Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет43/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

Х-ХІІІ ғасырларда Испиджаб пен Тараз халықаралық сауда жолындағы қолайлы жағдайымен, сондай-ақ ішкі саудадағы басымдығымен де ерекшеленді.
Сырдарияның төменгі ағысындағы оғыздар орталығы - Янгикент X ғасырда ірі сауда орталығына айналды.
Сауда көшпелілермен шегаралас қалаларда анағұрлым қарқынды жүрді. Қала тұрғындары көшпелілерден жылқы, мал, жүн, тері, киіз, аң терісін алды. Ал дала тұрғындары мал өнімдерін өздеріне қажетті мата, нан, ыдыс-аяқ т.б. заттарға айырбастады. Сауда екі жаққа да тиімді еді. Бұл кезеңде қала мен оның төңірегіндегі егіншілер арасында да сауда кеңінен өріс алды. Қалаға егіншілер ауыл шаруашылығы өнімдерін, негізінен, астық пен жеміс әкелді. Қаладан қолөнершілердің қыштан жасаған заттарын, шыныаяқ, зергерлік бұйымдар мен әшекейлерін сатып алды. Жәрмеңке саудасы көшпелілермен шегаралас қалаларда анағұрлым қарқынды жүрді.
Тауарлы-ақша қатынастарының өсуі. X-XIII ғасырдың басында айырбасты тауарлы-ақша қатынастары ығыстырды. Қазақстанның ірі Испиджаб, Отырар т.б. қалаларында теңге сарайлары жұмыс істеді. Айналымға жоғары сапалы күміс дирхемдер енгізілді.
Күміс дирхемдер шығару XI ғасырдың соңына дейін жалғасты. ХІ-ХІІ ғасырдың соңынан бастап дирхемдердің сыртын күміспен жалатып, мыстан соға бастады. Бұған «күміс дағдарысы» деп аталатын күміс қорының азаюы себеп болды.
Қазақстан тұрғындарында, сондай-ақ халықаралық сауда құралы және табыс көзі ретінде алтын динарлар қолданылды. Алтын динарлар теңге сарайларында шығарылды, олардың сапасы мен салмағы бір-бірінен ерекшеленді. Теңге сарайларында мыс фельстер соғылды. Мыс фельстер - айналым мен төлемнің жаппай қолданыстағы құралы, ішкі нарықта ұсақ бөлшек сауда саласында пайдаланылды.
Егіншілік. Көшпелілердің отырықшылануы қала өмірінің өркендеуіне ғана емес, егіншіліктің дамуына да әсер етті.
Қала тұрғындары санының өсуі ауыл шаруашылығы өнімдерін сатуға шығаруды ұлғайтуды талап етті.
Суармалы егіс жүйесі жетілдірілді. Х-ХІІ ғасырларда қалалар төңірегін сумен қамтамасыз еткен арықтар қазылды. Күрделі суландыру жүйесі Отырар аймағынан кездеседі. Бұл өңірден магистральды каналдар, субөлгіштер, суқоймалары, қыш суқұбырлары, суды көтеруге арналған қондырғылар табылған.
Қалалықтардың тұрмысында бақша, жүзім өсіру, егіншілік, жекеменшікте мал ұстау маңызды рөл атқарды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет