Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет52/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

ХІІІ ғасырдың басында Хорезм қуатты мемлекет еді. Ол тек Хорезмнің, Мауараннахрдың, Иранның жерлерін ғана емес, Оңтүстік Қазақстанды да біріктірді.
Шыңғысханның Қытайдағы жеңістері туралы хабар Хорезмшахтар мемлекетінің билеушісі Мұхаммедті қобалжытты. Шыңғысхан жайлы нақты деректерді алғысы келген ол Монғолияға елшілік аттандырды. Елшілермен алмасқаннан кейін Шыңғысхан 1218 жылы жазда алтын, күміс, жібек, бағалы тері және басқа заттар тиеген 500 түйеден тұратын 450 адамы бар сауда керуенін жіберді.
Отырар билеушісі Ғайыр хан көпестерді тыңшылар деп айыптап, оларды өлтіруге бұйрық береді. Бұл қырғын туралы хабар Шыңғысханға жетеді. Қатты ашуланған Шыңғысхан Ғайыр ханды беруін талап етті, бірақ Хорезмшахтар мемлекетінің билеушісі бұл талаптан бас тартты.
Отырар қаласында монғолдардың керуенін жою тарихқа «Отырар опаты» ретінде еніп, Шыңғысханның соғыс жариялауына сылтау болды. Оған Хорезмшахтар мемлекетінің билеушісі немесе Ғайыр ханның іс-әрекеті себеп болған жоқ. Шыңғысханның жоспары бүкіл Азия мен Шығыс Еуропаны жаулап алу еді. Соғыс жаңа жайылымдар алу, байлыққа ие болу, сонымен бірге монғол қоғамын біріктіру қүралы ретінде қызмет етті.
Монғолдардың Қазақстан аумағын жаулап алуының басталуы. 1218 жылы дінаралық қарсылықты пайдаланған монғолдар Жетісуға енді. Тұрғындарды өз жағына тарту үшін әскерге өлкеде зорлық-зомбылық пен тонауға тыйым салатын бұйрық берді. Монғолдар мен Шыңғысханның өзі дінге қысымшылық жасамады, мұсылмандарға ғибадат жасауға еркіндік берді. Мұның өзі тұрғындардың монғолдар жағына шығуына ықпал етті. Баласағұн тұрғындары монғолдарға қақпасын ашты. Осы үшін де қала «Қайырымды қала» атағын алды.



Шыңғысхан Қазақстан аумағына жорығын шамамен 150 мың адамнан тұратын әскермен бастады. Отырарға жақындаған кезде монғолдар басшысы өз күштерін бөлді: ұлдары Шағатай мен Үгедей бастаған әскерді Отырарды қоршап, шабуылдауға қалдырды. Жошы бастаған басқа бөлікті Сырдария бойымен төмен қарай жіберді. Өзі негізгі күштермен Бұхараға аттанды.

Отырарды қоршау алты айға созылды. Билеуші Ғайыр ханның басқаруында қала асқан ерлікпен қорғанды. Тек әскербасылардың бірінің сатқындығы ғана Отырардың құлауын тездетті. Монғолдар қалаға басып кірді. Әскер мен тұрғындардың бір бөлігі қамалға бекініп алып, қорғанысты жалғастыра берді. Шағатай мен Үгедей әскері Отырарды қиратып, тұтқынға түскен Ғайыр ханды Шыңғысханға жеткізді. Ол ержүрек билеушіні жазалауға бұйрық берді.


Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы қалаларды бағындыруға жіберілген Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы 1220 жылы Сығанаққа жақын келді. Оны қоршау жеті күн мен түнге жалғасты, монғолдар қаланы шабуылмен алды.
Қала талқандалды. Ашнас қаласы қиян-кескі қарсылық көрсетті, бірақ тең емес шайқаста құлады. Одан кейін монғолдар Жентке жақын келді. Жошы келісім жасау үшін қалаға елші жіберді. Монғолдар қаланы қантөгіссіз алды. Оңтүстік Қазақстанның үш қаласы - Отырар, Сығанақ, Ашнас қиян-кескі қарсылығы үшін толық жойылды.
Хорезмшахтар мемлекетінің билеушісі Иранға қарай қашты, монғолдар Мұхаммедтің соңынан қуу кезінде Кавказ арқылы Батыс Дешті Қыпшақтан бір-ақ шықты. Мұнда олар қыпшақ тайпаларының қарсылығына тап болды. Қыпшақтар мен орыстардың біріккен әскерлері монғолдармен Калка өзенінде кездесті. Іс-қимылдардағы бірауыздылықтың жоқтығынан одақтастар жеңіліске ұшырады. Алайда монғолдар Руське енбеді. Солтүстік-батыстан қазіргі Қазақстан даласына кіріп, шығыс қыпшақ тайпаларын бағындырды. Одан кейін негізгі күштермен қосылу үшін ары қарай жылжыды. Сөйтіп, монғолдар Қазақстан аумағын 1219-1224 жылдары толықтай басып алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет