Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет78/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

XVI ғасырдың 50-жылдары Ноғай Ордасы бірқатар маңызды өзгерістерді бастан кешірді. Маңғыт мырзаларының бір бөлігі орыс бодандығын қабылдағысы келсе, енді бір тобы қазақтарға қосылуды қалады. Хақназар XVI ғасырдың 60-70-жылдары Ноғай Ордасына қарсы жорықтар жасады. Ол Аралдың солтүстік бойы мен Жайық жерін қосып алды. Соның нәтижесінде ноғай руларының үлкен тобы Қазақ хандығының құрамына қосылды.



XVI ғасырдың 60-70-жылдары Хақназар хан билігін башқұрт пен ноғайлардың кейбір руларына жүргізді. Олардан алым-салық жинап, өзін «қазақтар мен ноғайлардың ханы» атады. Оңтүстік көрші - қырғыздармен де осындай қатынас орнатты, тарихшылар оны «қазақ пен қырғыз ханы» деп те атайды.

Хақназар Сібір ханымен де күрес жүргізді. Оның қол астына бұрын Сібір хандығына енген рулардың басым бөлігі қарады.


Қазақ хандығының оңтүстік шегаралары да тынышсыз еді. XVI ғасырдың 70-80-жылдары аралығында Мауараннахрда Бұхара билеушісі шайбанилық Абдаллах басқарған мықты мемлекет құрылды. Хақназар хан онымен «достық және әскери одақ туралы ант беріскен келісім» жасайды. Бұл одақ Ташкенттің билеушісі Баба сұлтанға қарсы бағытталған болатын. Хақназар осы келісімге сәйкес Абдаллахтың Баба сұлтанмен соғысына қатысты.



Хақназар басқарған қазақ жасағы ташкенттік билеушіні Түркістан мен Саураннан ығыстырып, бұл жерлерді Қазақ хандығына қосып алды. 1579 жылдың соңында Баба сұлтан келісім жүргізу үшін келген Хақназардың екі ұлын өлтіруге бұйрық берді. Ташкент билеушісімен арадағы қиян-кескі күрес барысында Хақназар 1580 жылы қаза тапты.



Хақназар ханның қазақ тарихындағы рөлі. Хақназар Қасымнан кейін құлдыраған Қазақ хандығын біріктіріп қана қоймай, оның шегараларын кеңейте алды. Билігінің соңына қарай хандықтың шегаралары батысында Жайық бойымен, солтүстігінде Есіл бойымен, шығысында Балқаштың арғы жағымен өтті. Оңтүстігінде қазақ иеліктері Ташкентке жақындады. Хақназар хан Мәскеу билеушісі Иван Грозныймен елшілік қарым-қатынас орнатты.
Хақназар билігі қазақ, башқұрт және ноғайлардың тарихында елеулі із қалдырды. Оның есімі қазақтарда ғана емес, башқұрттар мен ноғайлардың есінде де сақталған. Хақназардың ұлдары қазақ жерлері үшін ұрыста қазаға ұшырап, билік Жәнібектің басқа ұрпағына өтті. «Оның ұрпағы бұдан былай хандық етпеді», - деп атап өтеді XVII ғасырдың басындағы тарихшы Қадырғали Жалаири. Алайда Хақназар ханның арқасында хандық аумағы қалпына келтіріліп, кеңейтілді, Қазақ мемлекеттілігі нығайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет