Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет61/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

XV ғасырдың соңында Әмір Темір ұрпақтары басқарған мемлекеттердің ішкі жағдайы тіпті шиеленісті. Мауараннахрдың ірі қалаларында өзара жауласқан дербес билеушілер пайда болды. Әмір Темір ұрпақтары мемлекеттерінің бытыраңқылығы XVI ғасырдың басында әулеттің құлауына әкелді. Мауараннахрдағы билік Шайбани ұрпақтары басқарған Дешті Қыпшақтағы көшпелі өзбектер қолына өтеді.



Оқиға куәгерлері мен тарихшылардың деректері
Әмір Темір Ибн Арабшахты 12 жасында Дамаскіде тұтқынға алып, Самарқанға әкеткен. Кейін Ибн Арабшах отанына қайта оралып, Әмір Темір туралы кітап жазған. Автор Әмір Темірдің құдай берген мемлекет басшысы болғанын, абыройлы, тәкаппар, ғылымды құрметтеген т.б. ерекше қасиеттер иесі болғандығын айтады. Ол аңға шығу мен шахмат ойнауды ұнатқан, тіпті бұл жағынан қабілеті жоғары болды. Ұйымдастырушылық талантымен көзге түсіп, жалғандыққа шыдамаған, қандай ащы болса да шындықты мойындаған.
Сәтсіздіктер кезінде рухын жоғалтпай, жетістіктер кезінде қуанбаған. Әмір Темір батыл да ержүрек жауынгерлерді жақсы көрген, солардың арқасында «тау қопарған» және кереметтей жолы болған, - деп жазады.



§ 33. Әбілқайыр хандығы (1428-1468 жылдар)


Әбілқайыр хандығының құрылуы. XV ғасырдың 20-жылдары Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында Әбілқайыр хандығы құрылды. Жаңа хандықтың қалыптасуы Ақ Орданың күйреуі нәтижесінде жүзеге асты.
Көшпелі тайпалардың кейбір басшылары мен Шайбани ұрпақтарының қолдауымен 1428 жылы Әбілқайыр хан болып жарияланды.
Тарихи әдебиетте бұл мемлекеттің басқа атауы да бар. Ол Көшпелі өзбектер мемлекеті деп те аталады. Әбілқайыр хандығының аумағы батысында Жайықтан, шығысында Балқашқа дейінгі, оңтүстігінде Сырдарияның төменгі ағысынан, солтүстігінде Ертіске дейінгі жерлерді алып жатты.
Мемлекетті қыпшақ, қарлұқ және түркіленген монғол тайпалары құрады. XIV ғасырдың соңы - XV ғасырдың бірінші жартысында бұл тайпалар ортақ «өзбектер» атауымен белгілі болды.
Саяси тарихы. Әбілқайыр дербес хандық құрып, қырық жыл бойы билікті ұстай алды. Ол басқарған кезең қақтығыстар мен соғыстарға толы болды.
Әбілқайыр хан ұлыс билеушілерінің артықшылығын шектеу саясатын жүргізді. Замандастары жазғандай, «мемлекетті басқару бұрынғы дәстүрге сәйкес келмеді». Мұның бәрі Әбілқайыр мемлекетін аласапыран мен шиеленістерге алып келді. Бұл жағдай Шыңғысхан ұрпақтары, оның ішінде Керей мен Жәнібек басқарған қарсы топтың пайда болуына әкелді.
Әбілқайыр хан Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігінде басқыншылық соғыстар жүргізді. Хорезмді, Сырдариядағы бірнеше қаланы басып алды. Сығанақ мемлекет орталығына айналды.
Ол өзін қолдаған тайпалардың көсемдеріне қалаларды үлестер (сойырғал) түрінде таратты. XV ғасырдың 50-жылдары Әбілқайыр хан Әмір Темір ұрпақтарының ішкі алауыздықтарына араласа отырып, Мауараннахрға шапқыншылықтарын жалғастырды. Бұл Әбілқайырдың соңғы жеңістері болатын. Бұдан кейін тұтастай ішкі және сыртқы саяси жеңілістер бірінен соң бірі жалғаса түсті.
Жағдай ойраттардың шапқыншылығымен шиеленісіп кетті. Әбілқайыр әскерлері мен ойраттар арасындағы шайқас 1457 жылы Сығанаққа жақын жерде өтті. Әбілқайыр қатты жеңіліске ұшырады. Қарсылыққа кездеспеген ойраттар Сырдарияның бүкіл алқабын тонады. Түркістан, Ташкент, Отырар қалалары басып алынды. Әбілқайыр мұндай қорлыққа көне отырып, жауымен келісім жасауға мәжбүр болды. Осыдан кейін оның беделі мүлдем түсті, мемлекеті қүлдырады.
Әбілқайыр билігінің әлсіреуін пайдаланған Шыңғысхан ұрпақтары оған бағынудан бас тартты. XV ғасырдың 50-жылдарының соңында Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған тайпалардың бір бөлігі Әбілқайыр хандығынан Моғолстанға көшіп кетті. Хан оларды жазалауға тырысып, Жетісуға жорық та ұйымдастырды. 1468 жылы Әбілқайыр хан жолда қаза тауып, оның әскері кері қайтты.
Әбілқайыр хандығының құлауы. Әбілқайырдан кейін хандық күйреді. Шайбани ұрпақтары Шығыс Дешті Қыпшақтағы биліктен айырылды, бірақ саяси күрестен бас тартпады. Шайбани ұрпақтарын Әбілқайырдың жас, қажырлы да батыл немересі Мұхаммед Шайбани басқарды. Жас сұлтан өз жасағын құрып, Шайбани ұрпақтарының билігін қалпына келтіру үшін күресті бастады. Алайда Мұхаммед Шайбани атасының орнын баса алмады, оны қолдағандар тым аз еді.
Мұхаммед Шайбани өзін жақтаушылармен бірге Әмір Темір ұрпақтарына қарсы шықты. Бұл кезде Әмір Темір ұрпақтарының мемлекеті құлдырай бастаған еді. 1500 жылы Мұхаммед Шайбани Самарқанды, Бұхараны және бірнеше қаланы басып алып, Самарқанды өз ордасы етіп жариялады. Мауараннахр XVI ғасырдың соңына дейін Әбілқайыр ұрпақтарының билігінде болып келді.



Көшпелі өзбектер мемлекетінің құлау себептері: 1) мемлекет билігінің әлсіздігі; 2) өзара қырқыстар; 3) көшпелілердің Әбілқайыр саясатына наразылығы.

Қазақ хандығының құрылуына байланысты шайбанилықтардың Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы билігі жойылды.


Әбілқайырдың хандық етуінің тарихи маңызы оның тұсында Шығыс Дешті Қыпшақ көшпелі өзбектерінің қуаты күшейгендігімен айқындалады. Өзбек ұлысынан бөлінген халықтың басында Қазақ хандығының негізін салушылар, Орда Еженнің ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандар тұрды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет