Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет70/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А
сессия Шадияр, 29-30 сабақ 9 сынып Үшбұрыштарды шешу, 3-дәріс, f634fae3800b990, Лаб. АХ1, 3 Физика 8. Жылу құбылыстары. Отын энергиясы. Таратпа материал, Пульмонология (нумерованный без букв), Аттестация 6 курс 2019-2020, 10v
XIII ғасырдың басына қарай тұрғындардың бірігу үрдісіне, біріншіден, ерте феодалдық мемлекеттердің құрылуы; екіншіден, шаруашылық пен мәдениеттің ортақтығы; үшіншіден, түркі тілінің басымдық етуі; төртіншіден, көшпелі мал шаруашылығының, отырықшы-егіншілік пен қала мәдениетінің дамуы ықпал етті.



Қазақстан аумағында түрлі кезеңде өмір сүрген андрондықтар, сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, түркі тайпалары (түргеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ, найман, арғындар т.б.) қазақ ұлысының этникалық негізін құрады.

Этностың қалыптасу үрдісі монғол шапқыншылығына байланысты тежелді. Тұрғындардың біраз бөлігі жойылды немесе Қазақстан аумағынан тыс жерлерге ығыстырылды. Түркі тайпаларының қалған бөлігі Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстары сияқты жаңа мемлекеттік құрылымдар аумағында бір-бірінен ажырап қалды.


Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы. Қазақстан аумағындағы тайпалар мен халықтардың одан әрі бірігу үрдісі монғол кезеңінен кейінгі Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы және Моғолстан мемлекеттерінің тарихымен байланысты. Олар этникалық жағынан жақын тайпалардың аумақтарын біріктіріп, барлық өмір саласында өзара ықпалдасу үрдісін жүргізді. Бұл мемлекеттер тайпалардың ортақ экономикасы мен мәдениетінің дамуын қамтамасыз етті.
Көшпелі мал шаруашылығы мен егінші және қала мәдениеті арасында өзара тиімді қарым-қатынас орнады. Соның нәтижесінде шаруашылықтың түрлі салаларынан түратын ортақ экономикалық аймақ құрылды. Тұрғындардың тұрақты шаруашылық, мәдени, саяси байланыстары нығайып, ортақ этникалық белгілері орныға бастады.
ХІV-ХV ғасырларда қазақ тілі қалыптасты. Тұрғындар бірыңғай антропологиялық түрге ие болды.



XV ғасырдың екінші жартысы - XVI ғасырда негізгі түркі тайпаларының біртұтас Қазақ хандығына бірігуімен қазақ халқының қалыптасуы аяқталады. Монғол басқыншылығынан кейін Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның барлық дерлік түркі тайпалары алғаш рет ортақ мемлекетке бірікті.



«Қазақ» термині. Халық өзінің қазіргі атын неліктен осылай атаған? Орысты - орыс, украинды - украин, қазақты - қазақ деп атауда қандай сыр бар? «Қазақ» этнонимін анықтау зерттеушілер арасында көп тартысқа әкелді. Халық атауының шығуы туралы көптеген аңыздар бар.
Қазақ хандығы тарихын зерттеушілердің пікірінше, қазақ - түркі сөзі. Бастапқыда ол ерікті, еркін деген мағынада қолданылды. «Қазақ» сөзі өз ортасынан немесе мемлекетінен бөлектеніп, тәуелсіз өмір сүрген еркін адамдарды білдірген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет