Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет20/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

VІ-ІХ ғасырларда қала мәдениетін дамытуда Ұлы Жібек жолы және халықаралық керуен саудасы маңызды рөл атқарды. Қарқынды сауда Іле, Шу және Талас өзендерінің алқаптарында ондаған қалалар мен бекіністі қалашықтардың пайда болуына жеткізді.
VІ-VІІІ ғасырларда Шу алқабында ірі қалалар мен көптеген шағын қоныстар болды. «Хұдуд әл-алам» деректерінде қарлүқтар елінде 25 қала мен қоныс болғандығы айтылады. Олардың көпшілігі Ұлы Жібек жолы бойында орналасты.
Қалалар туралы деректер руна жазуларында сақталған. Мәселен, көне түркі руна ескерткіштерінде «балық» - қала, «балықдақы» - қалалықтар, «барқ» - ғимарат деген түркілік атаулар келтірілген.
Ортағасырлық Қазақстан қалаларының бірнеше ерекшеліктерін атап өтейік. Біріншіден, Қазақстан қалалары көшпелілер әлемімен тығыз байланыста болып, солардың ықпалымен дамыды. Екіншіден, қала халқының бір бөлігі жартылай отырықшы мал шаруашылығымен айналысып, жаз мезгілін жайлауда өткізді. Үшіншіден, қалалар алғашында әкімшілік-сауда орталықтары ретінде пайда болды.
Сәулет өнерінің ескерткіштері. Көне түркілер, түргеш, қарлұқтар заманындағы қала мен далада сәулет ескерткіштері бой көтерді. Қолданбалы және бейнелеу, мүсін енері дамыды. Кедер мен Жамукет сарайлары (VІІ-ІХ ғасырлар) осының айқын мысалы болып табылады.
Сарайлар мен ғибадатханаларды безендіруге сырлы сурет, өрнекті сылақ, оймыш ағаш тақтайшалар кеңінен қолданылды. Қабырғаларды өрлендіруге өсімдік және зооморфты (хайуанат пішінді) өрнектер пайдаланылды.
Суяб пен Науакенттегі қазба жұмыстары кезінде будда храмдарының орындары табылды. Ғибадатханалардың қабырғалары сырлы суреттермен безендірілген. Қабырға қуыстары мен көтеріңкі сәкі үстінен будда мүсіндері табылған.
Жамбыл облысында қарлұқ дәуірі сәулет өнерінің ескерткіші - Ақыртас ғимараты орналасқан. Ол 180x205 м аумақты алып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет