Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет41/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

ХІ-ХІІ ғасырлардағы қала махалласының қалдықтары табылған. Махалланың әрқайсысында онға дейін үй болған. Қала тұрғындары туыстық қарым-қатынас арқылы ортақ кәсіппен, дінмен байланысты топтасты.
ХІ-ХІІ ғасырлардағы Жетісудың Талхиз қаласына жүргізілген қазба жұмыстары қаланың көптеген махаллалардан тұрғандығын дәлелдеді. Аулалар тұтас қабырғалармен қоршалған. Оларда мал қоралары орналасты. Кейбір үйлердің аулаларынан киіз үй белгілері табылған. Жетісу қалалықтарының тұрмысында өтпелі кезеңге тән шаруашылық дәстүрі сақталды.
Қалалар мен қала мәдениетінің дамуын монғол шапқыншылығы бұзды. Еуропадан Азияға теңіз жолының ашылуына байланысты Ұлы Жібек жолы құлдырады. Жібек жолының қажеттіліктерімен өмір сүріп, керуен саудасына ғана тәуелді болған қалалар күйзеліске ұшырады.


§ 19. Сәулет өнері (Х-ХІІІ ғасырдың басы)


X-XIII ғасырлардағы Қазақстан қалалары сол кездегі абаттандырудың жоғары деңгейімен ерекшеленді. Үйлерде құбыр және жылыту жүйелері болды. Ірі қалаларда суқұбырлары салынды. Ол үшін жер астымен өтетін күмбез тәрізді үңгір жолдар қазылып, қыш құбырлар төселді. Мұндай жолдардың қалдықтары Отырардан, ал Тараздан Х-ХІІІ ғасырлардағы суқұбыры табылды. Мұнда қыш құбырлар тастан және ағаштан жасалған арнаиы қондырғыға орналастырылып, үсті тас тақталармен жабылған.
Суқұбыры жүйесі қала орталығына биіктен бірте-бірте еңкіштей тартылып, үйлерге судың өз ағынымен берілуін қамтамасыз етті.
Қаратаудың солтүстік беткейлеріндегі Баба-Ата қазбалары қала тұрғындарының суқұбырын пайдаланғандығын көрсетеді. Таспен қоршалған құдықта жиналған бұлақ суын суқұбыры арқылы рабад аумағына жеткізген.
Үйлерде әдетте қарапайым кәріз қондырғылар орнатылған. Х-ХІІІ ғасырдың басында моншалар салынды.
Археологтер қалалықтардың монша салудағы жоғары мәдениетін атап өтеді. Мәселен, Тараздағы моншаның жалпы көлемі - 152 шаршы метр. Моншаның өрнекті әшекейлермен көмкерілген бөлмелері болды.
Ибн Сина моншада «бірқалыпты температура, самаладай жарық, шешініп, киінуге арналған кең бөлме, қабырғаларында көркем салынған суреттер болуы тиіс» екендігін жазған.
Археологтер Тараз, Отырар, Баласағұн қалаларынан моншалар тапты. Моншалар еден астына орнатылған жылу құбырлары жүйесімен жылытылды. Су құдықтан алынды немесе суқұбырымен әкелінді.
Сәулет өнері. Кесенелер. Х-ХІІІ ғасырларда күйдірілген кірпіш, ағаш, гипс, алебастр құрылыс материалы ретінде қолданысқа кеңінен енді. Қабырғаларды өрлеуде терракота (күйдірілген балшықтан жасалған тақтайшалар) мен бедерлі кірпіштер қолданылды. Қазбаларға қарағанда өңделген кірпіштердің 30-ға жуық түрі болған.
Жаңа ошақ түрлері - домалақ және тікбұрышты мұржасыз темір пештер пайда болды. Бұл пештер өсімдік және геометриялық өрнектермен безендірілді.
Мешіттер мен медреселер Х-ХІІІ ғасыр басындағы қала құрылысында жаңа үлгіге айналды. Ең көне мешіттерді археологтер Кедер және Күлтөбе қалаларынан тапты. Көне мешіттер қарапайымдылығымен сипатталады. Оларды әшекейлеу ісінде күйдірілген кірпішті бедерлеп қалау қолданылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет