Гурхан билігінің күшеюі
|
Салықтарды жеткізу жергілікті ақсүйектерге тапсырылды.
|
Қарахандықтар билігін сақтады.
|
Халықты тонауға тыйым салынды.
|
Қатаң салық жүйесі орнықты
|
Мемлекеттің құлауы. XII ғасырдың ортасынан бастап қарақытайлар өздерінің салық саясатын өзгертіп, ашық тонауға көшті. Қарақытайлар исламға түсіністікпен қарады, алайда XII ғасыр соңында мұсылмандарды қудалау басталды. Жетісуда қарақытайларға қарсы мұсылман қозғалысы күшейе түсті.
Бейбіт тұрғындарды тонаушылық, шапқыншылық және мұсылмандарды ығыстыру қарақытайлардың Жетісудағы билігінің одан әрі әлсіреуіне әкелді. Қарақытайлар Хорезмшахтар мемлекетінің билеушісі Мұхаммедпен соғысты бастап, жеңіліске ұшырады. Самарқан билеушісімен одақтаса отырып, Хорезмшахтар мемлекетінің әскері Таласқа жақын маңда қарақытайлықтарды талқандады.
|
1208 жылы Монғолиядан Шыңғысхан ығыстырған Күшлік басқарған наймандар Жетісуға келеді. Олардың келуімен Жетісудағы жағдай күрт өзгерді. Қарақытайлар Жетісудағы саяси ықпалынан айырылды.
Күшлік хан және оның одақтастары қарақытай билеушісін тұтқындады. 1212 жылы Қарақытай мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. Жетісудағы билік найман билеушісі Күшлік ханға өтті.
Жетісу жері қырғын соғыстар, бүліктер мен мұсылмандар көтерілістерінің ошағына айналды. Осы жағдай 1218 жылға дейін, яғни Шыңғысхан Жетісуға келгенге дейін жалғасты.
Оқиға куәгерлері мен тарихшылардың деректері
Орталық Азиядағы тайпалардың көші-қоны туралы XII ғасыр басындағы араб авторы әл-Марвази былай деп жазды: «...Құндар (қидандар) Қытай жерінен келді. Олар несториан христиандары болатын, өздерінің тұрған жерінен көшпелілердің қысымымен кетті. Сонда құндар сарылардың (қыпшақтардың бір бөлігі) жеріне жылжыды, ал сарылар түрікмендер жеріне кетті. Түрікмендер ғұздардың (оғыздардың) жеріне ойысты. Ғұздар Армян теңізі (Қара теңіз) жағалауына жақын бажноктар (печенегтер) жеріне қоныс аударды».
Ортағасырлық автордың бұл хабарында «халықтардың қоныс аударуының» бүкіл бір дәуірі, VІІІ-ХІ ғасырларда Еуразияны шарпыған ұлан-ғайыр көші-қон тарихы орын алған. Бұл көші-қонда қидандар батысқа қарай жылжыды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |