Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


жылы Оғыз билеушісі Киев князі Владимирмен



бет15/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

985 жылы Оғыз билеушісі Киев князі Владимирмен одақтаса отырып, Еділ Бұлғариясын жеңді. Бұл Оғыз мемлекетінің саяси жағынан күшеюіне ықпал етті. Белсенді сыртқы саясат нәтижесінде оғыздар оңтүстікте Мауараннахрмен шектесіп, батысында Кавказ аймағына жетті. X ғасырда Сырдариядан Кавказға дейінгі аумақ Оғыз даласы аталды.
Оғыз мемлекетінің құлауы. Белсенді сыртқы саясат және көп жылғы соғыстар қыруар қаржыны талап етті. Сол себепті жыл сайын салық ұлғайтылды. Х-ХІ ғасырлар аралығында оғыз тайпаларының салық жинауға наразылық білдірген көтерілісі басталды. Салжұқ көсемдері дағдарысты өз мақсаттарына пайдалана білді. Олар оғыз билеушілеріне қарсы көтеріліске басшылық етті. Дегенмен де Шахмәлік жабғу тұсында Оғыз мемлекеті қайтадан күшейіп, 1041 жылы Хорезмді басып алды. Алайда екі жылдан кейін Шахмәлік салжұқтарға тұтқынға түсіп өлтірілді. Ол оғыздардың соңғы билеушісі еді.



Салжұқтармен болған ұзақ жылғы соғыстар, тайпалардың ауыр салыққа қарсы көтерілістері Оғыз мемлекетін әлсіретті. Әлсіреген Оғыз мемлекеті қыпшақ тайпалары көсемдерінің соққысынан түпкілікті құлады. Оғыздардың біршама бөлігі қыпшақтардың қысымымен Шығыс Еуропа және Кіші Азия елдеріне қоныс аударды. Қалған бөлігі түркі тілдес Дешті Қыпшақ тайпаларымен қосылып араласып кетті.

Оғыз тайпалары қазіргі түркі халықтарының қалыптасуына қатысты. Қазақтардың этникалық тарихында маңызды із қалдырды.


XI ғасырдың ортасына қарай Орталық Азияда қыпшақтар үстем жағдайға ие болды.


§ 6. Қимақ қағанаты (ІХ-ХІ ғасырлар)


Қимақ қағанатының құрылуы. VІІІ-ІХ ғасырлар аралығында Солтүстік-Шығыс Қазақстан аумағында қимақ тайпалар одағы қалыптасты. Қимақтар туралы араб, парсы, түркі және қытай деректерінде айтылған. Осы деректер негізінде қимақтардың Батыс Монғолия даласында өмір сүргенін білеміз. Қимақтар ол жерден VII ғасырдың ортасында Алтай таулары мен Ертіс бойына көшті.



Тайпаның өз алдына бөлектенуі Батыс Түрік қағанатының құлауы барысында 656 жылы іске асты. Қимақтар тайпасының басшысы шад-тұтік лауазымын иеленді («билеуші көсем» дегенді білдіреді).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет