Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет80/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

1586 жылы Тәуекел Бұхар ханының иеліктеріне басып кірді. Қазақтар нашар қаруланғанына қарамастан асқан ережүректік көрсетіп, бұхарлықтарды тас-талқан етіп жеңеді.
Тәуекел хан Сырдария бойы қалаларына ие болу үшін күресте ерекше табандылық көрсетті. 1597-1598 жылдары Бұхар ханы мен Тәуекел әскері Ташкент пен Самарқан арасында кездесті. Бұхарлықтар ойсырай жеңілді.
Тәуекел аз уақытта Сайрамды, Ташкентті, Түркістанды, Әндіжанды, Самарқанды басып алды. Алайда қазақтардың екпінді қимылына Бұхара қаласында тойтарыс берілді. Қала қорғаушылары шабуылға төтеп беріп, қазақтарды жеңіліске ұшыратты.
Бұхара түбіндегі шайқастардың бірінде Тәуекел хан ауыр жараланып, 1598 жылы қаза тапты. Біраз уақыт өткен соң оның мұрагері Есім хан Бұхарамен бейбіт келісім жасады. Қазақтар өздеріне Ташкент, Сайрам, Түркістан қалалары мен бірнеше басқа қамалдарды сақтап қалды. Самарқаннан бас тартып, қаланы Бұхар әміріне қайтарып берді.
Тәуекел хан талантты қолбасшы және іскер дипломат ретінде Орталық Азияға кеңінен танылды. Замандастарының айтуынша, ол сонымен бірге батырлығы, талантты қолбасшылығы, өзін-өзі ұстай білу өнегесімен ерекше көзге түсті. Абдаллах ханның сарай тарихшысы Тәуекел туралы: «ержүректігі мен батылдығы және ерлігі жағынан ол Дешті Қыпшақта даңққа бөленді» деп жазды.



Тәуекел ханның сыртқы белсенді саясаты мына жетістіктерге қол жеткізді:

  1. Сырдарияның орта ағысындағы қалалар қазақтардың қол астына өтті.

  2. Орыс үкіметімен байланыстар орнады.

  3. Қазақ хандығының ықпалы ноғайлар мен башқұрт елінің шегаралық аймақтарына таралды.

  4. Сібір ханы Көшімнің иелігіндегі жерлер Қазақ хандығының құрамына қосылды.



§ 46. XVII ғасырдың басындағы Қазақ хандығы. Есім хан (1598-1628 жылдар)


Сыртқы саясат. Шығай ханның ұлы Есім хан халық жадында өзінің белсенді сыртқы саясатымен өшпес із қалдырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет