Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет51/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

ЕКІНШІ БӨЛІМ


ХІІІ-ХV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН


АЛТЫНШЫ ТАРАУ


ХІІІ-ХV ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ТАРИХЫ


§ 26-27. Қазақстан аумағын монғолдардың жаулап алуы


Монғол мемлекетінің құрылуы. XII ғасырдың соңы - XIII ғасырдың басында Монғолия аумағында Темучиннің билігіндегі ірі көшпелі мемлекет құрылды. Темучин (Шыңғысхан) шамамен 1155 жылы өмірге келді. Ол ерте жетім қалып, жас кезінде көптеген қиыншылықты бастан кешірді. XII ғасырдың соңына қарай монғол даласының билеушісіне айналды.
1203-1204 жылдары керейіттерді, наймандар мен меркіттерді талқандап, Темучин Монғолияның негізгі тайпаларын біріктіруді аяқтады.
1206 жылы көктемде монғол ақсүйектерінің құрылтайында барлық монғолдардың әміршісі болып жарияланды. Шыңғысхан (қаған аталды), кейін бұл оның есіміне айналып кетті. Монғол мемлекеті осылай құрылды. Бұл мемлекет бытыраңқы тайпаларды біртұтас халыққа біріктіріп, өзара қырқыс соғыстарды тоқтатты. Шыңғысхан өз халқына былай деп мәлімдеді: «Мен өз бетінше жүрген ұсақ билеушілерді, мұқтаждықта және езгіде жүрген адамдарды бағындырдым, мен оларды жинап біртұтас еттім». Осы құрылтайда «Яса» («Жасақ») жария етілді.
Ол Шыңғысханның нақыл сөздерінен, әскери және азаматтық заңдардан тұрды. Бұл заңның монғолдарға және қол астындағы халықтарға ықпалы зор болды. Оны Шыңғысхан берік ұстады әрі «өзі шығарған заңдарға бағынудың» үлгісі болды.
Қоғамдық құрылымы. Мемлекет пен тұрғын халық үш әскери әкімшілік аймаққа: оң қанат, сол қанат және орталық болып бөлінді. Әр аймақ бірнеше түменнен тұрды. Түмен 10 мың жауынгерден, әр мыңдық 10 жүздіктен, жүздік 10 ондықтан тұрды. Әскер темірдей тәртіппен және жоғары әскери қабілеттілігімен ерекшеленді. Сол кезге сай әскери техникасы: қабырға бұзатын және от лақтырғыш қарулары бар еді. Бұл қарулар монғолдарда Солтүстік Қытайды бағындырғаннан кейін пайда болды. Мемлекеттің орталығы Қарақорым Монғолияда орналасты.
Деректер Шыңғысханның жорықтарға мұқият дайындалғанын дәлелдейді. Қарсы жақтың ішкі жағдайы мен әскери күштерін әбден білгеннен кейін ғана Шыңғысхан іс-әрекет жоспарын құрды.
Әскери бағыт-бағдарды өзгерте білу, барлауды ұйымдастыру, шыққан тегіне қарамастан істі білетін, батыл адамдарды қолбасшылық қызметтерге тағайындау - осының барлығы Шыңғысханның жеңіске жетуіне ықпал етті.
Халыққа бұйрықтарын жеткізу үшін арнайы жасақ ұйымдастырды. Бүкіл монғол империясында бекеттер жүйесі енгізілді, бұл бекеттерде хабар жеткізушілер аттарын жылдам ауыстыра алды. Шыңғысханға дейін еш жерде жылдам хабар жеткізушілердің мұндай түрі болмаған.
Шыңғысханның және оның мұрагерлерінің замандастары ордадағы адамдардың арасында буддистер, шамандар, христиандар мен мұсылмандар бар деп жазады. Дінге қысымшылық жасамау монғолдардың басып алған жерлерде ұзақ уақыт жүргізген саясатының басым бағыты болды.



Шыңғысхан ғалымдарды бағалады. Өзінің және ақсүйектер балаларының білім алуларына, үлкен табыстарға жетулеріне жағдай жасады.



Шапқыншылық қарсаңындағы Қазақстан аумағы. XIII ғасырдың басында Ертістен Дунайға дейінгі дала кеңістігінде қыпшақтардың жайылымдары орналасты. Монғолдар тарапынан талқандалған наймандар Күшлік ханға ілесіп, Жетісу жеріне келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет