Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


XV ғасырдың 30-жылдарының ортасында



бет60/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

XV ғасырдың 30-жылдарының ортасында билік Есенбұғаның қолына өтті. Есенбұға хандық құрған 50-жылдардың соңында Керей мен Жәнібек сұлтандар басқарған қазақтардың бір бөлігі Жетісуға көшті.
XVI ғасырдың басында моғол билеушілері Оңтүстік-шығыс Қазақстандағы өз иеліктерінен айырылды. Шайбани ұрпақтары мен қазақтардың қысымымен моғолдар Жетісудан ығыстырылып, Шығыс Түркістанға қоныс аударды. Моғолстанның соңғы хандарының бірі Қашғарияға басып кіріп, жаңа мемлекеттің негізін қалады. Тарихта ол мемлекет Қашғария деп аталды.



XVI ғасырдың 20-жылдары қазақтар моғолдарды Жетісудан толықтай ығыстырды. Жетісу жерінде қалған моғол тайпалары бірте-бірте қазақтармен араласып кетті. Моғолстан өмір сүруін тоқтатты.

Моғолстан құлауының көптеген себептері болды. Олар - Шағатай әулетіндегі өзара тартыс, Әмір Темірмен соғыс және ойрат шапқыншылықтары, тұрақсыздық пен ауыр салықтарға халық наразылығы және осыған байланысты жаппай қоныс аудару түріндегі қарсылық.


Орталық Азия тарихында Моғолстан маңызды рөл атқарды. Қазақтың Ұлы жүзін құраған Жетісу тайпаларының бірігу үрдісі аяқталды. Моғолстан этникалық жағынан біртекті мемлекеттер - Қазақстан мен Қырғызстанның қалыптасуына жағдай жасады.


§ 32. Әмір Темір және ұрпақтарының мемлекеті


Мемлекеттің құрылуы. XIV ғасырдың 40-жылдарының ортасында Шағатай ұлысы екі мемлекетке: Батыс және Шығыс болып бөлінді. Батыс бөлігінде, яғни Мауараннахрда билік әмірлер қолында болды. 1370 жылы Мауараннахр әмірлерінің ұзаққа созылған өзара қырқысы Әмір Темірдің жеңісімен аяқталды.
Әмір Темір монғолдың түркіленген барлас тайпасынан болатын. Ол Орта Азияда 1370-1405 жылдары билік құрды.
Замандастарының айтуы бойынша басшылық қабілет Әмір Темір бойынан ерте байқалған. Ол өжет те батыл болып өсті. Әмір Темір өзінің саяси өсу жолын XIV ғасырдың 60-жылдарының басында барлас тайпасына билігін орнатудан бастады. Жарақат алу нәтижесінде оның оң аяғы сол аяғынан қысқа болып, Ақсақ Темір атанды. Оны еуропалықтар Темірлан деп атаған.
Мемлекет билеушісіне айналған Темір әмір атағын қабылдады. Алғашында ол хан тағына Шыңғысхан ұрпақтарын отырғызып, «өзін тақ иесінің өкілімін» деп атады. Дәстүр бойынша мемлекет билеушісіне көрсетілетін құрметтерді Әмір Темір үнемі өзі қабылдады. Әскер байқауында Әмір Темір өзі жүргізді.
Әмір Темірдің ұраны «әділдік және күш» деп айтылды. Ұран мөрге және Әмір Темірдің сақинасына бедерленді. Шағатай ұлысының батыс бөлігі - Мауараннахрда XVI ғасырдың басына дейін Әмір Темір үрпақтарының әулеті билік құрды.
Мемлекеттің саяси жүйесі. Әмір Темір бұрынғы саяси жүйені өзгертті. Билік басындағыларды Әмір Темірдің жақын серіктері мен оның отбасы мүшелері құрады. Ол бұрынғы рулық-тайпалық ақсүйек қауымын биліктен ығыстырды. Әмір Темір арнайы мақсаттағы тұрақты әскер жасақтады.
Әмір Темір әулеттік, діни, әскери ұстанымдарға сүйенді. Әулеттік ұстанымның ерекшелігі сонда, Әмір Темірдің ұрпақтары мен жақын туыстарының өміріне ешкім қол сұға алмады.
Діни сенімі жағынан Әмір Темір ислам діні мен оның өкілдеріне құрметпен қарады.



Әскери ұстанымы бойынша оның әскерінде монғол тәртібі үстемдік етті. Әмір Темір өзін Шыңғысхан империясының дәстүрін қалпына келтіруші ретінде есептеп, соның нәтижесінде жеңіске жеткенін мойындады.



Әмір Темірдің жорықтары. XIV ғасырдың 70-жылдары ол әскери ұрыс қимылдарын бастады.
Әмір Темір жорықтарының ауқымы Ертістен Делиге дейінгі, Рязань жерлерінен Жерорта теңізіне дейінгі көптеген елдерді қамтыды. Бірақ Әмір Темір өз мемлекетіне Каспий бойы аймағын, Иран мен Ауғанстанды ғана қосып алды. Оның Моғолстан, Ақ Орда, Алтын Орда, Сирия, Үндістанға және басқа аумақтарға жорықтары шапқыншылық сипатында өтті.
Әмір Темір Алтын Ордаға үш рет жойқын жорық жасады. 1395 жылғы соңғы жорығы нәтижесінде Алтын Орда күйреді. Осы жорықтар кезінде Әмір Темір Алтын Орданың барлық қалаларын қиратты, Қазақстан, Кавказ және орыс жерлерін тонады. Алтын Орда әлсіреп, қайта қалпына келе алмай құлдырауы басталды. Алтын Орданың құлауы орыс жерлерінің монғолдар билігінен азат етілуіне ықпал етті. Оның тонаушылық жорықтары Моғолстан мен Ақ Орданың құлауына әкелді. Әмір Темір Осман империясына да соққы берді. Еуропаға қауіп төндіріп, осыған дейін жеңілмейтіндей көрінген Баязит сұлтанды талқандады.
Әмір Темір 1405 жылы Қытайға жорыққа жиналған сәтте қаза тапты. Оның соңында алып империя қалды, ұлдары мен немерелерінің өзара билікке таласқан қырқысы басталды. Әмір Темір басып алған елдер мен аймақтардың үлкен бөлігі оның ұрпақтары билігінен ажырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет