Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет42/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А
сессия Шадияр, 29-30 сабақ 9 сынып Үшбұрыштарды шешу, 3-дәріс, f634fae3800b990, Лаб. АХ1, 3 Физика 8. Жылу құбылыстары. Отын энергиясы. Таратпа материал, Пульмонология (нумерованный без букв), Аттестация 6 курс 2019-2020, 10v
Х-ХІІІ ғасырлар ескерткіштерін өзіндік ерекшеліктеріне қарай солтүстік түркістандық сәулет өнері дәстүріне жатқызуға болады. Бұл дәстүрге қазақ жеріндегі далалық өнермен тығыз байланыс тән.
Орта ғасырдағы қазақ жеріндегі белгілі ескерткіштердің бірі - Жошы хан кесенесі. Бұл ескерткіш Жезқазған қаласынан 40 шақырымдай жерде Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан. XIII ғасырда салынған кесене күйдірілген кірпіштен қаланған.
Теңдесі жоқ сәулет өнерінің туындысы қазақтың аңызға айналған түп атасы Алашаға арналған Алаша хан кесенесі. Кесененің сырты қазақтың десте оюына толы, ішінде жоғарыға көтерілетін саты бар. Алаша хан күмбезі қазақ халқының ынтымағы мен бірлігін, мемлекеттілігі мен тарихын әлемге әйгілейтін ескерткіш.
Сәулет өнерінің дамығандығына Тараз маңындағы ескерткіштер дәлел бола алады. Ол ескерткіштердің ішіндегі ең ежелгісі Х-ХІ ғасырларда салынған Бабаджа-қатын кесенесі. Кесене күйдірілген кірпіштен салынған. Ғимаратта сөндік әшекейлер жоққа тән.
ХІ-ХІІ ғасырларға жататын Айша-бибі кесенесі де сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Кесене күмбезбен жабылған төртбұрышты құрылыс. Бағаналар мен қабырғаларының сырты геометриялық және өсімдік өрнекті терракота қалақшалармен қапталған.
Тараз қаласындағы Қарахан күмбезді кесенесі қарахандық сәулет өнерінің ескерткіші болып табылады.
Сырдария бойындағы Сырлытам кесенесі VII-VIII ғасырларда салынған. Кесене терракота қалақшалармен әсем безендірілген күмбезді ғимарат.


§ 20. Сауда мен егіншілік


Сауда. Х-ХІІІ ғасыр басында халықаралық саудадан басқа қала мен көшпелі тайпа, ауылдар арасындағы сауда кеңінен өріс алды. Мұны қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған теңгелер айғақтайды. Теңгені халықаралық және ішкі саудада пайдаланған.
Х-ХІІІ ғасырдың басында Жібек жолы бойындағы халықаралық сауда жоғары деңгейге жетті. Испиджаб, Кедер, Отырар, Тараз, Науакент, Баласағұн ірі сауда орталықтары саналды.
Тараз қаласы керуен саудасының маңызды орталығына айналды. Деректерде бұл қала туралы «мұсылмандардың түркілермен сауда жасау орны» деп жазылған. Тараз арқылы Талас өзенінің жоғары ағысында өндірілген күміс тасымалданды. Қазба жұмыстары кезінде көптеген теңгелердің табылуы қалада ақша сарайының болғандығын көрсетеді.
Испиджабта Ұлы Даланың барлық елдеріне апаратын сауда жолдары мен әскери бағыттар түйісті. Қалада мата сататын арнайы орындары бар үлкен керуен сарай болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет