Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Хорезмшахтары мемлекетінің билеушісі бұл саясатта мына мақсатты көздеді



бет35/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

Хорезмшахтары мемлекетінің билеушісі бұл саясатта мына мақсатты көздеді:

  • қыпшақтардың бүкіл ақсүйек қауымын ислам дініне енгізу;

  • мемлекеттің қуаттылығын әлсірету;

  • қыпшақ әскерін өз мүддесіне пайдалану.

Қыпшақ хандары Хорезмге қарсы күресті жалғастыра берді. Қыпшақтар мен хорезмдіктердің күресін монғолдардың жаулап алушылық жорықтары тоқтатты.
Қыпшақтардың славян тайпаларымен қатынастарын ғалым В.А. Пархоменко «Жылнамалардағы қыпшақ эпосының іздері» еңбегінде: «Біздің жылнамалар XII ғасырда Русьтің ақсүйек тобы мен қыпшақтар арасында тығыз байланыстар болғандығына ешқандай күдік тудырмайды. Русьтің Даламен үнемі дерлік жаугершілікте болғандығы ойдан шығарылған жалған тұжырым» деп сипаттады.
Көне славян әскери лексикасының қайнар көздері славян-түрік бірлігі дәуіріне жатады. Орыс тіліндегі әскери іске байланысты «колчан», «булат», «караул», «есаул», «атаман», «богатырь» және т.б. бірқатар ұғымдар көне түркі тілдерінен алынған. О. Сүлейменов «Аз и Я» кітабында «бейбітшілік пен достық кезінде ғана славян тіліне түркі сөздері ене алды» деп атап өтеді. Бұл деректер монғол дәуіріне дейін түркілер славяндармен тығыз қарым-қатынаста болғандығын айғақтайды.



Қыпшақтар ХІ-ХІІІ ғасырларда Дунайдан Алтайға дейінгі кең-байтақ аумақты қоныстанып, әлемдік өркениеттің дамуына орасан зор үлес қосты.


Оқиға куәгерлері мен тарихшылардың деректері
Ибн Хордадбек IX ғасыр ортасында «Жолдар мен аймақтар» кітабын жазды. Бұл кітапта Әмудария өзенінің арғы және бергі бетін мекендеген қыпшақ тайпалары мен оның 16 қаласы жайлы мәліметтер келтірген.
Ибн Батута: «Дешт ... түркі тілінде дала мағынасын білдіреді. Дала бұл жасыл, гүлденген аймақ, онда ағаш та, тау да, төбе де, белес те жоқ... Бұл далада арбамен ғана жүреді, ал ол алты айлық жолға созылады...» деген дерек келтіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет