Х-ХІІ ғасырларда ортағасырлық мұсылман әлеміне кеңінен танымал ғұламалар шықты. Олар мұсылман мәдениетінің ғана емес, бүкіл әлем өркениетінің дамуына зор үлес қосты. Мұсылман мәдениетінің әсері елеулі еді, бірақ соған қарамастан түркілер өз тілі мен дүниетанымын сақтап қалды.
Әбу Насыр әл-Фараби, әл-Бируни еңбектерін араб тілінде жазды. Ал Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашғари, Ахмет Иүгнеки, Қожа Ахмет Йасауи, Сүлеймен Бақырғани өз шығармаларын түркі тілінде жазды. Түркі мемлекеттерінде араб тілі ғылым тілі ретінде қолданылды.
Қожа Ахмет Йасауи (XII ғасыр). Йасауи - исламдағы түркі танымының негізін қалаушы, «Диуани Хикмет» («Даналық кітабы») еңбегінің авторы.
Йасауи ислам идеологиясын түркілер дүниетанымымен байланыстырды, сол арқылы ислам өркениетінде түркі арнасын айқындады. Йасауи исламдағы «түркі» танымы жолының негізін қалады.
Йасауи шығармасы барлық түркі халықтарының ортақ рухани байлығы. Бұл қыпшақ диалектісінде жазылғанына қарамастан барлық түркілер әлі күнге дейін «Хикметті» аудармасыз оқи алады.
Йасауи түркі халықтары алдында иманды және жетілген адам үлгісі ретінде көрінеді. Ол өз шәкірттеріне үндеу тастай отырып, «сауаты жоқты құдай қаламайды» деген уағыз айтады.
Арыстан-баб Ахмет Йасауидің алғашқы ұстазы болған. «Арыстан-бабтың сөздері қасиетті - оны тыңдаңдар, бұл сөздерде екіжүзділік, өтірік, пайдакүнемдік сыналады және онда адамгершілік тұрғыда жетілуге шақыру бар» деп ой түйеді Қожа Ахмет Йасауи.
Орта Азия мен Қазақстанның мұсылман қауымы Арыстан-бабты пір тұтқан. Соған сәйкес әуелі Арыстан-баб, кейін Қожа Ахмет кесенесіне зиярат ету дәстүрге айналған. Халық арасында: «Арыстан-бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деп бекер айтылмаса керек.
Ахмет Йасауидің шәкірті Сүлеймен Бақырғани болды. Ол Хакім ата ретінде де белгілі. Оның шығармалары бірнеше ғасыр бойы Орта Азия мен медреселерінде дін ілімі жөніндегі оқулықтар Ақын адамдарды ізгілікке, адалдыққа шақырды.