Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет16/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

VІІІ-ІХ ғасырлардағы оқиғалар барысында қимақ тайпалары Ертістен Жоңғар қақпасы аралығындағы аумаққа берік орнықты. Кейін батыста Жайыққа дейін жылжыды. VIII ғасырдың соңында қимақ бірлестігіне көптеген қыпшақ тайпалары енді.



Қимақтардың батысқа қоныс аударуына - жайылымдар қажеттілігі, Енисей қырғыздарымен қақтығыстар, Ұйғыр қағанатының қысымы ықпал етті.
Қимақ қағанатының құрылуы IX ғасырдың ортасында аяқталды. 840 жылы Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін оған енген тайпалардың бір бөлігі қимақтарға қосылды. Қимақ тайпалық одағының басшысы қаған лауазымын иеленді.



Қимақтардың мемлекеттік құрылымы. Қимақ қағанатының құрамына бірнеше тайпа енді. Олардың ішіндегі сан жағынан басымы қыпшақтар болды. Мемлекеттің орталығы Ертістің жоғарғы жағында орналасты. Қимақтардың қол астындағы барлық халық иеліктерге бөлінді. Шығыс Қазақстандағы қимақ кезеңінің ескі қорымдары оларда жерлеу салтының әртүрлі болғандығын көрсетеді. Мұның өзі қимақ одағына енген тайпалардың көп екенін дәлелдейді.
Қимақ қағаны нақты билікті иеленді. Ол жер иеліктерін тайпа көсемдеріне әскери қызметте сіңірген еңбегіне қарай үлестірді. Өзі қағанаттың жоғарғы бас қолбасшысы саналды. Иелік билеушілері қаған әскеріне белгіленген мөлшерде жасақ беріп отырды.
IX ғасырда «қимақ билеушісінің» әскері рулар жасағы ретінде құрылып, «салт аттылардан» тұрды. Деректерде қимақтардың жауынгерлігі мен қағанның күш-қуаты атап көрсетіледі. Онда «Қимақ әміршісі - ұлы патшалардың санатында және беделі жағынан даңқтылардың бірі» екені айтылған.
Қимақтардың темір сауытты атты әскері, көптеген қамал-қалалары болды. Алакөл аймағын тұтас қамал-қалалар жүйесі қорғады.
Деректерде қимақ еліндегі «он бір басқарушылар» туралы айтылады. Жергілікті жер билеушілері билікті мұрагерлік жолмен өз балаларына қалдырды. Алайда олардың билігін қаған бекітетін еді. Мұндай билік жүйесі бөлінуге әкелді.
Шаруашылығы мен мәдениеті.



Араб ғалымы әл-Идриси 16 қимақ қаласын атайды. Бұл қалалардың басым бөлігі Ертіс және Алакөл аймағында орналасты. Қимақтардың егіс алқаптары, қалалары мен қоныстары туралы айтылады. Қағанның Ертіс бойындағы ордасы Имақия қаласы туралы араб саяхатшылары жазып қалдырған. Қимақтар негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты.

Қимақтар көне түркі әліпбиін пайдаланды. Ертіс бойы мен Тарбағатай тауларынан ІХ-Х ғасырлардағы көне түркі жазулары табылған.





Қимақтар Тәңірге табынып, ата-баба рухына сиынды.



Сыртқы саясаты. Сыртқы саясатта қимақ қағандары айтарлықтай батылдық танытты. IX ғасыр ортасына қарай олар шығыста Алтайдан, батыста Жайыққа дейінгі тайпаларды біріктірді.
Қимақтардың Енисей қырғыздарының еліне баса-көктеп кіруі туралы деректер тарихтан белгілі. Қимақтар оғыздармен бейбіт қарым-қатынас орнатты.
Көрші мемлекеттер қимақтардың жеріне шабуыл жасап отырған. Мәселен, қарахандықтар қимақ жеріне бірнеше рет әскери жорықтар жасап, Ертіске дейін жетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет