Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Талас алқабындағы Тараз қаласы түргеш, қарлұқ



бет38/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

Талас алқабындағы Тараз қаласы түргеш, қарлұқ, кейін қарахандықтардың экономикалық және мәдени орталығы болды. Сауда жолы Тараздан солтүстік бағытта - Ертіске, одан әрі Енисейдегі қырғыздарға өтті.



VII ғасырдағы Қытай жол көрсеткіш кітапшасында «Ақ өзендегі қала» - Испиджаб көрсетілген. Оны кейін «Сайрам» деп атаған. Испиджаб ірі негізгі сауда орталығы болды. Осы жерден жол одан өрі Сырдария арқылы өрлеп, Арал бойына жетті. Сырдария жағалауымен өткен керуен жолында ірі қалалар Отырар (Фараб) мен Шауғар орналасты. Бұл қалалардан оғыздар орталығы Янгикент қаласына қарай жол өтті. Х-ХІІ ғасырларда Ұлы Жібек жолының бұл тармағында Сауран, Жент, Ашнас сияқты қалалар бой көтерді.

Жетісудың Науакент қаласынан шыққан жол Суябқа жетті. Бүгінде жартылай қираған сарайлар, мешіттер мен мұнаралар, сондай-ақ құлпытас орнатылған ауқымды қорымдар сол кездегі қайнаған өмірді еске түсіреді.


Жібек жолы Алмалы арқылы өтіп, Талхиз қаласына жетті. Жол Талхизда тармақталды.
Оңтүстік тармақ Есік, Түрген арқылы Іле өзені өткеліне бағыт алды. Солтүстік тармақ Талхизден Талғар өзені бойымен Қапшағай шатқалына дейін жетті. Одан әрі жол Қоялыққа (қарлұқ
билеушісі ордаларының бірі) бағытталды. Бұл қаланың даңқы базарларымен әйгілі еді. Қоялықтан Жібек жолы Алакөлді айналып, Жоңғар қақпасы арқылы ішкі Қытайға жол тартты.
Ұлы Жібек жолының Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін негізгі бағытынан басқа тармақтары да болды.
Бұл жолдар Орталық және Шығыс Қазақстан өңірлеріне дейін жетті. Мал мен жүн, тері-терсек, металға бай бұл аудандар Жібек жолы жүйесіне енді.


§ 17. Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы

Ұлы Жібек жолының тарихында оны түркі мемлекеттері толықтай дерлік бақылауда ұстаған үш кезең болды: VІ-ХІІІ ғасырдың басындағы түркі қағанаттарының; XIII ғасырдың екінші ширегі мен XIV ғасырдағы Монғол империясының; XIV ғасырдың үшінші ширегі мен XV ғасырдың басындағы Әмір Темір мемлекетінің бақылауындағы кезеңдер.


Ұлы Жібек жолы мыңдаған шақырым қашықтықты қамтыды. Саудагерлердің көпшілігі жолдың ұзақтығынан тауарларын жарты жолда ауыстырып алуға тырысты.



Жібек жолы түркі бөлігінің халықаралық саудада маңызы зор еді. Ұлы Жібек жолы сауданың дамуына, көптеген қалалардың пайда болуына, өркендеуіне жол ашты. Бұл жол мемлекеттердің қалыптасуында, әлемдік өркениеттің дамуында үлкен рөл атқарды. Шығыс пен Батыс мәдениеті арасындағы байланыстырушы көпір саналды.

Жол бағыттарында қалалар мен тұрақтар, сауда орталықтары ғана емес, ғылым мен мәдениет ошақтары да орналасты. Мәселен, Отырар ұлы ғұлама әл-Фарабидің отаны.


Жібек жолы бойымен діни наным-сенімдер, тауарлар және олардың өндірілуі туралы ақпарат, атап айтқанда, жібек, түрлі түсті шыны, қағаз, оқ-дәрі т.б. дайындау тәсілдері таралды.
Жібек жолымен қытайлықтар бүкіл әлемге өздерінің ойлап тапқан жаңалығы - қағазды таратты. Қағаз өндірісі Қытайдан Орталық Азияға келді. Ол жерден қағаз Батысқа тарап, бұрынғы жазу материалы пергамент пен папирусты ығыстырып шығарды.
Адамдар мен идеялардың еркін қозғалыста болуы аса көрнекті энциклопедияшы ғалымдар, ақындар мен философтар жөне олардың мектептерінің пайда болуына ықпал етті. Әбу Райхан әл-Бируни мен Ибн Синаның (Авиценна) еңбектері бүкіл Шығыс әлемі және Батыс Еуропа медицинасына зор әсер етті.
Қытай мен Үндістанға теңіз жолы ашылмас бұрын Ұлы Жібек жолы Орта Азия, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу арқылы бүкіл Еуропаға өтіп, XV ғасырға дейін жұмыс істеді.
«Жібек жолы» бағдарламасы. Ұлы Жібек жолына тармақтары өткен Қытай Халық Республикасы, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан Республикалары Ұлы Жібек жолын әлемдік мұра тізіміне енгізуге ЮНЕСКО-ға ұсыныс енгізді. Ұлы Жібек жолының өркениет тарихындағы орасан зор рөлін ескере келіп, ЮНЕСКО халықаралық ұйымы «Жібек жолы» бағдарламасын қабылдады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты - Ұлы Жібек жолы бағыттарымен жүзжылдықтар бойы елдер мен халықтар арасында байланыстың, сауда қатынастары мен өзара мәдени ықпалдастықтың болғанын ашып көрсету. Бағдарламаның іске асырылуын түрлі мамандардан құралған халықаралық ұйымдар қадағалап отырады.
Ұлы Жібек жолының маңызды бөліктерінде бірқатар ғылыми семинарлар өткізілді. Бағдарламаның «Ұлы Жібек жолы» атты қорытынды конференциясы Парижде ұйымдастырылды. Онда үлкен көрме ашылды. Көрмеде Орталық Азия халықтарының бірегей мәдени жетістіктері көрсетілді.
ЮНЕСКО ежелгі халықтар қалдырған құнды мұраны зерттеумен қатар, сақтауға да ерекше көңіл бөледі. Қазақстан ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне «Ұлы Жібек жолының» 30-дан астам тарихи және археологиялық ескерткіштерін енгізді.
Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан Батыс Еуропа - Батыс Қытай жолының Қазақстан жері арқылы өтетін бөлігі мыңдаған шақырымды құрайды.
Ұлы Жібек жолы XXI ғасырда да бүкіл адамзат назарын өзіне аударуда
Қазақстан аумағы Батыс пен Шығыс мәдениетін біріктіріп, Еуразия құрлығын байланыстыратын көпір болды. Әлемдік қауымдастық осы көне жолдың қажеттілігін қайта сезінуде.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет