Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


§ 45. Тәуекел хан (1582-1598 жылдар) билігі



бет79/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

§ 45. Тәуекел хан (1582-1598 жылдар) билігі.
XVI ғасырдың соңындағы Қазақ хандығы


Шығай. Хақназар мен оның ұлдарының өлімінен кейін ақсүйек қауымының құрылтайында Жәнібектің немересі Шығай сұлтан 1580 жылы хан болып сайланды. Шығай хан туралы толық деректерді Қадырғали Жалайри келтіреді.
Ол Шығай хан мен оның батырлығы туралы аңыз «қазірге дейін халық жадында сақталғандығын» жазады.
Шығай ханның ұрпақтары көп болды. Бұл әулеттің өкілдері қазақ даласында екі ғасырдан астам уақыт бойы билік құрды. Қазақ хандығының жетістіктері мен күшеюі Шығай хан ұрпақтарының есімдерімен байланысты.
Тәуекел хан (1582-1598). XVI ғасырдың 80-жылдарының басында Шығайдың ұлы Тәуекел қазақтардың Ташкент билеушісі Баба сұлтанмен шайқасына қатысты. Батыл қазақ сұлтаны Тәуекелге шайбанилықтар сарайында «қадір-құрмет» көрсетілді.
1582 жылы Тәуекел Баба сұлтанға қарсы шайқасып, жеңіске жетті. Ол Баба сұлтанды қолға түсіріп, «оның дандайсыған басын алды».
1583 жылдың жазында кезекті жорықтан кейін Бұхараға қайтып оралған Тәуекел Абдаллахтың «арам ниетінен» күмәнданды да, оны тастап, Қазақ даласына кетеді. Тәуекелдің мұндай қадамға баруының себебі: біріншіден, ол Абдаллахтың ықпалында қалса, өз халқының тәуелсіз билеушісі бола алмайтын еді. Екіншіден, Баба сұлтанмен соғыстың аяқталуына байланысты бұхарлықтар мен қазақтардың ортақ жауы жойылған еді. Үшіншіден, қазақ сұлтандары енді Абдаллахты одақтас емес, Сырдария бойындағы қалаларды иелену жолындағы бәсекелес ретінде көрді. Тәуекел Абдаллахқа қарсы күресу мақсатында қол жинауға Мауараннахрдан кетіп қалады.
Тәуекел хандықты басқаруға қиын кезеңде келді. Бір жағынан, шайбанилық Абдаллах мықты одақтастың орнына қаһарлы жауға айналды. Екінші жағынан, қазақтардың моғол және ойраттармен қатынастары шиеленісіп кетті.
Сыртқы саясат. Тәуекел ханның ХVІ ғасыр соңындағы сыртқы саясатының басты бағыттары Сырдария бойы қалалары үшін және Сібір ханы Көшіммен күрес болды.
Тәуекел әскери жорықтары мен оңтайлы дипломатиясының арқасында қазақ жерінің аумағын кеңейтті. Ол ұлдарының бірін қарақалпақ руларының билеушісі, ал інісін қалмақтарды басқаруға қойды. Қазақ ханы Қашғардағы Моғол мемлекетінің ішкі саясатына белсенді түрде араласты.
Тәуекел 1594 жылы Мәскеуге елшілік жіберді. Елшіліктің мақсаты төмендегідей еді: Оразмұхаммед сұлтанды тұтқыннан босату, Мәскеу мемлекетімен әскери одақ келісімін жасау, орыс патшасынан «от қаруды» (оқ-дәрімен атылатын қару) алу.
Қазақ елшілігі «Бұхар патшасымен ұрыс жүргізу» үшін «от қару» керек екендігін жеткізді. Ресей Бұхар және Сібір хандығымен Тәуекелдің өзі ғана соғысуын қалады. «От қаруды» беруге дайын екендігін мәлімдеп, одақтастық іс-әрекеттерге уәде бермеді. Қазақтар Бұхар хандығына қарсы бірлесіп күресу үшін Иран шахымен де әскери одақ құруға тырысты.
Сырдария бойы аймағы үшін күрес. Қазақ хандығы сыртқы саясатының басты бағыты Сырдария бойы қалалары үшін күрес еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет