§ 23-24. ІХ-ХІІІ ғасыр басындағы ғылым және әдебиет
ІХ-ХІІІ ғасыр басында Отырар, Испиджаб, Тараз, Бұхара, Самарқан және басқа қалалар ғылым мен мәдениеттің орталықтарына айналады. Мұнда ұлы ғұламалар әл-Фараби, Әбу Райхан Бируни, Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Иүгнеки, Қожа Ахмет Йасауи өмір сүрді. Олардың барлығы түркілік ортадан шықты.
Ғылым мен әдебиеттегі жетістіктердің барлығы қазіргі түркі халықтарының ортақ игілігі болып табылады.
Түркілер рухани мәдениеттің ерекшелігін сақтап қалды. Жүсіп Баласағұни мен Әлішер Науаи шығармалары мен ғылыми еңбектерінде өздерін тек түркі ретінде танытты. Сол кездегі басқа да көрнекті ғұламалар өздерін түркі, ал тілін түркі тілі деп мақтаныш сезіммен айтты.
Әл-Фараби. Шығыс ғалымдары арасында әл-Фараби ерекше орын алады. Оның еңбектері ортағасырлық ғылымның негізін қалады. Әл-Фарабидің ықпалымен Ибн Сина, Омар Хайям т.б. көптеген ойшылдардың көзқарастары қалыптасты.
Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы Фараб (Отырар) қаласында аса көрнекті ғалымдардың, ақындар мен ойшылдардың тұтас бір шоғырының отанында өмірге келді.
Астрономия, логика, музыка теориясы, математика, әлеуметтану, этика, медицина, психология, философия және құқық - мұның бәрі әл-Фараби айналысқан ғылым салаларының толық тізімі емес. Ол Аристотельдің «Органон» ілімінің бүкіл кешенін жинап, ретке келтірді. Оның барлық кітаптары бойынша түсініктемелер жазды. Сіңірген еңбегінің ауқымдылығы соншалық, оған «Екінші ұстаз» атағы берілді.
|
Фараби әлемдік деңгейдегі ғалым болды, араб, парсы, грек, үнді және түркі ғылымы мен мәдениетінің жетістіктерін жақындастырып біріктірді. Ол өз кезінің барлық білімін жүйелеп берді. Мұның бәрі оның «Ғылымдардың жіктемесі туралы сөз» трактатында көрініс тапты. Әл-Фараби ғылымдарды теориялық (логика, математика) және практикалық (этика, саясат) деп бөлді.
Әл-Фараби бақытты болу жолдарын ойластыра келе бақытты танудың мүмкіндігі туралы тұжырым айтты. Оның адамның табиғаты, интеллектуалдық және этикалық жетілу, билеушінің мұраты туралы ой-тұжырымдары «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету туралы» еңбектерінде айтылған.
Әбу Райхан Бируни. Орта ғасырлар энциклопедияшысы Әбу Райхан Бируни 27 жасында «Өткен буындардың ескерткіштері» атты тамаша еңбегін жазып шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |