Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


§ 34. Ноғай Ордасы. Сібір хандығы



бет62/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

§ 34. Ноғай Ордасы. Сібір хандығы


Ноғай Ордасының құрылуы. Алтын Орданың құлауы мен Ақ Орданың әлсіреуі барысында пайда болған мемлекеттің бірі Ноғай Ордасы еді. Ноғай Ордасының жер аумағы Еділ мен Жайық аралығында болды. Орталығы Жайықтың төменгі ағысы бойындағы қазіргі Атырау жанындағы Сарайшық қаласында орналасты. Қаланың негізін XIII ғасырдың екінші жартысында Жошы ұрпақтары қалады. Ноғай Ордасының орталығына айналған Сарайшық әкімшілік пен сауда орталығы ретінде өзінің гүлдену деңгейіне жетті. XVI ғасырдың соңында Дон және Еділ казактары қаланы басып алып, тонауға ұшыратты.
Жаңа мемлекеттің атауы Алтын Орданың әскербасы Ноғай есімімен байланысты. Ноғай үлкен ұлысты басқарды, мемлекеттегі маңыздылығы жағынан екінші орындағы беклербек лауазымын иеленді.
Жайық пен Еділ аралығындағы тайпалар бірлестігі Ноғай ұлысына енген маңғыт тайпасының атымен Маңғыт жұрты деп аталды. XV ғасырдың бірінші жартысында маңғыт жұртының (Ноғай Ордасының) қалыптасуы аяқталды. Ноғай Ордасының этникалық құрамы Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығындағы сияқты түркі және түркіленген монғол тайпаларынан тұрды. Ноғай Ордасының негізгі тұрғындары маңғыттар тайпасы еді.
Ноғай Ордасының тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы Едіге тұсында басталды. Едіге Алтын Ордада бірнеше жыл бойы беклербек болды. Едіге билік еткен тұста Ноғай Ордасы Алтын Ордадан бөліне бастады.
Ноғай Ордасының саяси тарихы. Ноғай Ордасы XV ғасырдың ортасына қарай Едігенің ұлы Нұраддиннің тұсында түпкілікті түрде оқшауланды.
Ноғай Ордасының шегаралары сыртқы саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырды. XV ғасырдың екінші жартысына қарай ноғайлар «өзбектер» жеріне жылжыды. Сырдария қалалары үшін күрес жүргізіп жатқан Әбілқайыр ноғайларга қарсылық көрсетпеді. Ноғайлар оның бодандары санын толтырады деп үміттенді.
Ноғай Ордасы бірнеше ұлыстан құралды. Ұлыстар басында мырзалар (түрік тайпаларының басшылары) тұрды. Мырзалар өз иеліктерінде шексіз билікке ие болды. Қатардағы көшпелілер - малшылар өздерінің мырзаларына салық төлеуге, әскери жорық кезінде өз қаруымен келуге міндетті еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет