғыздардың бастапқы кезде 24 тайпаға бірігіп, боз оқ және үш оқ деген екі топқа бөлінгендігін келтіреді. Боз оқтар ерекше артықшылыққа ие болды. Оғыз мемлекетінің басшысы, жоғары билеушісі жабғу деп аталды. Әскердің бас қолбасшысы - сюбашылар әскери кеңеске сүйенді. Билеушіні ең мықты да ықпалды рулардан тұратын кеңесте сайлады. Оғыз мемлекеті біртұтас болған жоқ. Жоғары билеушінің билігі тайпалық ақсүйек қауымының кеңесімен шектелді. Билеушілердің әйелдері де сарай өмірінде маңызды рөл атқарды. Мұрагерлер тәрбиелеу үшін арнайы қамқоршылар - атабектер тағайындалды. X ғасырдың соңы - XI ғасырдың басында мемлекетте салық жүйесі жұмыс істеді. Мұның өзі оғыздарда басқару жүйесі болғандығын байқатады. Малға жекеменшік мүлік теңсіздігінің негізі болып табылды. Оғыздардың негізгі бөлігі көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Арғы бабалары Оғыз қағанның: «Қозғала беріңдер, отырықшы болмаңдар; жоқшылықты білмей, көктемгі, жазғы және қысқы жайылымды сағалап, өзен бойымен көшіңдер» деген өсиетіне берік болды. Х-ХІ ғасырлардағы деректерде оғыздардың Жент, Сауран, Сығанақ т.б. қалалары аталады. Малынан айырылған көшпелілор отырықшы өмір салтына кешті. Диқаншылық пен қолөнер олардың негізгі кәсібіне айналды. Оғыз көшпелі даласы Мауараннахр мен Жетісудың егіншілік өңірлерімен тығыз қарым-қатынас жасады. Оғыздардың бір бөлігі исламды қабылдады. Оғыз мемлекеті Еуразия тарихында маңызды рөл атқарды. Олар 965 жылы Киев Русімен одақтаса отырып, Хазар қағанатын талқандады. Оғыздар хазарларға қарсы күресте Қара теңіз жағалауындағы құнарлы жайылымдық жерлерді тартып алуды көздеді. Еділ бойымен өтетін сауда жолдарына бақылау орнату мақсатын қойды. жүктеу/скачать 239,31 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |