Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


§ 22. Рухани мәдениет. Исламның таралуы



бет45/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

§ 22. Рухани мәдениет. Исламның таралуы


Қазақстан аумағындағы ислам тарихы. Ислам - ең ірі әлемдік діндердің бірі. VIII ғасырдың басында арабтар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аумағына жорықтар жасады. Арабтар Мауараннахр қалаларын басып алды. Кейінірек осы жерден мұсылман мәдениеті белсенді түрде тарала бастады. Түркілер мен арабтардың 751 жылы Атлах шайқасында Қытай әскерін жеңуі түркілер арасында ислам мәдениетінің таралуына ықпал етті.
Исламдандыру үрдісі баяу жүрді және оның өзіндік ерекшеліктері бар еді. Исламды біртіндеп әскери іс-әрекетпен емес, бейбіт жолмен тарату саясаты енгізілді. Бұл жаңа дінді қабылдау үрдісін жеңілдетті.



Қарахандық билеуші Мұса 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялады. Қарахандықтардың саяси және әскери жетістіктері исламның Орталық Азияда таралуына ықпал етті.



Х-ХІІ ғасырларда ортағасырлық қалаларда мешіттер мен медреселер салу ісі белсенді жүргізілді. Бұл кезеңде исламның кең таралғандығын археологиялық қазбалардан табылған тұрмыстық заттар да дәлелдейді. Мәселен, ескі қола айнада «кімде-кім Аллаға сенсе, оған қауіп жоқ» деген араб сөзі жазылған.
Түркілердің ежелгі діни сенімдері тәңіршілдік еді. Түркі исламы тәңіршілдік пен исламның жиынтығы болып табылады.



Түркілер исламды қабылдады, бірақ олардың діни нанымы Ш. Уәлиханов байқағандай, қосарлы сипатта болды. Түркі халқы жаңа дін исламға тәңіршілдік белгілерін бейімдей алды. Қыпшақтар қоныстанған солтүстік аймақтарға ислам кейінірек енді.



Исламның ықпалы. Х-ХІІ ғасырлар түркі мәдениетінің «алтын ғасыры» деп аталады. Ислам мәдениеті, өнері, сәулет өнері, әдебиеті әсіресе X ғасырдың ортасынан бастап жедел дами бастады. Түркі билеушілері білімділігімен ерекшеленді, рухани жасампаздыққа көп көңіл бөлді. Олар талантты шығармашылық тұлғаларға қамқорлық етті. Өздері де парсы, араб және ана тілдерінде өлеңдер жазды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет