Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


жылы хандықтағы билік Шайбани ұрпағы Көшімге



бет64/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

1563 жылы хандықтағы билік Шайбани ұрпағы Көшімге көшті. Алайда ол сыртқы саясатты өзгертіп, ноғайлар мен қазақ жерлеріне басқыншылық шабуылдар жасады, Орыс мемлекетімен қарым-қатынасты үзді.
1581-1583 жылдары атаман Ермак бастаған орыс казактары Іскер қаласы мен Көшімнің иеліктерін басып алды. XVI ғасырдың соңында орыс әскерлері Сібірдің соңғы ханы Көшімді жеңіліске ұшыратты. Ресей өзіне Батыс Сібір жерін қосып алды. Бұрынғы Сібір хандығының дала тайпалары Қазақ хандығының құрамына енді.
ЖЕТІНШІ ТАРАУ


ХІІІ-ХV ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ САЯСИ ҚҰРЫЛЫМЫ, ЭКОНОМИКАСЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ


§ 35. ХІІІ-ХV ғасырдың бірінші жартысындағы мемлекеттердің қоғамдық және саяси құрылымы


Әлеуметтік-саяси жағдай. Монғолдар бағындырған елдерде тек Шыңғысхан ұрпақтары ғана хан бола алды.



Шыңғысхан ұрпақтарының билік ету құқығы дәстүрге енді. Шыңғысхан ұрпақтары өз алдына оқшауланған жоғары билік әулетін құрды. Хан болу құқығы тек Шыңғысхан ұрпақтарында сақталды. Тек солар ханды сайлап, одан ант қабылдады. Хан әулетінің мүшесін сотқа ханның өзі ғана тарта алды.

Хан мемлекетті басқарды. Ол өзінің қол астындағылар мен әскеріне балаларындай қамқорлық жасауға міндетті болды. Ал олар мемлекет басшысын «өз әкесі» деп есептеуге тиіс еді. Хан билігі белгілі құқықтарды және бірқатар міндеттерді атқарумен айқындалды. Ханның мынадай бес құқығы мен міндеті болды:



  1. Ханның барлық жерге, елдің бүкіл аумағына билік ету құқығы, басты міндеті - елді сыртқы жаулардан қорғау.

  2. Ханға соғыс жариялау және бітім жасау құқығы берілді, ол - әскердің жоғарғы қолбасшысы.

  3. Ханға шет мемлекеттермен келісім жасау және мемлекеттің сыртқы саяси бағытын анықтау құқығы берілді.

  4. Ханға өз қол астындағы адамды өлім жазасына кесу немесе тірі қалдыру құқығы берілді, ол жоғарғы сот міндетін де атқарды.

  5. Ханға қоғамның барлық мүшелеріне міндетті заңдар, бұйрықтар шығару құқығы беріліп, ол қоғамдық құрылым мен тәртіпті сақтады.

Ханның кеңесшілері уәзірлер, билік органы құрылтай болды.
Ақ Ордадағы, Әбілқайыр хандығы мен Моғолстандағы түркі тайпаларының басшыларын әмірлер, ал Ноғай Ордасындағыларды билер деп атады. Мемлекет тағының мұрагерін тәрбиелеуші атабекке үлкен мән берілді.
Жерді пайдалану және салықтар. Ұлыстық жүйе көшпелілерге жайылымдар мен суат көздері бар жер аумағының болуына мүмкіндік берді. Бұл ұлыстық бірлестіктердің өзара қақтығыстарын болдырмады.
Билеуші әулеттің барлық мүшелерінде ұлыс аумақтарын иелену құқығы болды. Рулық-тайпалық топтарды басқарған ақсүйектер жеріне ешкім қол сұқпайтын ерекше құқық беретін тархан лауазымын алды.
Деректерде жер иелену мен жер меншігінің басқа түрлері де атап көрсетілген. Шыңғысхан ұрпақтарының тұрғындарымен бірге алған жерлері інжу, дін қызметшілері мен мұсылман діни мекемелерінің жері вақф деп аталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет