Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет58/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А
сессия Шадияр, 29-30 сабақ 9 сынып Үшбұрыштарды шешу, 3-дәріс, f634fae3800b990, Лаб. АХ1, 3 Физика 8. Жылу құбылыстары. Отын энергиясы. Таратпа материал, Пульмонология (нумерованный без букв), Аттестация 6 курс 2019-2020, 10v
Екінші кезең - бүл Ақ Орданың күшейген кезеңі. XIV ғасырдың 60-70-жылдары билік құрған Ұрұс хан тұсында Ақ Орда айтарлықтай нығайып, бүкіл Алтын Орданы біріктіруші ұлыс ретінде көрінді.
Мемлекет тарихының үшінші - соңғы кезеңі Мауараннахрдың билеушісі Әмір Темір басқыншылығына қарсы күрес кезеңі. Осы күрестегі барша ауыртпалық Ақ Орда билеушісі Ұрұс ханға түсті.
XIV ғасырдың соңы - XV ғасырдың басында Ақ Орда көрші Моғолстан мемлекеті сияқты Әмір Темір әскерінің бірнеше жойқын шапқыншылығына ұшырады.
Мемлекеттің құлауы. XIV ғасырдың 70-80-жылдары Әмір Темірдің Ақ Орда мен Моғолстан аумағына жасаған ондаған жорықтары нәтижесінде мемлекет әлсіреді. Тұрғындар аяусыз қырылды немесе тұтқынға түсті. Көшпелілер үшін маңызы зор Оңтүстік Қазақстан аумағы, оның қалалары: Сығанақ, Отырар, Сауран, Йасы, Сайрам күйреді.



Басқыншыларға қарсы күрес барысында Ақ Орда мен Моғолстан күштері бірікті. Бірлескен күрестің тарихи маңызы зор болды. Себебі бұл Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісу тұрғындарының топтасуына әсер етті.



XIV ғасырдың соңы - XV ғасырдың басында Әмір Темірдің басқыншылық соғыстары мен ішкі қырқыстар нәтижесінде Ақ Орда айтарлықтай әлсіреді. 1423-1428 жылдары Ұрұс ханның немересі Барақ Ақ Ордадағы билікті біраз уақыт нығайтты. 1425 жылы Барақ Әмір Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа шығып, Сығанақ қаласымен бірге Сырдарияның орта ағысы бөлігін қайтарып алды. Бірақ 1428 жылы Барақ қайтыс болып, Ақ Орда аумағындағы билік Шайбани ұрпағы Әбілқайырдың қолына өтті. Ұрұс хан мен Барақтың ұрпақтары өз биліктерін өздері мұрагерлік еткен жерлерде ғана - Қазақстанның оңтүстік аймақтарында сақтап қалды. Әмір Темірдің Ақ Орда мен Моғолстанға байланысты басқыншылық саясаты қазақ тайпаларының бірігуі мен мемлекеттік дамуын тежеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет