Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет22/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

630 жылы Жетісу өңірінде болған будда монағы осы аймақтың қалалары туралы алғаш рет сипаттап жазды. Ол: «Мөлдір теңізден (Ыстықкөл) солтүстік-батысқа қарай 500 ли жүргеннен кейін Суйе (Суяб) өзені бойындағы қалаға келдік. Бұл қаланың ауқымы 6-7 ли. Онда түрлі елдердің саудагерлері аралас тұрады. Суйенің тура батысында бірнеше ондаған жеке қалалар орналасқан. Олардың әрқайсысының өз ақсақалы бар. Олар бір-біріне тәуелді болмағанмен, бәрі де тудзююге (қағанға) бағынады».



§ 9. Көне түркі дәуіріндегі жазу


Руна жазуы. Қазіргі қазақтардың арғы ата-бабалары пайдаланған жазудың ежелгі үлгілері Орхон-Енисей немесе көне түркі руна жазуы деп аталады.



VІ-VІІ ғасырларда Орталық Азияның, Төменгі Еділ бойының, Солтүстік Кавказдың түркі тілдес тайпалары өз жазуын пайдаланды.

Жазудың қажеттілігі әкімшілік және дипломатиялық істер барысында пайда болды. Мұнда діни сарындар да айтарлықтай рөл атқарды.


Түрік елшілеріне сенімхаттар берілді. Мәселен, 568 жылы Византия императоры сарайына келген түрік елшісі Маниах қағанның жолдау хатын алып келген. Көне түркі жазуын Бұғыты ескерткішінен байқай аламыз.
582 жылы алғашқы түркі қағандарының ерлік істері жазылған құлпытас орнатылды. Бұғыты аталған осы құлпытастан бастап көне түркі жазба деректері басталады.
Көне түркі руналық әліпбиі бірінші мыңжылдықтың ортасында пайда болды. Алғашқылардың бірі болып көне түркі жазуын еуропалық ғалымдар XVIII ғасырда зерттей бастады. Алайда олар бұл жазудың қандай тіл тобына жататындығын анықтай алмады. Құпия жазуды руна ретінде қабылдап, қателік жіберді. Себебі олар герман және скандинавиялық руна жазуына өте ұқсас еді (руна сөзін runa - «құпия» деген гот сөзімен байланыстырады). Кейін анықталғандай, руна жазуы көне түркілерде ерте заманнан болған және ол Түрік қағанатының барлық өңірінде кең тараған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет