Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет25/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

Неміс ғалымы Г. Дерфердің пікірінше, тәңіршілдік - адамзаттың бір құдайға табынушылық діндерінің бірі. Тәңіршілдік басқа әлемдік діндерге әсерін тигізіп, оларды жетілдірді. Қыпшақ тайпалары Тәңірге табыну дәстүрін ұзақ уақыт сақтап келді.
Буддизм. Соғдылар Орталық Азияның біраз елдерінде будда ілімін таратты. Будда ілімі осы аумақта қоныстанған халықтардың материалдық және рухани мәдениетін байытты.
VІІ-VІІІ ғасырдың басында Жетісу мен Орта Азияда жүзге жуық монастырь жұмыс істеп, мыңдаған монахтар болған. Будда ілімінің бұл аймақта тарағаны жөнінде осы өңірден табылған қолжазбалар куә бола алады. Түркілер бұл діннің негізгі қағидаларын аударған. Будда мәтіндерінде жергілікті түркі дүниетанымының әсері байқалады.
Манихейлік және зороастризм. Түркілер арасында манихейлік дін де тарады. Бұл діннің негізі III ғасырдың соңында ежелгі Иран жерінде қаланды. Алайда манихейлік дін бейнелеу өнері мен музыканы дамытуда үлкен рөл атқарды. Олардың ғұрыптарында бұл өнер түрлеріне үлкен мән берілді. Манихейлік кейін барлық жерде жойылғанымен, бұл ілім бірқатар халықтардың діни және мәдени өміріне айтарлықтай ықпал етті.
Ортағасырлық Қазақстан қалаларының тұрғындары арасында зороастризм дінінің өкілдері де кездесті. Бұған олардың Тараздағы қабірі дәлел бола алады. Зороастризм діні б.з.б. VII-VI ғасырларда ежелгі Иран аумағында пайда болды. Ескерткіштері Сырдария қалалары мен Жетісу өңірінен табылды. Археологтер зороастризмнің жерлеу рәсімдеріне арналған қыш жәшіктер мен ғибадатхана мұнараларының қалдықтарын тапқан.
Христиан діні. V ғасырдың ортасында христиан шіркеуінен несториан ілімі жеке бөлінді. Бұл бағыт патриарх Несторийдің есімімен аталды.
Несториандықтар шіркеудің байлығы мен діни ғұрыптарды мойындамады, өйткені Иса қарапайымдылыққа шақырған болатын. Олар кресті де қабылдамай, тостағанды (грааль) қасиетті санады. Византиядан қуылғаннан кейін несториандықтар Арабия, Сирия және Иранда орнығып, өз ықпалын жүргізді. Осы жерден несториан ілімін бүкіл Орталық Азияға тарату жүзеге асырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет