Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет21/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

Оңтүстік Қазақстан облысының Қаратау баурайында VІ-VІІІ ғасырларда ортағасырлық Баладж қаласы болған. Ортағасырлық Баба-Ата қала жұртының орнынан археологтер VI-VIII ғасырларға жататын құрылыс орнын тапты.
Сауданың дамуы. Ерте орта ғасырлар кезеңінде сауда айырбас және ақша түрінде де жасалды. Көшпелілермен арадағы айырбас саудасы осы кезеңнің үлкен қалалары Испиджаб, Отырар, Таразда өткізілген жәрмеңкелерде іске асырылды. Шаруашылық өнімдерімен айырбас көшпелі және отырықшы әлемнің байланысын одан әрі нығайтты. Ақша айырбасының болғандығына Отырар, Суяб, Тараз қалаларында жасалған теңгелердің табылуы дәлел бола алады.
Суябта Түргеш қағандарының теңгелері шығарылды. Суяб әкімшілік орталығы ғана емес, бүкіл Шу алқабының ірі сауда қаласы болды. Бұл қала туралы дереккөздерде «онда түрлі елдердің саудагерлері аралас тұрғаны, ал қала тұрғындарының жартысын көпестер құрағаны» айтылады. Суяб теңгесі сапасының жоғарылығы соншалықты, бұл ақша X ғасырдың соңына дейін айналымда болды.
Тараз бұл кезеңде маңызды сауда орталығына айналды. Ол тарихи деректерде «көпестер қаласы» ретінде аталды. VII ғасырдың соңы - VIII ғасырдың басындағы Орта Азия, Қытай, Византия билеушілерінің теңгелері осы кезеңде халықаралық сауданың кең дамығанын айқындайды.
Орта ғасырлар кезеңінде Қазақстан аумағындағы сауда үш бағытта қалыптасты: 1) елдер арасындағы сауда, оның ішінде керуен саудасы; 2) қалалар мен егіншілік аймағы арасындағы сауда (астық, көгөніс және басқа азық-түлік түрлерін маңызды қолөнер бұйымдарына айырбас жүргізілді); 3) қалалар мен көшпелі дала арасындағы сауда. Мұнда қолөнер мен егіншілік өнімі малға (бәйге аттарынан бастап сойыс малына дейін) және мал шаруашылығы өнімдеріне айырбасталды.



Оқиға куәгерлері мен тарихшылардың деректері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет