Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет40/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А
сессия Шадияр, 29-30 сабақ 9 сынып Үшбұрыштарды шешу, 3-дәріс, f634fae3800b990, Лаб. АХ1, 3 Физика 8. Жылу құбылыстары. Отын энергиясы. Таратпа материал, Пульмонология (нумерованный без букв), Аттестация 6 курс 2019-2020, 10v
Х-ХІІ ғасырларда қала халқы VІІІ-ІХ ғасырлармен салыстырғанда 20-30 есеге өсті. Ірі қалаларды мыңдаған халық мекен етті. Осы кезеңде қала тұрғындарының саны өсіп қана қоймай, олардың аумағы да кеңейді. Бұл шаруашылық пен феодалдық қатынастардың дамуымен түсіндіріледі.



Қалалар мен елді мекендердің өсуі. Х-ХІІІ ғасыр басында Кедер, Йасы, Жент, Баршыкент және басқа қалалар пайда болды. Олардың біразы бұрын да кішігірім тұрақтар еді, ал Х-ХІІІ ғасырдың басында олар ірі қала орталықтарына айналды.
Іле алқабында ғана Х-ХІІ ғасырларда бірнеше жаңа қалалар орнықты. Шу, Талас, Сырдария алқаптарында қала тұрақтары салынды.
Қалалардың аумағы рабаттардың есебінен кеңейді. Рабаттардың ұлғаюы қамал салуды қажет етті.
Испиджаб пен Отырар Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі қалалар болып саналды. «Испиджаб - үлкен қаланың атауы... Ол ең құнарлы, ағашқа, суға және тамаша бақтарға бай», - деп ортағасырлық авторлардың бірі жазып қалдырған.
Х-ХІІ ғасырларда Отырардың аумағы өсіп, ірі қалаға айналды. X ғасырда Отырар қаласы орналасқан Фараб аймағы бай өңірлер қатарына қосылды. Отырар қаласы жан-жақтан көпестер бас қосатын жерге айналды. Сонымен қатар қаланың мешіт-медреселер мен моншалары, кітапханасы бар мәдениет пен ғылым орталығы ретінде даңқы шықты.
VІІ-ІХ ғасырлармен салыстырғанда Отырар аумағы бірнеше есе ұлғайды. Қамалдар орталық бөлікті ғана емес, рабатты да қоршап тұрды. Қалада суқұбыры жұмыс істеді, рабат аумағында қоғамдық моншалар салынды.
Қалалардағы жер жекеменшікке беріліп, пайда түсіретін сауда орындарын, керуен сарайлар мен моншалар салу үшін пайдаланылды. Бұл үлкен табыс әкелді. Сол себепті феодалдар, оның ішінде көшпелі ақсүйек қауымы қалаларда жер телімдерін иеленді.
Х-ХІІІ ғасырдың басында Жетісудың солтүстік-шығысында қала мәдениетінің жаңа шоғыры қалыптасты. Отырықшылық және қала өмірі Орталық Қазақстанға, Ертіс алқабына да тарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет