Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет44/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А
сессия Шадияр, 29-30 сабақ 9 сынып Үшбұрыштарды шешу, 3-дәріс, f634fae3800b990, Лаб. АХ1, 3 Физика 8. Жылу құбылыстары. Отын энергиясы. Таратпа материал, Пульмонология (нумерованный без букв), Аттестация 6 курс 2019-2020, 10v
Х-ХІІІ ғасырдың басы - Орталық Қазақстанда да егіншілік мәдениетінің өркендеу кезеңі болды. Бұл аймақтың өзен аңғарларындағы көгалды алқаптардан суару жүйелері табылды.
Осы кезеңде қолөнер, сауда және ауыл шаруашылығы орталығы ретіндегі қаланың рөлі артты.



§ 21. Қолөнер. Көшпелілердің материалдық мәдениеті


Х-ХІІІ ғасырлардағы қолөнердің даму ерекшеліктері. Қалалар мен оның тұрғындары санының өсуі қолөнер түрлерінің дамуына игі ықпал етті. Х-ХІІ ғасырларда қолөнер шеберханаларының саны артты. Мұның өзі айырбас пен сауданың ұлғаюына әкелді.
X ғасырға қарай Қазақстан аумағында мұсылмандық бейнелеу өнері қалыптасты. Бұл ою-өрнекке негізделген жазу мәнерін орнықтырды. Мұндай үлгі исламды қабылдаған түркі сәулет өнерінің өркендеген кезеңінде пайда болды.
Орта ғасырларда зергерлік өнер ерекше дамыды. Зергерлер полихромдық үлгі дәстүрін жалғастырды. Далада үлкен сұранысқа ие айылбас, үзеңгі мен кісе белдік қаптырмалары, сырға және басқа да әшекейлер полихромдық үлгіде жасалды. Жетісу әсіресе күміс бұйымдар өндірумен әйгілі болды.
Алтын кен орындары ханның жекеменшігі деп есептелді. Олар жат елдіктерден қорғалды. Бұл жерлерден тіпті керуендердің өтуіне де тыйым салынды.
Орта ғасырларда көркем қолөнер өркендеді. Жылтыр бояулы құймалы қыш пайда болды. Өрнек салынған әшекейлі сырлы ыдыстар кең таралды. Құмыра жасайтын шеберлер ыдыстарға түрлі геометриялық, зооморфтық (хайуанаттар бейнелі) және әріптік өрнектер салды.
Қазақстан аумағында шыны бұйымдарды өңдеу IX ғасыр, ал олардың жаппай таралуы X-XII ғасырларға жатады. Бұйымдардың ең кең тараған түрлері көзе, құмыра, тостаған, шамдар болды. Терезе әйнектері де жасалды.
Металл өндіру мен ұсталық кәсіп ежелден Қазақстан тұрғындары қолөнер өндірісінің маңызды саласын құрады. Ұсталық ісі өрістеді. Ұсталар әдетте жеке махаллаларға қоныстанды.
Мыстан жасалған бұйымдар өндіру әсіресе қалаларда кеңінен таралды. Қолөнершілер мыстан ыдыс-аяқ, әшекейлер, қоладан ғажайып шырағдандар жасады.
Көшпелілердің материалдық мәдениеті. Көшпелілер арасында қолөнердің тері мен жүн өңдеу, металл балқыту, ағаш пен сүйек өңдеу, зергерлік кәсіп түрлері кеңінен дамыды.
Қолөнер өндірісінің ең ежелгі салаларының бірі - тері мен жүн өңдеу еді. Әдетте әр көшпелі қажетті заттарды өздері дайындай алды. Далалықтар киізден үйге қажетті жабдықтардан бастап киімге дейін өздері жасады. Рубруктың деректері бойынша, «қыпшақтар үйді ақ киізбен жапты, киізге жарқырап тұруы үшін жиі-жиі өктас, ақ топырақ және сүйек ұнтағын септі, олар кейде қара киізді де пайдаланды. Ою-өрнектер мен аң-құстың бейнесін салып, түсті киіз басты».
Киіз үй мен арба жасайтын қолөнершілердің ерекше тобы болды. Олар өз кәсібіне қажетті ағаш өсетін жерлерде тұрды. Қолөнершілер түрлі еңбек құралдарын пайдаланды. Арбалар мен киіз үйдің ағаш құрылымын жасап сатты немесе азық-түлік пен малға айырбастады. Олар көбінесе тапсырыспен жұмыс істеді. Көшпелі қауымдағы қолөнершілер құрал-сайманын алып, ауылмен бірге көшіп жүрді. Металл балқытушылар мен ұсталар шағын тұрақтарда отырықшы өмір кешті.
Археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде табылған бұйымдар мен жазба деректер көшпелілердің күнделікті өмірі, шаруашылығы, діни наным-сенімдері, қолөнері туралы жан-жақты білуге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет