Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет50/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

Ұлы Жібек жолы Еуразияны біріктірді.
Орта ғасырларда әлемнің төрт патшалығы тұжырымдамасы қалыптасты. Оған дүниенің төрт бұрышында орналасқан төрт әлемдік монархия негіз болды. Олар - оңтүстіктегі (Үндістан) пілдер патшасының империясы, батыстағы (Византия) асыл заттар патшалығы, солтүстіктегі (Түрік қағанаттары) жылқылар патшасы, шығыстағы (Қытай) адам патшасы. Жібек жолы осы төрт патшалықты біріктірді.



Жібек жолы бойымен діни наным-сенімдер де тарады, ал миссионерлер өз дінін теңіздің ар жағындағы елдерге жеткізді. Үндістаннан Орталық Азияға будда; Батыс және Шығыс елдерінен христиан, кейін ислам діндері келді.

Сириялық бай-көпестер мен қолөнершілердің Жерорта теңізі жағалауларынан Қытайға дейінгі аралықта өз сауда-саттық орындары болды. Бұл жолдың бүкіл өн бойында сириялықтар дін мен жазуды таратты. Оның белгілері Ұлы Жібек жолында көптеп кездеседі. Жібек жолында түрлі мәдениеттердің араласуына қолайлы негіз жасалды.


Көне қорымдар мәдениеттердің өзара ықпалдасуын зерттеуде негізгі тарихи деректердің бірі болып табылады. Мәселен, Черниговтагы X ғасырға жататын қорғандардың бірінен тұрмыс заттары мен ыдысаяқтар табылған. Барлық заттарда түркі аңыздарының мифологиялық көріністері бейнеленген. Бұл қорған Чернигов воеводасына (әскербасына) тиесілі болған.
Екі халықтың өзара қарым-қатынасында бір-бірінен тұрмыс заттары мен олардың атауларын үйренулеріне болады, алайда жерлеу ғұрпын алу мүлде мүмкін емес.



Материалдық және рухани мөдениеттердің өзара ықпалдастығы мен бір-бірін байытуы Еурзия құрлығының бүкіл дерлік халықтарының VІ-ХІІІ ғасырлардағы мәдениет ескерткіштерінен көрініс тапты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет