Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Оқиға куәгерлері мен тарихшылардың деректері



бет39/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А
сессия Шадияр, 29-30 сабақ 9 сынып Үшбұрыштарды шешу, 3-дәріс, f634fae3800b990, Лаб. АХ1, 3 Физика 8. Жылу құбылыстары. Отын энергиясы. Таратпа материал, Пульмонология (нумерованный без букв), Аттестация 6 курс 2019-2020, 10v
Оқиға куәгерлері мен тарихшылардың деректері
629 жылы буддалық монах Сюань-Цзян мен оның серіктері Жібек жолымен сапарға шығып, «Мөлдір Көк көлді» (Ыстықкөл) айналып өтіп Суяб қаласына келеді. Олар онда түркі қағанымен кездескен. Қаған мен оның маңайындағыларды Сюань-Цзян былайша сипаттап жазады: «Бұл жатжерліктердің жылқылары әдемі. Қаған жасыл жібек шапан киген, басы ашық, жібек мата ғана ораған. Оған парша шапан киген, шаштарын бұрым етіп өрген екі жүзден астам тархандар еріп жүрді. Түйелер мен жылқыларға мінгендердің санында есеп жоқ, көзбен шолу мүмкін емес».
Қағанның құрмет көрсеткен қабылдауын сипаттай отырып, Сюань-Цзян түркі ақсүйектері жібек киімдерінің сән-салтанатын әлденеше рет атап өтеді. Сонымен бірге өзіне: «таңқурай түсті сәтеннен тігілген киімдердің тұтас жиынтыгы мен жібектің елу кесегі» түрінде сыйлықтар берілгендігі туралы хабарлайды.



БЕСІНШІ ТАРАУ


Х-ХІІІ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ


§ 18. Қалалардың дамуы (Х-ХІІІ ғасырдың басы)


Қала салу ерекшеліктері. X ғасыр мен XIII ғасырдың басы - экономика мен мәдениеттің өркендеу кезеңі. Осы кезде Жетісу, Ертіс бойы мен Орталық Қазаңстан аймақтарында қала мәдениетінің жаңа аудандары пайда болды. Тұтастай алғанда бұл көшпелі және қалалық өркениеттердің өзара тығыз байланыстарының кезеңі болып табылады.
Х-ХІІІ ғасырдың басында қала мәдениетінің дамуында өзгерістер байқалды. Бұл ретте жаңа дін ислам маңызды рөл атқарды. Ислам мәдениеті бірінші кезекте қала тұрғындары арасына тарады.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы қалалар Азияның басқа аймақтарымен салыстырғанда көшпелілердің отырықшылануы есебінен анағұрлым тез өсті. Мұны араб және парсы деректері дәлелдейді. Осы кезеңдегі отырықшылыққа, қала өміріне бейімделу жайлы Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасында баяндалған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет