Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Оқиға куәгерлері мен тарихшылардың деректері



бет73/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

Оқиға куәгерлері мен тарихшылардың деректері
Қазақ мемлекетінің құрылуы туралы Мұхаммед Хайдар былай деп жазады: «Ол кезде Дешті Қыпшақта Әбілқайыр хан билік етті. Жәнібек пен Керей одан кетіп, Моғолстанға келді. Есенбұға хан шын көңілмен қарсы алып, оларға Шу мен Қозыбасы аумағын берді. Олар осында болған кезде Өзбек ұлысы Әбілқайыр хан өлгеннен кейін абыржушылыққа түсті. Онда үлкен қырқыстар басталды. Әбілқайыр ханның қол астындағы адамдардың үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға барып қосылды. Осылай олардың маңына жиналған адамдар саны екі жүз мың адамға жетті. Олар өзбек-қазақтар деп аталды. Қазақ сұлтандарының билігі сегіз жүз жетпісінші жылдан (яғни 1465 жыл) басталады».
«Жәнібек хан мен Керей хан, - деп жазады Махмұд ибн Уәли, - сол аумақта (яғни Моғолстанда) ұзақ тоқтаған кезде Әбілқайыр ханды ұнатпаған адамдардың қай-қайсысы болмасын олардан пана тапты».



§ 42. XV ғасырдың соңы – XVI ғасырдың басында қазақ жерінің біріктірілуі


Сыртқы саяси жағдай. XV ғасырдың соңы - XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығы сыртқы саясатының басты міндеті - Сырдария бойы аумағына өз билігін орнату болды.



XV ғасырдың 80-жылдарынан бастап Сырдария бойындағы қалалар үшін күрес қазақтар мен моғол және өзбектер арасында жүрді. Күрес ауыспалы жетістіктермен өтті де, XV ғасырдың соңына қарай Сырдария алқабы үш мемлекеттің Өзбек, Қазақ және Моғолстан арасында бөліске түсті.

Шайбанилықтар билікті жоғалтқанымен, саяси күресін тоқтатқан жоқ. Шайбанилықтарды басқаруға Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани келді. Ол Әбілқайыр ұрпақтарының Шығыс Дешті Қыпшақтағы билігін қалпына келтіруге ұмтылды. Алайда Мұхаммед Шайбани өз атасының хандығын қалпына келтіре алмады. Қазақ билеушілері сарбаздарының санымен ғана емес, жергілікті тұрғындардың басым бөлігі қолдағандықтан да қуатты еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет