Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Оқиға куәгерлері мен тарихшылардың деректері



бет77/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

Оқиға куәгерлері мен тарихшылардың деректері
Қасым - бекзат адам. XVI ғасырдың басындағы Орта Азия тарихшылары жазғандай: «Қазақ билеушілері Сауранды басып алып, Шайбани ханның інісі Махмұт сұлтанды отбасымен бірге қолға түсірді. Бұрындық хан бұрыннан жау болу себепті, оны өлтіруге бұйырды. Бірақ Қасым ханның шешімімен келіспеді. Ол тұтқынды өлтіру туралы ниетінен қайтып қана қоймай, тіпті Махмұт сұлтанды босатып жіберді». Қазақ сұлтанының бұл әрекеті Шайбани хан тарихнамашыларын таңғалдырды, олар Қасымның кеңпейілділігін лайықты бағалады.
Қасым туралы Мұхаммед Хайдар және басқа да көптеген замандастары, мәселен, Ибн Рузбихан мен Бабыр жоғары пікір білдірді. Қасым ханға байланысты айтылған мадақтардың бірнеше үлгілерін келтірейік: «қазақтар арасында сол кездегі атақты жеңімпаз», «Қасым - қазақ атаулының көзі мен шырағы», «Қасым - Дешті Қыпшақтың аса көрнекті билеушілерінің бірі және сол кездегі аса құдіретті әмірші», «ол құдіреттілігімен даңқы шығып, барлық Дешті Қыпшақ билеушілерінен өзінің ержүректілігімен және қол астындағы халқының көп санымен беделі артты».



§ 44. Хақназар хан (1538-1580 жылдар) тұсындағы Қазақ хандығы

Мұхаммед Хайдар деректеріне сәйкес, 1518 жылы Қасым ханнан кейін таққа оның ұлы Мамаш отырды. Бірақ Мамаш хан 1522 жылғы шайқастардың бірінде қаза тапты.





XVI ғасырдың 20-30-жылдары Жәнібектің ұрпақтары Мамаш хан, Тахир хан, Бұйдаш және басқалары таққа отырды.

Бұл кезең көршілермен арадағы жиі-жиі соғыстармен, мемлекеттің негізгі аумағынан айырылуымен, Қазақ хандығының әлсіреуімен сипатталады. Қазақ билеушілеріне қарсы моғол және өзбек хандарының одағы қалыптасты. Мауараннахр өзбектерімен келісім жасаған моғолдар қазақтарға қарсы соғыс ашты.


Қазақ хандығының билеушілері өзбектерден, моғолдар мен ойраттардан бірнеше рет ірі жеңіліске ұшырады. Мамаш ханның өліміне байланысты үлкен дүрбелең туды, оған хандықтың барлық сұлтан әулеттері тартылды. «Тарих-и-Хайдари» еңбегінде: Тахир_сұлтан_хан_болып_жарияланды»'>«Қазақ хандығында Мамаш хан өлгеннен кейін үлкен келіспеушілік басталды, Дешті Қыпшақ сұлтандары бір-бірімен ұзақ соғысты. Ең соңында Тахир сұлтан хан болып жарияланды», - деп жазады.
Тахир ақсүйектер қауымы және өз халқымен ортақ тіл табыса алмады. Тахирді жақсы білген Мұхаммед Хайдар: «ол табиғатынан мейірімсіз және қатал, еш пендеге сенбейтін адам болатын. Осыған байланысты сұлтандардың одан көңілдері қалды», - деп жазады. Халқы алдындағы беделінен айырылған Тахир хан шет жерде дүние салды.
Хақназар хан (1538-1580). Қазақ хандығын қалпына келтіріп, оны нығайтудың жаңа кезеңі билікке Қасым ханның ұлы Хақназар сұлтанның келуімен байланысты болды. Ол Қазақстан тарихына жігерлі, құдіретті билеуші ретінде енді. Хақназар хан анағұрлым терең ойластырылған саясат жүргізді.
Қасым қайтыс болған жылы Хақназар жас, әкесінен хандық лауазымды әлі мұрагерлікке алмаған еді. Алайда біраз уақыт өткеннен кейін Хақназар қазақ тайпалары арасында өз беделі мен ықпалын нығайта білді.
Хақназар ханның сыртқы саясаты. Хақназар ханның бүкіл саяси қызметі қазақ қоғамын біріктіріп, өз елінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.



Хан тағына отырған Хақназар алғашында Қазақ хандығының Жайық жағасындағы жағдайын нығайтты. Ол жерлерден ноғай мырзаларын Еділдің арғы жағына ығыстырды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет