Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Оқиға куәгерлері мен тарихшылардың деректері



бет49/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А
сессия Шадияр, 29-30 сабақ 9 сынып Үшбұрыштарды шешу, 3-дәріс, f634fae3800b990, Лаб. АХ1, 3 Физика 8. Жылу құбылыстары. Отын энергиясы. Таратпа материал, Пульмонология (нумерованный без букв), Аттестация 6 курс 2019-2020, 10v
Оқиға куәгерлері мен тарихшылардың деректері
Жүсіп Баласағүни алғашқылардың бірі болып туған тілінің туын жоғары көтеріп, өзінің «Құтты білік» дастанында былай деп мақтаныш сезіммен айтады:
Және ат беріп, қосқан сөздің шырайын,
Ізгі құлын жарылқасын Құдайым!
Ай, кітапты қабыл алып қарарсың,
Түрік тілі ғажабына қанарсың.
Жүсіп Баласағұни білім мен ақылдың пайдасы туралы былай деп жазады:
Тілегім сөз еді білгір, ей, бегім,
Ақыл, білім жайлы келді сөйлегім.
Ақыл - шырақ, қара түнді ашатын,
Білім - жарық, нұрын саған шашатын.
Ақыл қолдап, біліммен ер жетілер,
Екеуімен қадірі артып, бекінер.
Дана айтыпты: «Күнәһар да тамұқта,
Білімімен құтылар деп тамұқтан!»...
... Пайдасы көп, аз ақылды аз деме,
Қадірі көп, аз білімді аз деме!..
... Білім - байлық, азаймас һәм жоғалмас,
Ұры-қары қол жеткізіп ала алмас!..
... Ақыл - сенің анттасқан нақ жолдасың,
Білім - сенген мейірімді қандасың.
Біліктіге білім - күллі тон, асы,
Білімсіздің қылығы - сұм жолдасы!»
Ай, ақылды ер! Бойыңды ашу алмасын,
Ай, білікті ер! Атың дауда қалмасын!
Өкпе, ашумен ешқашан іс етпегін –
Егер, олай қылсаң, жапа шеккенің!..
... Ерге керек төзімділік, күш-қайрат,
Тұру керек Күн мен Айдай нұр жайнап.
Жомарттық һәм салмақтылық қажетті,
Білімділік, ақылдылық қажетті.
Ақыл керек білім таңдап аларға,
Білім керек іске жақсы қарарға...



§ 25. Мәдени қарым-қатынастың дамуы

Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының мақсаты болып табылады. Қазақ халқының ұлтаралық, дінаралық төзімділігінің түп-тамыры түркі кезеңінен бастау алады.


Түркі мәдениетінің Еуропа және Азия халықтарының мәдениетіне ықпал етуі. Түркілер әлемдік өркениетке өз үлесін қосты. Түркілер сол кез үшін жоғары экономикалық, саяси және мәдени дамуға жетті. Алтайдың шикізат байлығы тау-кен ісінің, металл өндірісі мен қолөнердің жетілуіне біршама ықпал етті. Олар барлық отырықшы өркениеттер үшін қол жетпейтін қатынастар жүйесін жасады. Орта ғасырлар дәуірінде Еуразия кеңістігіне мәдени жетістіктердің тез таралуына арғы түркілер (ғұндар) мен түркі-монғол тайпаларының қоныс аударуы ықпал етті.



Егіншілерге ішкі этникалық қатынастың тереңдей түсуі, ал көшпелі түркі тайпалары үшін сыртқы этносаралық дамудың басымдығы тән болды.
Еуразияның әр бөлігінде жергілікті және сырттан келген халықтың араласуы жүрді. Түрлі халықтардың өзара ықпал етуі барысында жаңа этнос пайда болды.

Бұлғар халқы осылай қалыптасты: оңтүстік славяндар мен фракиялықтар Дунайдың төменгі сағаларында өмір сүрді, кейін мұнда түркі-бұлғарлар келіп, түркі хандарының билігін орнатты. Бүкіл тұрғындар «болгар» (бұлғар) атауын алды, бірақ соған қарамастан этноста славяндық негіз сақталды. Қазіргі венгрлер және басқа шығысеуропалық этностар шамамен осылай қалыптасты.





Барлық этностар өзара араласады. Бұл үрдістер орта ғасырларда белсенді түрде жүрді. Бұл ретте орта ғасырлардағы түркі тайпалары жергілікті тұрғындармен қосылып, жаңа халықтардың пайда болуына ықпал етті.

Түркілердің көптеген жетістіктері: ат әбзелдерінің барлық түрлері, атап айтқанда, темір үзеңгілер, ер-тоқымдар және басқа да көптеген заттар Еуразияның барлық халықтарының игілігіне айналады.


Тіл мен жазу. Ежелгі түркі жазуы мен тілінің батысқа таралуы түркілердің аумақтық жылжуымен бір мезгілде жүрді.
Жергілікті тұрғындар Алтайдан Шығыс Еуропаға монғолдар келгенге дейін және Алтын Орда кезінде қыпшақ тілінде сөйледі, бұл тіл бәріне ортақ болды. Мысалы, қаржы жүйесіне «теңге», «алтын»; байланыс пен поштаны ұйымдастыруда «жәмшік» сөздері қосылды.
Теңгелердің атаулары, оларды дайындау тәсілі мен ақша жүйесінің өзі де түркілерден келді. «Қазына» да түркі сөзі болды. Ол құндылық, мемлекетке тиесілі мүлік мағынасын береді.
Орыс сенімхаттарында түркінің «алтын», «пятиалтыни» сөздері жиі кездеседі. Орыс тарихшысы Н.М. Карамзин былай деп жазды: «Бұхара мен Қыпшақ елінде өздерінің күміс және мыс теңгесі болды. Алғашқысы «танга», екіншісі «пула» деп аталды. Осыған орай ресейліктер өздерінің күміс ақшаларын «танга», ал мыс ақшаны «пула» деп атады». Түркі теңгелерін айналымға кіргізген Русь олардың атаулары мен белгілерін де қабылдады.
Бір мәдениеттің басқа мәдениетке ықпалы - адамзат тарихындағы тұрақты үрдіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет