Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет57/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

В. Бартольд, Л. Гумилев және басқа белгілі тарихшылар Монғол империясы құрылуының маңызды рөл атқарғандығы туралы қорытындыға келді.


§ 30. Шығыс Дешті қыпшақтың саяси бөлектенуі. Ақ Орда


Монғол шапқыншылығынан кейінгі кезең (XIV-XV ғасырлар). Үлкен монғол ұлыстары феодалдық иеліктерге бөлшектеніп кетті. Шаруашылығы бірдей, этникалық негіздері ортақ мемлекеттер құрылды.



Қазақстан аумағында Алтын Орда құлағаннан кейін бірнеше мемлекеттер - Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы құрылды. Бұл мемлекеттерде түркі халықтары: қазақтар, өзбектер, қырғыздар, татарлар, ноғайлар және басқалар қалыптасты. Дербес қазақ халқы мен оның мемлекеті - Қазақ хандығы құрылуының тарихи алғышарты жасалды.



Ақ Орданың пайда болуы. XIII ғасырдың ортасы - XV ғасырдың басында Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді.
Рашид-ад-диннің (XIV ғасыр) айтуынша, Жошы ұлысының шығыс бөлігін оның үлкен ұлы Орда Ежен басқарды. Осы жерді Орда Ежен інісі Бату ханнан алғандығын Әбілғазы да (XVII ғасыр) растайды. Шығыс Дешті Қыпшақ Орда Еженнің және оның мұрагерлерінің билігінде болғандығы анық.



Ақ Орда аумағы біртіндеп қалыптасып, Алтын Орданың әлсіреуіне байланысты кеңейді. Ақ Орда XIV ғасырдың екінші жартысында өзінің шарықтау кезеңіне жетті. XIV ғасырда Орда Ежен ұрпақтарының билігі Жетісудан басқа қазіргі Қазақстанның барлық аумағына тарады.

Ақ Орданың орталығы - Сығанақ қаласы болды. Мемлекетте түркі тілдес тайпалар және жорық барысында келген монғолдар да болды. Монғол тайпалары XIV ғасырға қарай толықтай түркіленді.





Ақ Орда саяси және экономикалық жағынан дербес мемлекет болды. Ақ Орда ХІV-ХV ғасырлар аралығындағы Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы тайпалар мен халықтарды біріктіруде маңызды рөл атқарды.



Саяси тарихы. Ақ Орданың саяси тарихын үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең Шығыс Дешті Қыпшақтың аумағын Алтын Орда билігінен босату жолындағы ұзаққа созылған күреспен сипатталады. XIV ғасырдың ортасында Ерзен мен Мүбәрак қожа хандар Алтын Ордаға тәуелділікті түпкілікті түрде жойды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет