Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


XV ғасырдың ортасында, 1459-1460 жылдары Жәнібек



бет71/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

XV ғасырдың ортасында, 1459-1460 жылдары Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған тайпалар Өзбек ұлысынан Жетісуға көшті. Бұл оқиға қазақ халқының қалыптасу үрдісінде ерекше маңызды рөл атқарды.



Жәнібек пен Керей хандығының нығаюымен оларға бағынышты тұрғындардың барлығы қазақтар деп атала бастады. «Қазақ» термині біртіндеп Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның халқын атау үшін қолданылды.



ХVІ ғасыр басында шайбанилықтар Әмір Темір ұрпақтары мемлекетін жаулап алғаннан кейін «өзбек» этнонимі Шығыс Дешті Қыпшақтан Орта Азия жерінде қолданысқа енді. «Қазақ» атауын біртіндеп Қазақстан аумағында тұрған барлық түркі тілдес тайпалар қабылдады.
Сонымен, VI ғасырдың ортасынан басталған Орталық Азия кеңістігіндегі түркілердің қатысуымен өткен этникалық үрдістер мың жылға жуық жалғасты. Соның нәтижесінде қазақ этносы қалыптасып, Ұлы Дала тұрғындары қазақ атала бастады.


§ 40-41. Қазақ хандығының құрылуы


Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары. Қазақ мемлекеті шығу тегі, өмір сүру салты және мәдениеті жағынан ұқсас түркі тілдес тайпалардың бірігуі нәтижесінде құрылды.
Қазақ халқының мемлекеттілігін дамытуда Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасының құрылуы маңызды кезең болды. Бұл мемлекеттерде ұлыстық жүйе, хандық билік, қарулы күштерді құру мен салық жүйесі ортақ еді.
Қазақ хандығының құрылуы XV ғасырдың екінші жартысында құлдырауды бастан кешірген екі мемлекет - Әбілқайыр хандығы (көшпелі өзбектер мемлекеті) мен Моғолстанның ішкі саяси жағдайымен байланысты болды.
Қазақ хандығының қалыптасуы Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аумағындағы экономикалық және саяси үрдістердің заңды нәтижесі болып табылды.
Қазақ мемлекетінің құрылуы Керей мен Жәнібек сұлтандардың есімдерімен байланысты. Олардың жаңа хандықтың іргесін бекіту жолындағы күресі рулық ақсүйек қауымының да, қатардағы көшпелілер мен егіншілердің де мүдделеріне сәйкес келді.
Олар халықтың дербес мемлекет құруға ұмтылысын білдірді. Бұл жағдай дербес қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудың нақты себебі болып табылды.
Қазақ мемлекетінің құрылу үрдісі. Керей мен Жәнібек Әбілқайыр хандығы әлсіреген кезде Көшпелі өзбектер мемлекетінен көшіп кетті. Бұл сұлтандар қарсылығының бір түрі еді. Хандық билік дала ақсүйек қауымының мүдделеріне қарсы келіп немесе оның құқықтарын шектеген кезде бағыныштылар билеушісін тастап кетеді. Өз мемлекетінен кетуге түрлі себептер: өзара қырқыстар, басшының жағымсыз қасиеттері, билеушінің кек алуынан қауіп және т.б. әсер етеді.
Әбілқайыр хан билігінің құлдырауына және Керей мен Жәнібектің көшіп кетуіне не себеп болды? 1457 жылы Сығанақ маңында Әбілқайыр ойраттардан жеңілді. Осыдан кейін оның беделі мүлдем түсті. Хан ойраттардың баса-көктеп кіруінен зардап шеккен иеліктерін ретке келтіру үшін алым-салықты өсірді. Бұл қол астындағылардың қарсылығын тудырып, мемлекеттің құлауына әкелді.
Хан саясатына қарсы ру-тайпалардың басында Керей мен Жәнібек тұрды. Халықтың басым бөлігі Керей, Жәнібекпен бірге Батыс Жетісуға көшіп кетті.
Моғолстан ханы Есенбүғаның сұлтандарға достық көзқарасының себептері: біріншіден, Есенбұғаның сол кезде солтүстік көршілерінің жылжуына қарсы тұрарлықтай мүмкіндігі болмады. Екіншіден, Есенбұға өзінің иеліктерін қазақ сұлтандарының Әбілқайыр хан және ойраттардан қорғай алатынына сенді. Үшіншіден, Есенбұға өз билігін нығайту
мақсатында «Керей мен Жәнібектің келуін жақсылыққа жорыды». Есенбұға «мәртебелі ханзадаларды игі ниетпен және құрметпен қарсы алып, оларға Моғолстанның батыс бөлігін», Шу мен Талас өзендері алқаптарын берді.
Ұрұс ханның ұрпақтары Моғолстанға көшіп кетті, кейін Әбілқайыр хандығынан келушілер саны 200 мың адамға жетті. Керей мен Жәнібектің жаңа келгендер есебінен күшеюі, Моғолстанның әлсіреуі, XV ғасырдың ортасында ойраттардың тегеуірінін тежеу қажеттілігі қазақ сұлтандарына өз мемлекетін құру міндетін қойды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет