Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


§ 16. Ұлы Жібек жолының түркі бөлігі



бет37/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

§ 16. Ұлы Жібек жолының түркі бөлігі


II-V ғасырларда Жібек жолы шығыста Хуанхэден басталып, Қашғария мен Ферғанаға, одан әрі Самарқан, Бұхара арқылы Сирияға өтті.
VІ-ХІІІ ғасырларда Қытайдан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы Батысқа өткен жол қызу тіршілікке толы болды. Жолдың мұндай сипаты бірнеше себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, Жетісуда түркі қағандарының ордалары орналасты. Олар сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Екіншіден, VII ғасырда Ферғана арқылы өтетін жол өзара қақтығыстар салдарынан қауіпті еді. Үшіншіден, бай түркі ақсүйек қауымы теңіздің ар жағынан келген тауарларды көтерме бағамен сатып алып отырды.
Жібек жолы жүзжылдықтар бойы өзгерістерге ұшырады. Жолдың бір бөлігінің маңызы ерекше артса, кейбірі, керісінше, жойылып кетті, ал енді бірі құлдырады. Мәселен, VІ-VІІІ ғасырларда негізгі жол Иранды айналып өтті. Бұл Батыс Түрік қағанаты мен Византияның осы елге қарсы жасалған әскери-сауда одағына байланысты болатын. Құрлықтағы саяси жағдай елшілер мен көпестердің және басқа сапарға шыққан адамдардың жол бағыттарын таңдауынан айқындалды.



VI ғасырдың екінші жартысында түркілер Ұлы Жібек жолының біраз бөлігіне иелік етті. Нақты осы түркі кезеңінде Қытайдан Жетісу арқылы батысқа және Қазақстанның оңтүстігіне өткен Ұлы Жібек жолы бойында жандану байқалды. Бұл жолдың негізгі бөлігі еді және керуен саудасы мен елшілік сапарлары VІ-ХІІІ ғасыр басында осы жермен өтті.

Бұл жағдай Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігінде ежелгі қалалардың тез өсуіне жеткізді.


Ортағасырлың Сырдария қалаларына қазба жұмыстарын жүргізген кезде табылған заттар халықаралық сауданы зерттеуде маңызды дереккөздері болып табылады. Осындай жәдігерлердің қатарына Отырардан табылған күміс көмбе жатады. Күміс теңгелер Түркістан қалалары мен Кіші Азия, Еуропа және Еділ бойы қалаларының ақша сарайларында дайындалды.
Қазбалар барысында тұрмыстық және зергерлік бұйымдар табылды. Оны Ұлы Жібек жолындағы қалалардың өзіндік «сыр сандығы» деуге болады.
Ұлы Жібек жолының бағыттары. Ұлы Жібек жолы жүйесіне керуен жолдарының бірнеше тармақтары енді. Бұл тармақтар тау жоталарындағы түрлі асулар арқылы шөлді айналып өтті.
Жібек жолы Арал теңізі жанынан өтті. Сырдария жағалауымен, одан Шудан Жетісу арқылы Жоңғар қақпасына жетті. Осы аймақ Үндістанның түрлі дәмдеуіштер өндірілетін өлкесі мен тұт агашы өсетін Сары өзеннің (Қытай) жағалауларына апаратын ең ыңғайлы жол болып есептелінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет