1224 жылы Шыңғысхан шығыста Амурдан батыста Әмударияға дейінгі аумаққа өз билігін орнатты. 1227 жылы қайтыс болды. Алайда монғол жаулап алушылығы мұнымен аяқталған жоқ. Шыңғысхан ұрпақтары оны одан әрі жалғастырды.
Ұлыстардың құрылуы. Шыңғысхан тірі кезінде-ақ, ұлдарының әрқайсысына жер үлесін бөліп берді. Үлестірілген жерлер ұлыстар деп аталды. Кіші ұлы Төле әкесінің жерін - Монғолияны өзіне мирас етті.
Қазақстан аумағы үш үлкен ұлының ұлыстары құрамына енді. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының үлесі Ертістен батыста Еділге дейінгі, Әмудария мен Сырдарияның төменгі ағыстарындағы жерді алып жатты. Шағатай иеліктері Оңтүстік пен Оңтүстік-шығыс Қазақстанды, бүкіл Орта Азияны қамтыды. Үгедей ұлысына Қазақстан аумағынан Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі өтті. Жетісуда үш монғол ұлысының шегаралары түйісті.
|
Үш ханзада да әкесінің өкілі ретінде өз үлестеріндегі жерлерде билік жүргізді. Осы өлкелерде көпірлер тұрғызып, қалаларды қалпына келтірді. Бұл ұлыстар империя басшысына бағынды.
Жошы қайтыс болғаннан кейін Бату әкесінің мұрагері деп танылды. Хан немересі Батуға: «Әкеңнің билігін қабылдап ал, ол барғысы келген жерлерге аттан», - деді. Шыңғысхан өзінің барлық немерелері ішінде Батуды Жошының мұрагері ретінде таныды.
Оқиға куәгерлері мен тарихшылардың деректері
Марко Поло Шыңғысхан туралы былай деп жазады: «Ол қандай да бір аймақты жаулап алған кезде тұрғындарды ренжітпеді, олардың меншікке құқығын бұзбады, олардың арасына өз адамдарын қойды. Бағынған елдің адамдарын қорғады. Ешқандай да зиян шекпейтіндігіне көзі жеткен тұрғындар оған жан-тәнімен берілді. Бұрынғы дұшпаннан енді адал қызметшілеріне айналды».
Монғол империяеының тарихы былайша қалыптасты: Шыңғысханның тек төрт ұлы ғана монғол ұлыстарының билеушілерінің басшылары болды.
«Шыңғысханның бұл төрт ұлы ақылды, батыл да ержүрек, әкесі мен бүкіл әскер және халық бағалаған адамдар болды. Олар Шыңғысхан мемлекетіне төрт діңгек ретінде қызмет етті. Әкесі олардың әрқайсысына мемлекет дайындап берді де, оларды төрт «жүйрік» деп атады, ал «жүйріктер» деп басқалардан ерекшеленген, асып түскен және алдыңғы қатарда тұрған кісілерді, тұлпарларды және басқаларды атайды».
Батуға жоғары билікті беру туралы толық әңгіме XVI ғасырда Өтеміс қажы жазған «Шыңғыснама» еңбегінде келтіріледі. «Жошы өлген кезде, - деп жазады ол, - оның үлкен ұлдары арасында олардың ішінде қайсысы ұлыс басшысы болатындығы туралы дау туды. Билік туралы дауды шешу үшін Шыңғысханға аттанды. Ханзадаларды қабылдаған ұлы аталары үш киіз үй: алтын босағалы Ақ Орданы - Батуға; күміс босағалы Көк Орданы - Орда Еженге; болат босағалы Боз Орданы - Шайбанға тігуге бұйрық берді ».
|
Достарыңызбен бөлісу: |